О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан об оказании безвозмездной военной помощи Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы 2009 жылғы 10 қарашада Душанбеде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісім (2011 жылғы 25 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2011 ж., N 2, 20-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар), қазіргі өзара достық қатынас пен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан тарабы Тәжікстан тарабына өтеусіз әскери көмек көрсетеді.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды: Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі; Тәжікстан тарабынан - Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.
Бап 3. 3-бап
3-бап Өтеусіз әскери көмек материалдық көмек түрінде ұсынылады. Берілетін мүліктің тізбесі мен саны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада айқындалған.
Бап 4. 4-бап
4-бап Қазақстан тарабы мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Тәжікстан Республикасының аумағына (Душанбе қаласы) дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиакөлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптар тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдау мен беруді жүргізеді. Бұл ретте Душанбе қаласына дейінгі көліктік шығыстарды Қазақстан тарабы төлейді. Тәжікстан тарабы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу үшін шығыстарды өзі көтереді және жауапты болады. Берілетін мүлікті Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тәжікстан тарабы Қазақстан тарабының алдын ала жазбаша келісімін алмай, Қазақстан тарабынан алған мүлікті немесе оларды пайдалануға арналған құқықты үшінші тарапқа бермейді.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер келіссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тәжікстан Республикасының Үкіметіне осы Келісімге сәйкес берілетін материалдық көмек толық берілген сәттен бастап өзінің қолданысын тоқтатады. 2009 жылғы «10» қарашада Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының      Тәжікстан Республикасының            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін          Қорғаныс министрі       Қорғаныс министрі генерал-полковник             Жақсыбеков                       Хайруллоев        Әділбек Рыскелдіұлы              Шерали Хайруллоевич
Басқа 8. Берілетін әскери мүліктің тізбесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімге қосымша Берілетін әскери мүліктің тізбесі р.с № Мү­лік­тің ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Са­ны 1. ИМП жар­ты­лай өт­кіз­гіш ин­дук­ци­я­лық ми­на із­де­гіш да­на 40 2. СМП ми­на жа­ру­шы сө­мке­сі жиын­тық 100 3. РДВ-1500 су­ға ар­нал­ған ре­зер­ву­ар жиын­тық 40 4. РДВ-100 су­ға ар­нал­ған ре­зер­ву­ар жиын­тық 50 5. МПЛ-50 ша­ғын жа­яу әс­кер кү­ре­гі да­на 100 6. БСЛ-110 үл­кен са­пер­лік кү­ре­гі да­на 100 7. П-2М фо­нарь да­на 100 8. ЛМ-48 же­лі­лік кө­пір да­на 30 9. ПМГ (ЕО-18) газтұт­қыш да­на 1000 10. ИП-4 газтұт­қыш да­на 500 11. ОП-1 (Т-15) қор­ға­ныш плащ да­на 1000 12. (Т-15) қор­ға­ныш шұлық жұп 1000 13. БЛ-Ім қор­ға­ныш қол­ғап жұп 1000 14. Шұлық пен қол­ғап­қа ар­нал­ған қап да­на 1000 15. ДП-5 а (б) до­зи­метр­лік ас­пап да­на 100 16. ДП-64 до­зи­метр­лік ас­пап да­на 100 17. ДП-22В до­зи­метр­лік ас­пап да­на 50 18. ВПХР хи­ми­я­лық бар­лау ас­па­бы да­на 100 19. КЗО-1 қор­шау бел­гі­ле­рі­нің жиын­тығы жиын­тық 100 20. ИДП-С газ­сыздан­ды­ру па­ке­ті қо­рап 1000 21. МК-10 та­сы­мал­да­на­тын ас­ха­на бір­лік 10 22. КП-20 та­сы­мал­да­на­тын ас­ха­на бір­лік 30 23. КО-75 та­сы­мал­да­на­тын ас­ха­на бір­лік 40 24. КП-130 тір­ке­ме ас­ха­на бір­лік 10 25. Са­ни­тар­лық зем­біл да­на 1000 26. Офи­цер­лік қы­лыш да­на 50 27. Бо­лат дулы­ға да­на 2000 28. Ша­ғын ме­талл ыдыс да­на 2000 29. Қа­бы бар ме­талл құ­ты да­на 2000 30. Әс­ке­ри-ар­найы әде­би­ет да­на 180 2009 жылғы 10 қарашада Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқық департаментінің Басқарма бастығы Б. Пискорский