Об организации тендера передачи в аренду водоемов на территории Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации тендера передачи в аренду водоемов на территории Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы суаттарды жалдық тендерге тапсыруды ұйымдастыру жөнінде
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 28.07.1997
- Көрсетілген редакция
- 28.07.1997 552_218106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97S000003_
- ЭКБ идентификаторы
- 552
- Редакция идентификаторы
- 552_218106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:59
0 Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы суаттарды жалдық тендерге тапсыруды ұйымдастыру жөнінде
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 08.04.1999 № 69 шешімімен
Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және оны пайдалану жөніндегі» Заңды, 04.12.96 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Балық аулау және Қазақстан Республикасында басқа да су жануарларын аулау-өндіру жөніндегі № 1480 Ережесін басшылыққа ала отырып және суаттардың биоресурстарын тиімді және кешенді пайдалану, суаттарда балық кәсіпшілігі, немесе балық аулаумен айналасатын барлық меншіктегі кәсіпорындар мен жекелеген азаматтарға бірдей экономикалық жағдайлар жасау мақсаттарында,сондай-ақ жануарлар әлемін көбейту мен оларды қорғауды қамтамасыз ету, жергілікті өкімет оргаңдары мен табиғатты пайдаланушы басқармалардың қаржылық қорларын қалыптастыру үшін облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Барлық меншіктегі шаруашылық жүргізуші субьектілерге, заңды және жеке тұлғаларға облыстың суаттарын беру тек қана өткізілген тендерлер негізінде жалға беру жағдайында ғана жүзеге асырылсын.
2. Тендер өткізу үшін төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Куликов Н.Ф. - облыстық экология және биоресурстар басқармасының бастығы, комиссия төрағасы.
Прима В.И. - жануарлар әлемін қорғау инспекциясының бастыгы, төрағаның орынбасары
Кабанова О.А. -жануарлар әлемін қорғау инспекциясының маманы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Мавлоютов А.Х. - облыс әкімінің бірінші орынбасарының кеңесшісі
Симоненко В.И. - су ресурстары жөніндегі комитеттің төрағасы
Сәрсенов Қ.Қ. - жеркомитетінің бас маманы
Коломин Ю. М. -Солтүстік Қазақстан университетінің доценті
Куликов А.Д. - жануарлар әлемін қорғау инспекциясы бастығының орынбасары