Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу

Қаулы · № 1150 · қабылданған 03.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55345/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу Күшін жойған Қаулы ·№ 1150 ·03.11.2010
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу

Күшін жойған Қаулы ·№ 1150 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах ведения учета и предоставления отчетности таможенному органу
Атауы (қаз.)
Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1150
Қабылданған күні
03.11.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI55345_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001150
ЭКБ идентификаторы
55345
Редакция идентификаторы
AI55345_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:01

0 Есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 37, 44, 51, 210, 262-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

2 2) Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

3 3) Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы;

4 4) Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары;

5 5) Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

1

1. Кедендік тасымалдаушылар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаумен тауарларды тасымалдауды есепке алу және есептілік кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында кедендік тасымалдаушы орналасқан кеден органы бастығының не оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.
Ағымдағы күнтізбелік жылда соңғы жазу енгізілгеннен кейін Есепке алу кітабы салыстырып тексеру үшін кеден органына беріледі. Салыстырып тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
Есепке алу кітабы соңғы жазу енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін Есепке алу кітабына қосымша жазулар немесе түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Есепке алу кітабы не оның электрондық түрдегі көшірмесі кеден органының лауазымды адамдарына олардың талап етуі бойынша ұсынылады.

2 2. Кедендік тасымалдаушылар тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік тасымалдаушылар тіркелген кеден органына есепті кезеңде кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылған барлық тауарларды тасымалдаулар туралы есепті ұсынады.

Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

1 Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауын есепке алу және олар бойынша есептілік кітабы

Кедендік тасымалдаушының кедендік транзит
кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын
тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып есеп
жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша
Нысан
Кедендік тасымалдаушының кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауын есепке алу және олар бойынша есептілік кітабы
Р/с

Транзиттік де­кла­рация нөмі­рі
Тасымалдауды ба­стау кү­ні
Жө­нел­туші­нің ке­ден орга­ны бел­гіленген жет­кі­зу мер­зі­мі
Та­сы­мал­да­удың іс жү­зін­де аяқ­тал­ған кү­ні, та­у­ар­лар­ды уа­қыт­ша сақ­та­у­ға ор­на­ла­сты­ру­ды рас­тай­тын құ­жат­тың неме­се та­у­ар­лар де­кла­ра­ци­я­сы­ның нө­мі­рі
Жө­нел­ту­ші­нің ке­ден ор­га­ны
Ме­же­лі ке­ден ор­га­ны
Нақ­ты жет­кі­зі­ле­тін ке­ден ор­га­ны
Кө­лік құ­ра­лы­ның (тір­ке­ме­нің) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Та­у­ар­дың ата­уы
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

2 Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

1

1. Уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлардың есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта және Excel форматында электрондық түрде Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

2 2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.

Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірленуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында уақытша сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

3 3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы есеп ұсынуды талап етуі мүмкін.

4 4. Уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде, сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар туралы қорытылған есепті ұсынады.

Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

3 Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабы

Уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары
иелерінің сақтауда тұрған (сақталатын) тауарлар
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден
органына есептілікті ұсыну қағидасына
қосымша
Нысан
Сақтаудағы тауарларды есепке алу кітабы
Кі­ріс
Ор­на­ла­сты­ру кү­ні мен уа­қы­ты
Қой­ма­ның тір­кеу нө­мі­рі
Тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның неме­се ХЖТ кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі
Та­у­ар­лар мен кө­лік құ­рал­да­рын уа­қыт­ша сақ­та­у­ға ор­на­ла­сты­ру­шы адам
Кө­лік құ­ра­лы­ның (тір­ке­ме­нің) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Та­у­ар­дың ата­уы
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
Қой­ма­да ор­на­лас­қан ор­ны (бокс № және т.б.) адам­ның қо­лы
Та­у­ар­лар­ды қа­был­да­ған адам­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы:
Шы­ғыс
Қал­дық (бар бол­са)
Ес­керт­пе
Та­у­ар­лар де­кла­ра­ци­я­сы неме­се тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
Та­у­ар­лар және (неме­се) кө­лік құ­рал­да­рын бер­ген адам­ның қо­лы
Қой­ма­дан іс жү­зін­де шы­ға­ры­л­ған күш
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
11
12
13
14
15
16
17
18

4 Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып есеп жүргізу және кеден органына есептілікті ұсыну қағидасы

1

1. Жеке тауарларын сақтау қоймаларына келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Сақтауда тұрған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабын (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізу, оның ішінде бақылаудың және есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған бақылау және есепке алуды жеке тауарларын сақтау қоймалары иелері келіп түсетін, сақтауда тұрған және әкетілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебін жүргізуге және кеден органына ұсыну үшін есеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жолымен жүзеге асырады.

