Құжат мәтініне өту

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе

Қаулы · № А-6/130 · қабылданған 09.07.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55168/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/130 ·09.07.2010
31.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе

Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/130 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в Целиноградском районе
Атауы (қаз.)
Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-6/130
Қабылданған күні
09.07.2010
Көрсетілген редакция
31.12.2010 55168_200628.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10BQ000138
ЭКБ идентификаторы
55168
Редакция идентификаторы
55168_200628
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:49

0 Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Целиноград ауданында үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету көрсетілсін.

2 2. Белгіленсін:

1 1) материалдық қамтамасыз ету ағымдағы жыл бойы алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға бір тоқсанға тағайындалады;

2

2) үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді төлеу қаржыландыру болуына қарай өткен тоқсанға жүргізіледі. Материалдық қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толса, мүгедек бала қайтыс болса, мүгедектігі алынса) төлем төлеуі осындай жағдайлар туындаған айдан кейінгі айда тоқтатылады.

3 3. «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді көрсету үшін аудан бюджетінен бөлінген ақшалай қаражаттарды уақытында игеруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдасын.

4

4. Целиноград ауданы әкімдігінің «Үйлерінде оқытылып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы» 2009 жылғы 4 наурыздағы № 44 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-17-85 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда № 14-15 аудандық «Призыв» «Ұран» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.А. Жанбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы Целиноград ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы