Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации и требований, предъявляемых к иностранным перевозчикам

Бұйрық · № 432 · қабылданған 24.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55182/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации и требований, предъявляемых к иностранным перевозчикам Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 ·24.09.2010
26.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации и требований, предъявляемых к иностранным перевозчикам

Күшін жойған Бұйрық ·№ 432 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации и требований, предъявляемых к иностранным перевозчикам
Атауы (қаз.)
Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
432
Қабылданған күні
24.09.2010
Көрсетілген редакция
26.06.2017 AI55182_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006587
ЭКБ идентификаторы
55182
Редакция идентификаторы
AI55182_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:17

0 Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция
ми­ни­стрі­нің м.а.
2010 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 432 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­тіл­ді
Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Тіркеу және шетелдік тасымалдаушыларға қойылатын талаптар тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

1 1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi;

2

2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

3 3) шетелдiк тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания;

4 4) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның шетелдiк авиакомпаниялардың құқықтылықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасында ресми тануы;

5 5) шетелдiк тасымалдаушыны тiркеу туралы куәлiк - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шетельдік тасымалдаушыға беретiн құжат (бұдан әрi – Куәлiк).

3 3. Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық авиация саласында өзінің қызметін өкілдіктер, филиалдар немесе бас агенттік арқылы жүзеге асыратын барлық шетелдік тасымалдаушылар тіркеуге жатады.

4 4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу тізілімін жүргізеді.

2 2-тарау. Шетелдік тасымалдаушыларды тіркеуді жүргізу

5 5. Өтiнiш берушi Куәлiктi алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттар ұсынады:

1 1) өтiнiш берушiнiң осы Тәртiпке 1-қосымша нысанына сәйкес Куәлiктi алуға жазбаша өтiнiшi;

2 2) заңды тұлға жарғысының, өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы куәліктің немесе бас агентті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3 3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының көшірмесі;

4 4) Қазақстан Республикасында шетелдiк тасымалдаушының тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмелерi;

5 5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың көшірмесі.

6 6. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу үшін ұсынған құжаттарды қарау;

2 2) шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

3 3) уәкілетті органның осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес Шетелдік тасымалдаушыны тіркеу туралы куәлікті немесе шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.

7 7. Құжаттарды қарау (өтініштерді қабылдаған сәттен) және Куәлікті беру, шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден және Куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдау отыз күнтізбелік күнінен аспайды.

8 8. Шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүргізіледі, егер:

1 1) ұсынылған құжаттар осы Тәртіптегі ережелердің талаптарына сәйкес келмесе;

2 2) шетелдік тасымалдаушы қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес жүзеге асырмаса;

3 3) ұсынылған құжаттарда дәйектемесіз немесе толық емес мәліметтер берілсе.

9 9. Куәлік екі жылға беріледі.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Куәлік жоғалған, бүлінген, ұрланған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган шетелдік тасымалдаушының жазбаша өтініші бойынша 10 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде тіркеу туралы Куәліктің телнұсқасын береді.

11 11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Куәліктердің бланкілерін дайындайды.

12 12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шетелдік тасымалдаушыны тіркеуден бас тарту туралы шешімі сот тәртібімен шағымдауға жатады.

1 Тір­кеу және ше­тел­дік

та­сы­мал­да­у­шы­лар­ға
қой­ы­ла­тын та­лап­тар тәр­ті­біне
1-қо­сым­ша
Нысан
Өтініш
Сізден______________________________________________________________
__________________________________________________ туралы
(авиакомпанияның атауы)
куәлік беруіңізді сұраймыз.
Авиакомпания туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Құрылған жылы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(нөмірі, кім және қашан берілген)
4. Банк реквизиттері________________________________________________
____________________________________________________________________
(№ есеп/шоты, қор/шоты, банктің атауы және орналасқан жері)
5. Заңды мекен-жайы және басқа реквизиттері_________________________
____________________________________________________________________
(почталық мекен-жайы, телефон, телефакс, телекс, телетайп,
телеграфтық ж/е
____________________________________________________________________
телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6.__________________________________________________________________
(кәсіпорынның бірінші басшысының Т.А.Ә)
7. Қоса берілген құжаттар___________________________________________
____________________________________________________________________
Авиакомпания басшысы:
_________________________ _____________________
(Т.А.Ә) (қолы, күні)
Өтініш қарау үшін қабылданды 20 __ жылғы ____________

2 Тір­кеу және ше­тел­дік та­сы­мал­да­у­шы­лар­ға

қой­ы­ла­тын та­лап­тар тәр­ті­біне
2-қо­сым­ша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стер­ство транс­пор­та
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стр­лі­гі и ком­му­ни­ка­ций Рес­пуб­ли­ки
Ка­зах­стан
Аза­мат­тық авиа­ция ко­ми­те­ті Ко­ми­тет граж­дан­ской авиа­ции
Ел­таң­ба
Ше­тел­дік та­сы­мал­да­у­шы­ны тір­кеу ту­ра­лы
КУ­Ә­ЛІК
СВИ­ДЕ­ТЕЛЬ­СТВО
о ре­ги­стра­ции ино­стран­но­го пе­ре­воз­чи­ка
№ ______
1. _______________________________________________________________
авиа­ком­па­ни­я­ның ата­уы/ на­име­но­ва­ние авиа­ком­па­нии/
_______________________________________________________________­_­__
2.________________________________________________________________
заң­ды ме­кен-жайы/юри­ди­че­ский ад­рес
3.________________________________________________________________
ше­тел­дік та­сы­мал­да­у­шы­ның ор­на­лас­қан елі /стра­на ме­сто­на­хож­де­ния ино­стран­но­го пе­ре­воз­чи­ка
4. Ку­ә­лік бе­ріл­ді
Сви­де­тель­ство вы­да­но "__"__________20___
Ку­ә­лі­к____­жы­л­ға дей­ін жа­рам­ды
Срок дей­ствия сви­де­тель­ства____­го­да
____________________________________________________
бас­шы неме­се ол уәкі­лет­тік бер­ген тұл­ға, ко­лы, Т.А.Ә/
ру­ко­во­ди­тель или ли­цо им упол­но­мо­чен­ное, под­пись, Ф.И.О./
МО
МП

Қолданыстағы