2 2. Есепке алу кітабы тауарды шығару туралы соңғы жазба енгізілген күннен бастап бес жыл ішінде сақталады.

Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Есепке алу кітабының нөмірлеуі бірден басталады. Есепке алу кітабы тігілген, нөмірленген, мөрленген және қызмет аймағында жеке тауарларын сақтау қоймасының иесі орналасқан кеден органы бастығының немесе оны алмастырушы адамның қолымен бекітілген болуға тиіс.

3 3. Кеден органы жазбаша нысанда кеден органы айқындайтын уақыт кезеңінде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті ұсынуды талап етуі мүмкін.

4

4. Жеке тауарларын сақтау қоймаларының иелері тоқсан сайын, келесі тоқсанның бірінші айының бесінші күнінен кешіктірмей қызмет аймағында осындай қоймалар орналасқан кеден органына есепті кезеңде келіп түскен, сақтауда тұрған, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы қорытылған есепті ұсынады.
Есеп осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады. Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастырушы адам, бас бухгалтер қол қояды, кедендік тасымалдаушының мөрімен куәландырылады. Қағаз тасығыштағы есеппен бір уақытта кеден органына Excel форматындағы электрондық түрдегі есеп ұсынылады.

5 Сақтаудағы тауарлар және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабы

Жеке тауарларын сақтау қоймалары иелерінің
келіп түсетін, сақтауда тұрған, әкетілетін
тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы,
оның ішінде бақылаудың және есепке алудың
автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып
есеп жүргізу және кеден органына есептілікті
ұсыну қағидасына қосымша
Нысан
Сақтаудағы тауарлар және (немесе) көлік құралдарын есепке алу кітабы
Кі­ріс
Ор­на­ла­сты­ру кү­ні мен уа­қы­ты
Қой­ма­ның тір­кеу нө­мі­рі
Тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның неме­се ХЖТ кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі
Та­у­ар­лар мен кө­лік құ­рал­да­рын уа­қыт­ша сақ­та­у­ға ор­на­ла­сты­ру­шы адам
Кө­лік құ­ра­лы­ның (тір­ке­ме­нің) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Та­у­ар­дың ата­уы
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
Қой­ма­да ор­на­лас­қан ор­ны (бокс № және т.б.)
Та­у­ар­лар­ды қа­был­да­ған адам­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы:
Шы­ғыс
Қал­дық (бар бол­са)
Ес­керт­пе
Та­у­ар­лар де­кла­ра­ци­я­сы неме­се тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
Та­у­ар­лар және (неме­се) кө­лік құ­рал­да­рын бер­ген адам­ның қо­лы
Қой­ма­дан іс жү­зін­де шы­ға­ры­л­ған кү­ні
Орын­дар са­ны
Та­у­ар­лар­дың та­за сал­ма­ғы (кг), кө­лік­тік (та­сы­мал­дау) құ­жат­тар бой­ын­ша қо­сым­ша өл­шем бір­лі­гін­де­гі кө­ле­мі
11
12
13
14
15
16
17
18

6 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну қағидалары
📌 Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес әзірленді және арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2

2. Кеден органдары сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есепті (бұдан әрі – есеп) алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғаларға талаптың тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

3 3. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар тіркелген орны бойынша кеден органына кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

Қағаз тасығыштағы есепке бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға және бас бухгалтер қол қояды, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.

4 4. Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалар кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

7 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну туралы талабы

Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кеден органына есептілікті ұсыну туралы талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізге
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынушы
заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған
кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта
өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті
ұсынудың қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Арнайы
оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлары
туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,
кеден органына есептілікті ұсыну қағидаларына 2-қосымшасында
белгіленген нысан бойынша өсу қорытындысымен сақталатын,
тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе)
пайдаланылатын тауарлар туралы есепті ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.

8 Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және пайдаланылатын тауарлары туралы есеп

