Құжат мәтініне өту

О правилах оказания жилищной помощи

Ереже · № 380 · қабылданған 22.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55251/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О правилах оказания жилищной помощи Күшін жойған Ереже ·№ 380 ·22.10.2010
27.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О правилах оказания жилищной помощи

Күшін жойған Ереже ·№ 380 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О правилах оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
22.10.2010
Көрсетілген редакция
27.11.2014 55251_155796.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NT000183
ЭКБ идентификаторы
55251
Редакция идентификаторы
55251_155796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:07

0 Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6–бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97–бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң
бастығы
___________ Т. Волоткевич
"Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттiк
мекемесінiң бастығы
___________________ В. Гринак

3 Мәслихаттың

2010 жылғы 22 қазандағы
№ 380 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Федоров ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдің меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге ұсынылады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

2

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі-өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі – орталық) балама негізде өтінішпен өтініш береді және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

3 3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.

4

4. Уәкілетті орган, өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды, не тұрғын үй көмегін тағайындауынан бас тарту туралы дәлелді жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.

5 5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушінің тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге құқығын растайтын мәліметтерді сұратады.

6 6. Өтініш беруші өтініш жасаған тұрғын үй көмегін өтініш беру айынан бастап тағайындалады және ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.

7 7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.

8 8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күнінен бастап қайта есептеу жүргізіледі.

9 9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.

Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.

10 10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінсіз бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептелу қайтыс болған адамдарсыз тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері берген мәліметтер бойынша жүргізіледі.
11.Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

12

12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен анықталады.

13 13. алынып тасталды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.08.24 № 63 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

14 14. алынып тасталды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2012.08.24 № 63 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

15 15. Белгіленген нормалар шегіндегі отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың он проценті мөлшерінде белгіленеді.

16 16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

1 1) отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратын үшін пайдалы алаңның 18 шаршы метрі және 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;

2 2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.

17 17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

18

18. Коммуналдық қызметтерді туындайтын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.

19 19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.

20 20. Осы ережемен белгіленген нормалардан жоғары төлемақы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізде жүргізіледі.

3 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

21 21. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

22 22. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

Қолданыстағы