Об утверждении Положения по организации и проведению открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения по организации и проведению открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-826р
- Қабылданған күні
- 29.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2000 5508_261800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00V0000277
- ЭКБ идентификаторы
- 5508
- Редакция идентификаторы
- 5508_261800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:37
0 Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысының әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 31 шешімімен.
Шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау, Шығыс Қазақстан
облысының маршруттарында автомобиль көлiгiмен жолаушылар тасымалдау
жөнiнде қызмет көрсету рыногында адал ниеттi бәсекелестiктi дамыту
мақсатында және "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк iс-қимылдарды
шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес
БЕКIТIЛСIН:
1. Шығыс Қазақстан облысының маршруттарында жолаушылар көлiгiмен
қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Ереже
(N 1 қосымша).
2 Шығыс Қазақстан облысының жолдар бағыттарында жолаушылар көлiгiмен қызметтер көрсетуге ашық тендерлердi ұйымдастыру және өткiзу бойынша ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 29 ақпандағы
N 1-826 өкiміне
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жолдар бағыттарында жолаушылар
көлiгiмен қызметтер көрсетуге ашық тендерлердi ұйымдастыру
және өткiзу бойынша
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже қалалық және қаладан тыс жол бағыттарында ашық тендер тәсiлiмен автокөлiкпен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетушiлердi iрiктеп алудың шартын және тәртiбiн анықтайды және төмендегi нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес жасалған:
1) "Қазақстан Республикасында көлiк туралы" 1994 ж. 21 қыркүйектегі ;
2) "Жалпы пайдаланыстағы қалалық жолаушылар автомобиль көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 қаулысына;
3) "Әдiлетсiз бәсекелестiк туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы N 232-13 Заңына;
4) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 163-13 Заңына;
5) "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк iс-әрекеттерiнiң бостандығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығына;
6) "Кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кейбiр мәселелерiн реттеу және бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 ж. 23 тамыздағы N 1225 Қаулысына;
7) "Мемлекеттiк бақылау қызметтердi тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылы 7 қыркүйектегi N 205 заң күшi бар Жарлығына;
8) Бағыттарда жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге ашық тендерлердi ұйымдастыру бойынша Ереже үлгiсiне;
9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңымен.
📌 Ескерту. 1-ші тармаққа толықтырулар енгізілді - ШҚО әкімиятының
2001 жылғы 29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
2. Ашық тендерлердi ұйымдастырудың мақсаты жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан облысының бiртұтас жол бағыттары желiмiнде әдiл бәсекелестiктi құрастыру және көлiк қызметтерi нарығын реттеу болып табылады.
3. Тендердi өткiзудiң негiзгi принциптер болып ашықтығы, айқындығы, тендерлiк процедуралардың әдiлеттiлiгi болып табылады.
4. Ашық тендердi ұйымдастыруды және өткiзудi (ары қарай - тендер), сондай-ақ тендердiң жеңімпазымен жалпы пайдаланыстағы автокөлiкпен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге келiсiм шарттарға қол қоюды және олардың орындалуына бақылау жасауды.
Облыс әкiмi өкiлдi еткен Шығыс Қазақстан облыстық көлiк департаментi (ары қарай - "Тапсырыс берушi") немесе қала (аудан) әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.
5. Тендерге меншік түрлеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысының аумағында тіркелген, меншік құқығында немесе облыс аумағында тіркелген жылжымалы құрамды жалға алу келісім-шарты негізінде автокөлік құралдарына ие, қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық құжаттарға сәйкес тасымалдау процесін ұйымдастыруға және автокөліктің техникалық пайдалануын қамтамасыз етуге қабілетті, автокөлік құралдары иелерінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігі келісім-шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға қатыса алады.
📌 Ескерту. 5-ші тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы
29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
6. Тендерге жол бағыттары автокөлiктiң барлық түрi үшiн пакеттермен қойылады. Жол бағыттары пакеттерiн тапсырыс берушi қалыптастырады.
Жол бағыттары пакеттерiн қалыптастырғанда олардың әлеуметтiк маңыздылығын ескеру қажет: пакетке рентабельдi жол бағыттарымен қатар рентабельдi емес, бiрақ тұрғындарға қызмет көрсету үшiн маңызды, бағыттар да енгiзiледi.
