Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе

Өзге акт · № 193/28-4 · қабылданған 09.06.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55166/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 193/28-4 ·09.06.2010
28.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 193/28-4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Целиноградском районе
Атауы (қаз.)
Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
193/28-4
Қабылданған күні
09.06.2010
Көрсетілген редакция
28.04.2011 55166_200623.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BQ000136
ЭКБ идентификаторы
55166
Редакция идентификаторы
55166_200623
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:01

0 Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілісін:

Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне - бір жолғы, 10000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындарына, әскери интернационалистерге, Чернобыль атомдық электростанция апатын жоюға қатысушыларға) - 2000 теңге;
тыл еңбеккерлеріне - бір жолғы, 5000 теңге мөлшерінде;
«Целиноград ауданының құрметті азаматы» атағы берілген тұлғаларға – бір жолғы, 10000 теңге мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектерге – бір жолғы, 5000 теңге мөлшерінде;
туберкулез ауыруымен ауыратындарға – бір жолғы, 10000 теңге мөлшерінде;
аз қамтылған азаматтарға - бір жолғы, 5000 теңге мөлшерінде;
ауылдық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын, білім беру мекемелерімен келісім-шарт негізінде оқу төлемақысының жылдық мөлшерінде;
жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өмір сүру деңгейінен төмен (аз қамтылған отбасылар (азаматтар) табысы бар тұлғаларға – ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік қолдау сондай-ақ айрықшалық ретінде мүгедектерге, соғыс ардагерлеріне, кресло-арба, сурдо-тифлотехникалық құралдарын сатып алуға, санаторлы-курорттық жолдамаға, сондай-ақ өрттен және басқада төтенше жағдайларда зардап шеккендерге 10000 теңгеден 50000 теңге дейінгі мөлшерде көрсетіледі.

2 2. Уәкілетті ұйым – «Целиноград ауданының жұмысымен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесіне, Целиноград ауданының жоғарыда келтірілген мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төлеуін қамтамасыз етілсін.

3 3. Әлеуметтік көмек шығындарын қаржыландыру Целиноград ауданының бюджетінен «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген әлеуметтік көмек» бағдарламасында қарастырылған қаражат есебінен жүргізілсін.

4 4. Көрсетілген қызмет төлемдері Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген ретте, «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі арасындағы шарт бойынша жүргізілсін.

5 5. Осы шешім Целиноград ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі М.Мыңжанов
Целиноград ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Әшіров
«Целиноград ауданының экономика
және бюджетті жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Ыбраева
«Целиноград ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы В.Скрипко

Қолданыстағы