Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах

Бұйрық · № 319-ө · қабылданған 27.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55007/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах Күшін жойған Бұйрық ·№ 319-ө ·27.09.2010
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах

Күшін жойған Бұйрық ·№ 319-ө · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления минимального местного содержания в кадрах
Атауы (қаз.)
Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
319-ө
Қабылданған күні
27.09.2010
Көрсетілген редакция
29.06.2018 55007_333240.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006553
ЭКБ идентификаторы
55007
Редакция идентификаторы
55007_333240
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:17

0 Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 319-ө бұйрығымен бекітілген
Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы

1

1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.

1-1 1-1. Осы Қағидалар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

2 2. Кадрлардағы жергілікті қамту санаттар бойынша келісім шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергілікті қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.

3 3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:

1 1) бірінші санат - басқарушы құрам;

2 2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;

3 3) үшінші санат - білікті жұмысшылар.

Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелері) ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.
Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.
Үшінші санатқа 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы бойынша бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.

4 4. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:

h = VKC х 100%
Vo
мұндағы
- VKC - тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
- Vo - келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.

Қолданыстағы