Облыстық және аудандық маңыздағы қалаларды байланыспен қамтамасыз ететiн бағыттарды теңдестiк негiзде қызмет көрсету үшiн жеке пакеттерге қалыптастырады.
7. Тендерге қойылған жол бағыттарына қызмет көрсету құқын жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін көбiрек қамтамасыз ете алатын. Ең аз мөлшердегi жалақыны жақсы жылжымалы құрамды, өндiрiстiк базаны және т.б. қамтамасыз ете алатын қатысушы (ары қарай - "тасымалдаушы") алады.
8. Маршруттық таксилер үшiн жол бағыттарын бөлу осы Ережеге сәйкес ашық тендерлерде жүргiзiледi. Жолаушылар көлiгiнiң осы түрi үшiн жол бағыттары схемасын тапсырыс берушi жасайды.
9. Жалпы пайдаланыстағы автокөлiктiң барлық түрлерi үшiн жаңа жол бағыттарын ашуды, жұмыс iстеп тұрған бағыттарды ескерiп, тапсырыс берушi iске асырады. Жаңа бағыттың мақсатқа сәйкестiгiн анықтау үшін техникалық-экономикалық негiздеу қажет.
📌 Ескерту. 9-ші тармаққа өзгерістер енгізілді - ШҚО әкімиятының
2001 жылғы 29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
10. Тендерлiк процесс бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап және жеңiмпазды iрiктеп алумен аяқталуы 30 күннен кем болмауы керек.
11. Тасымалдаушы контракт шарттарын орындамаған жағдайда Тапсырыс беруші қажеттілікке қарай тендерлер өткізеді.
📌 Ескерту. 11-ші тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы
29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
12. Өткiзiлген тендерлерде талап етiлмеген, тасымалдаушы ары қарай қызмет көрсетуден бас тартқан және жаңадан ашылған жол бағыттарды тапсырыс берушi бөледi.
13. Бiр реттiк тапсырыс бойынша рейстер орындайтын коммерциялық бағыттағы жолаушыларды тасымалдау бiр тоқсан мерзiмге тапсырыс берушiнiң берген рұқсатымен жүргiзiледi.
Тасымалдаушы бәсекелестiк iрiктеп алу негiзiнде анықталынады.
2. ТЕНДЕРЛIК КОМИССИЯ
1. Тендерлік ұсыныстарды, олардың бағалануын қарау және жеңімпаздарды
анықтау үшін облыс әкімінің шешімімен комиссия құрылады, облыс (қала)
әкімінің орынбасары оның төрағасы болып табылады.
📌 Ескерту. 1-ші тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы 29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
2. Комиссияның құрамын облыс (қала) әкiмi бекiтедi:
3. Комиссия құрамына аумақтық органдардың өкілдерін енгізу ұсынылады:
1) тапсырыс берушiнiң;
2) табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау, шағын
бизнестi қолдау жөнiндегi департаменттiң;
3) Қазақстан Республикасы көлiк және коммуникация Министрлiгi
көлiктiк бақылау комитетi басқармасының;
4) салық комитетiнiң;
5) жол полициясы басқармасының;
6) автомобиль жолдары кәсiпорнының;
7) әдiлет басқармасының - аумақтық органдарының;
8) тұтынушылардың құқын қорғау қоғамының өкiлдерi енгiзiледi;
9) тасымалдаушылар кәсіподақтарының қызметкерлері.
Сондай-ақ комиссия құрамына тасымалдаушылар кәсiподағының
қызметкерлерiн енгiзу ұсынылады.
📌 Ескерту. 3-ші тармаққа өзгерістер және толықтырулар енгізілді - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы 29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
4. Тендерлiк комиссияның мiндетi - жылжымалы құрамның жағдайын
және тендерге қатысушылардың өндiрiстiк-техникалық базасын тексеру,
қатысушылардың ұсыныстарын қабылдау (қабылдамау), тендерлiк ұсыныстарды
тексеру және баға беру, жеңiмпазын анықтау.
5. Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және 5 адамнан кем
болмауы керек.
