Құжат мәтініне өту

О создании некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия"

Қаулы · № 1090 · қабылданған 21.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55040/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О создании некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия" Күшін жойған Қаулы ·№ 1090 ·21.10.2010
24.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1090 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия"
Атауы (қаз.)
"Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1090
Қабылданған күні
21.10.2010
Көрсетілген редакция
24.11.2015 AI55040_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001090
ЭКБ идентификаторы
55040
Редакция идентификаторы
AI55040_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:08

0 "Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.

2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми, мұражайлық және кітапханалық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ түркітану саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің ілгерілеуіне жәрдемдесу болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарғылық капиталды қалыптастыру үшін және ғылыми зерттеулер жүргізуге 228277000 (екі жүз жиырма сегіз миллион екі жүз жетпіс жеті мың) теңге сомасында қаражат көздесін.

4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5 5. Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратынан қоғамды орналастыру үшін үй-жай берсін.

6 6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1 1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес бөлінетін қаражат есебінен 70650000 (жетпіс миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

2 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамның Директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.

7 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 қазандағы
№ 1090 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-121-жолмен толықтырылсын:
«21-121. «Түркі академиясы» КЕАҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-6-жолмен толықтырылсын:
«222-33-6 «Түркі академиясы» КЕАҚ».

3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:
«9. «Түркі академиясы».

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қолданыстағы