О присвоении наименований составным частям населенных пунктов Жанажолского сельского округа района Шал акына
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований составным частям населенных пунктов Жанажолского сельского округа района Шал акына
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданы Жаңажол селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 07.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2019 55200_431666.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10SND00112
- ЭКБ идентификаторы
- 55200
- Редакция идентификаторы
- 55200_431666
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:12
0 Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. Шал ақын ауданы Жаңажол ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.
1 1) Жаңажол ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Есіл
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге – Қазақстан Республикасы
Төртінші көшеге – Аққайың
Бесінші көшеге – Бәйтерек;
2 2) Жаңаталап ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Бейімбет
Екінші көшеге – Бейбітшілік;
3 3) Кеңес ауылы бойынша:
Бірінші көшеге – Абылай хан атындағы
Екінші көшеге – Мектеп
Үшінші көшеге - Достық.