3. Тендерлік құжаттар жиынтығы
1. Тендердi өткiзер алдында тапсырыс берушi жол бағыттары пакетiн
қалыптастыруы және тендерлiк құжаттардың жиынтығын даярлауы керек.
2. Тендерлiк құжаттар жиынтығына енетiндер:
1) Шығыс Қазақстан облысының жол бағыттарында жолаушылар көлiгiмен
қызмет көрсетуге ашық тендерлердi ұйымдастыру және өткiзу бойынша ереже.
Тендерге қойылған жол бағытында жолаушылар тасуды ұйымдастыруға
қойылатын талаптар (жол бағыты пакетiнде);
2) жол бағыттарының техникалық-эксплуатациялық сипаттамалары
төмендегiлердi бiрге көрсетумен:
- бағыттардың схемасын
- бағыттың қашықтығын
- бағыт бойынша автокөлiк қозғалысының кестесiн
- бағытқа қызмет көрсету үшін автокөлiк құралдарының төменгi
мөлшерiнiң саны.
3) тендерге қатысуға тапсырыс;
4) қатысушы туралы ақпараттар үлгiсi;
5) қатысушының тендерлiк ұсыныстарының үлгiсi;
6) қатысушының тендерлiк ұсыныстарын бағалау үлгiсi;
7) жол бағыттарында жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге
келiсiм-шарт;
8) тендерлiк ұсыныстарды беру үшін тендерге қойылған жол бағыттары пакеттер санына тең конверттер жиынтығы (бiр үлкен және екi кiшiрек).
Тендерге қатысушылар үшін даярланған тендерлiк құжаттар таратып берердiң алдында арнайы кiтапта тiркелiнедi.
4. Тендерлік ұсыныстардың мазмұны
1. Тендерлiк ұсыныстар тендерлiк комиссия соңынан баға беретiн төмендегiдей критерийлер жинағын қарастырады:
1) қатысушының ұсынатын жол жүру тарифтерiнiң шектi деңгейi;
2) ұсынылатын жылжымалы құрам (көлiк құрамының маркасы, орын саны, шығарған зауыты, шығарылған жылы, мемлекеттiк нөмiрi, техникалық төлқұжатының нөмiрi, жылжымалы құрамның меншiк түрi);
3) өндiрiстiк-техникалық базаның бары немесе оны жылжымалы құрамды
жөндеу, техникалық байқаудан өткiзу, сақтау үшін жалға алу;
4) жол бағытынан шығып қалған көлiктi жедел түрде алмастыру
шараларының жүйесi (қолданылатын);
5) жүргiзушiлер персоналы, кәсiби бiлiктiлiктерiнiң деңгейi, көлiк
жүйесiнде жұмыс тәжірибесi;
6) облысаралық және халықаралық жол бағыттарында қызмет көрсетуде
тасымалдаушының жолаушылар алдында азаматтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
шартының барлығы;
7) қосымша тендерлiк ұсыныстар:
1) жол бағыттарында жұмыс iстегенде қозғалыс қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөнiнде;
2) автобус паркiн жаңалауды қамтамасыз ету жөнiнде;
3) қызмет көрсету мәдениетiн көтеру.
2. Тендерлiк ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша қатысушы толық
және нақтылы ақпарат беруi керек.
5. Ашық тендерлерді ұйымдастыру және өткізу
1. Тендердi өткiзуге даярлықты тапсырыс берушi жүзеге асырады, ол тендердi өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны уақытында жариялауды қамтамасыз етедi, қатысушыларды тендердің шарттарымен тендерге қойылатын бағыттар пакетiмен таныстырады, қатысуға тапсырыстарды қабылдайды және қатысушыларды тiркейдi.
2. Тапсырыс берушi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газеттер, радио, теледидар және б.) тендер өткiзерден 30 күн бұрын өтетiн күнiн, орнын және уақытын тендерге қатысу үшін мiндеттi шарттарды, тапсырыстарды қабылдайтын орнын және мерзiмiн жариялайды.
3. Ашық тендерге қатысушы құжаттар пакетiн алғанда "Тасымалдаушы" белгiлi бағытта (бағыттар пакетiнде) жолаушыларды тасымалдауды iске асыру құқына 5000 теңге сомасында кепiлдi жарна төлеуге мiндеттi, жарна мөлшерi 20 еселенген ең аз есеп көрсеткiшiнен артпауы керек.
4. Қатысушы комиссия мүшелерiнiң санына байланысты "Тендерлiк ұсыныстар үлгiсiн" және "Қатысушы туралы мәлiмет" түсiредi.
5. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер туралы құлақтандыру жарық көрген күннен басталып тендерге 5 күн қалғанда аяқталады.
6. Қатысушы ретiнде тiркелуге мынадай материалдар табыс етiлуi керек:
1) тендерге қатысуға тапсырыста көрсетiлген құжаттардың толық жиынтығы;
2) "Тендерлiк ұсыныстар" (әрбiр нақтылы пакетке) және "Қатысушы туралы мәлiмет" үлгiлерi, олардың саны комиссия мүшелерiнiң санына тең болуы керек, жеке конверттерге салынып жабылады да, ол екi конвертте үлкен бiр конвертке салынып жабылады, жеке конверттерге "ұсыныстар" және "мәлiметтер" деген белгi соғылады.
Тендерлiк ұсыныстарда қатысушы туралы мәлiметтер болмауы керек. Барлық үш конвертте де ешқандай белгiлер болмау керек.
7. Тендерлiк ұсыныстарын тапсырғаннан кейiн қатысушылардың қандай да болмасын түзетулер енгiзулерiне құқылары жоқ. Қатысушылардың қарауға қабылданған тендерлiк ұсыныстары арнайы кiтапта тiркелiнедi.
8. Тапсырыс берушi мерзiмiнде берiлген барлық тендерлiк ұсыныстарды қабылдауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмнен ұсыныстарын кеш берген тасымалдаушылар тендерге қатысуға жiберiлмейдi.
9. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар пакетi толығымен болғанда ғана рұқсат етiледi.
10. Қол қойылған хаттамамен және тендерлiк ұсыныстар үлгiсiмен бiрге қатысуға тапсырыстың алдын ала келiсiм-шарт күшi болады және тендердің ажыратылмайтын бөлiгi болып саналады.
11. Тендерге қатысушы үшін дайындалған құжаттар тапсырыс берушiнiң мөрiмен расталған болулары керек және қатысушыға берерде арнайы журналда тiркелiнедi.
12. Тендерге қатысуға қажеттi құжаттар арнайы журналға тiркелгеннен кейiн тендер өтетiн күнге дейiн жабық конверттерде арнайы сейфте сақталынады, тендер өтетiн күнi барлық комиссия мүшелерiнiң, тендерге қатысушылардың және бақылаушылардың қатысуымен ашылады.
13. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiргендерден тапсырыс қабылдау жөнiндегi хаттама тендерге қатысушыларды тiркеу бiткен күнi комиссияға берiледi.
14. Тендер өткiзiлетiн күнi қатысушылардан түскен үлкен конверттер сыртынан көрiнбейтiн қорапта болулары керек.
15. Тендерлiк комиссияның төрағасы қораптағы конверттердің кез келгенiн алады да конверттiң жоғары оң жақ бұрышына iрi шрифтпен бiрiншi кезектi нөмiрдi қояды.
16. Соңынан төраға үлкен конверттi ашады да "ұсыныстар" және "мәлiметтер" конверттерiне де бiр кезектi нөмiрiн қояды.
17. Содан кейiн төраға "ұсыныстар" конвертiн ашады да ұсыныстардың көшiрмелерiне де бiрiншi кезектi нөмiр қойып, комиссия мүшелерiне таратып бередi "мәлiметтер" ашылмаған күйде үлкен конвертте қалады.
18. Тендерлiк ұсыныстардың даналарын комиссия мүшелерi қарайды. Тендерлiк ұсыныстар жеке түрде 5 баллдық шкала бойынша бағаланады да "Тендерлiк ұсыныстарды бағалау парағына" қойылады.
19. Қалған қатысушылардың конверттерiн қарау да осылайша жүргiзiледi.
20. Нақтылы бiр жол бағыты пакетiне тендерлiк ұсыныстармен барлық конверттер қаралып және баға берiлiп болған соң хатшы бiрдей кезектегi нөмiрлi "Тендерлiк ұсыныстарды бағалау парақтарының" қорытынды баллын шығарады және үлкен конверттiң жалпы қосынды баллын анықтайды, ол хаттамада тiркелiнедi.
21. Жалпы қосынды баллдардың қорытындысы бойынша төраға ең жоғары жалпы қосынды балл алған қатысушының кезектi нөмiрiн жариялайды.
22. Комиссия төрағасы тендердің жеңiмпазының жарияланған нөмірiне сәйкес "мәліметтер" конвертiн алып ашады да тендердi ұтып алған жеңiмпазы туралы мәліметтердi хабарлайды.
23. Егер 2 немесе одан да көп қатысушылар бiрдей жоғары қосынды балл алған уақытта, олардың тендерлiк ұсыныстарын комиссия мүшелерiне қайтадан таратып берiп, тендердің жеңiмпазы жабық дауыспен анықталады.
24. Егер өткiзiлген тендердің қорытындысы бойынша қандай да бiр бағыттар пакетiне тек бiр ғана қатысушыдан ұсыныс түскен жағдайда, комиссияның шешiмiмен ол пакет сол ұсыныс түсiрген қатысушыға қызмет көрсету үшін берiледi. Егер бiр де бiр тапсырыс түспегенде, тапсырыс берушi пакетке негiзгi талаптарды өзгертедi немесе басқадай бағыттар пакетiн қалыптастырады.
25. Тасымалдаушы көрсеткен "Тендерлiк ұсыныстар үлгiсiнде" немесе "Қатысушы туралы мәліметтерде" мәліметтердің сәйкес еместiгi белгiлi болса, комиссия бағалау қорытындысының күшін жояды да, қызмет көрсету құқын алған баллының саны бойынша екiншi орындағы қатысушыға бередi немесе осы пакеттi келесi тендерге қояды.
26. Өткiзiлген тендердің қорытындысы хаттамамен рәсiмделедi және оны комиссия төрағасы бекiтедi. Комиссия мүшесi өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша баяндап, хаттамаға қоса тiркеуге құқы бар.
27. Хаттаманың негiзiнде тапсырыс берушi тендердің жеңiмпазымен жол бағыттары пакетiне қызмет көрсетуге шарт жасасады.
28. Контракт 3 жыл мерзімге жасасылады.
Контракт жасасқан тендер жеңімпазына Контракттің бүкіл қолданылу мерзіміне оның маршрутта жұмыс істеу құқығын бекітетін Куәлік беріледі.
Тендердің және жасасқан Контрактінің шарттарын орындамаған жағдайда маршрут 2-ші орын алған тендер қатысушысына қызмет көрсетуге берілуі мүмкін немесе тендерге қойылады.<*>
📌 Ескерту. 28-ші тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы
29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
29. Куәлiк алу және шарт жасасу үшін "Тапсырыс берушiге" тендер өткеннен кейiн бiр айдың iшiнде халықаралық бағыттарда жолаушылар тасу құқына лицензияның және лицензиялық карточканың көшiрмесiн, мемлекет аралық және облыстар аралық қатынастарда жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының көшiрмесiн, бағыт схемасына
сәйкес жол бойында орналасқан автобекеттермен шарттардың көшiрмесiн беру
керек.
30. Бір ай ішінде Контракт жасаспаған және маршруттарда қызмет
көрсетуге кіріспеген тендер жеңімпазы жұмысқа жіберілмейді, кепілдік жарна
сомасы қайтарылмайды, тендер нәтижелері жойылады, жұмыс істеу құқығы балл
саны бойынша 2 орын алған қатысушыға беріледі немесе екінші тендер
өткізіледі.
📌 Ескерту. 30-ші тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімиятының 2001 жылғы
29 тамыздағы № 05 қаулысымен.
31. Осы шарт бойынша жұмыс iстеу құқын үшіншi бiреуге беруге тыйым
салынады.
32. Тендерге қатысушылар өздерi түсiрген ұсыныстарының бағалау
қорытындысын жазбаша алуға құқылары бар.
33. Тапсырыс берушi автобекеттермен (автостансалармен) тендерлік
комиссияның шешiмдерiн орындау бойынша шарттар жасасады.
Шығыс Қазақстан облысының
әкiмi аппаратының басшысы