Арнайы оңайлатуларды
пайдаланатын тұлғалардың
сақталатын, тасымалданатын,
өткізілетін, қайта өңделетін және
(немесе) пайдаланылатын
тауарлары туралы, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, кеден
органына есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Арнайы оңайлатуларды пайдаланатын тұлғалардың сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және пайдаланылатын тауарлары туралы есеп
Ар­на йы оң ай­ла­ту­лар­ ды па й­да­ла­ на­ты н тұ­ лға ­л ар­ды ң ат а­уы
Ар­на йы оң ай­ ла­ ту­ ла р­ ды па й­д а­ла ­на ­тын тұ­ лғ а­ла р­ дың СТ Н (БС Н)*
Тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның неме­се ХЖТ кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі
Оның ай­ма­ғын­да та­у­ар­лар­дың ке­ден­дік та­зар­ты­луы жү­зе­ге асы­ры­л­ған аумақ­тық ке­ден ор­га­ны­ның ата­уы
Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 ше­ші­міне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ке­ден­дік рә­сім­дер түр­ле­рі­нің жік­те­уі­шіне сәй­кес ке­ден­дік рә­сім­дер тү­рі­нің ко­ды
КО СЭ Қ ТН ко­ды
Та ­у­а р­ла р­ды ң ат а­уы
Ст а­ти ­ст и­ка ­лы қ құн (АҚ Ш до лл.)
Та­у­ар­лар­дың сал­ма­ғы нет­то/брут­то (кг), қо­сым­ша өл­шем бір­лік­те­рін­де­гі кө­ле­мі
Ке­ден­дік тө­лем­дер мен са­лық­тар­дың бюд­жет­ке тө­ле­ну­ге жа­та­тын со­ма­сы
Бюд­жет­ке тө­лен­ген ке­ден­дік тө­лем­дер мен са­лық­тар­дың со­ма­сы
КОК-ның 20.09.2010 ж. № 378 ше­ші­міне 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес ар­найы оңай­ла­ту­лар түр­ле­рі­нің жік­те­уі­шіне сәй­кес ар­найы оңай­ла­ту­лар­ды пай­да­ла­на­тын тұ­лға­лар­мен қол­да­ны­л­ған ар­найы оңай­ла­ту­лар тү­рі­нің ко­ды
Ес еп­ ті то қ­са н
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
* - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
Басшы _________________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Бас бухгалтер _________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның мөрімен расталады.

9 Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 3 қарашадағы
№ 1150 қаулысымен
бекітілген
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну қағидалары
📌 Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 № 1447 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 210-бабына сәйкес әзірленді және шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

2

2. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына, аталған кеден органының жазбаша талабы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда Excel форматында қағаз және электронды тасығышта есеп ұсынады.

3 3. Кеден органы есепті алу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғаларға талапты тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жолдайды.

4

4. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бойынша берешегінің (болуы) болмауы туралы анықтаманы алу өтінішімен бірге аталған тұлғалар, оның қызмет ету аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген кеден органына қайта ұйымдастырылған немесе таратылған күнгі жағдай бойынша шетелдік тауарлар бойынша есепті ұсынады.

5 5. Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар, кеден органының талабында белгіленген мерзімде кеден органына есептілікті ұсынбағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапты болады.

10 «___» ____________ _____ ж. бастап «___» _____________ _____ ж. дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*

Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде
ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«___» ____________ _____ ж. бастап «___» _____________ _____ ж. дейінгі кезеңде шетелдік тауарларды оның ішінде, оларға қатысты мөлшері Бірыңғай кедендік тарифпен белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларының мөлшерінен аз кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп*
тел. ____________/факс ______________,
_____________________________________,
(тұлғаның атауы)
_____________________________________, СТН, ЖСН, БСН
(тіркеу мекенжайы)
Р/с №
Тұл­ға­ның ата­уы
СТН/ЖСН/БСН**
ТД (ЖКД) №
Та­у­ар­дың ата­уы
КО СЭҚ ТН (ҚР СЭҚ ТН) та­у­ар ко­ды
Рә­сім ко­ды, ТД (ЖКД) 37-б.
Са­ны кг./өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­дың ке­ден­дік құ­ны, тең­ге
Та­у­ар­дың ста­ти­сти­ка­лық құ­ны, тең­ге ТД (ЖКД) 46-б.
Та­у­ар­дың тү­ген­деу нө­мі­рі (болған жағ­дай­да)
Атал­ған та­у­ар­дың бух. есеп бой­ын­ша тұр­ған шо­ты­ның № (болған жағ­дай­да)
Пай­да­ла­ны­л­ған та­у­ар­дың са­ны кг./өл­шем бір­лі­гі
Та­у­ар­дың пай­да­ла­ны­луы жө­нін­де­гі құ­жат­тар
Та­у­ар­дың қал­ды­ғы кг./өл­шем бір­лі­гі
Ес­кер­ту***
ата­уы
№ және кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
* - Есеп есептілік кезеңдегі айдың соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен тоқсан сайын ұсынылады.
** - СТН – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде толтырылады,
- ЖСН/БСН - 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады.
*** - Ескертпеде есепті ұсынған сәтте тауардың нақты тұрған орны көрсетіледі (ұңғыманың нөмірі, кен орны және т.б.).
Заңды тұлғаның/жеке тұлғаның басшысы
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) бас бухгалтері
___________________ тегі, аты-жөні
(қолы)
Заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің (дара кәсіпкерде болған жағдайда) мөрімен расталады.

11 Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы талабы

Шетелдік тауарларды
пайдаланатын және (немесе)
иеленетін тұлғалардың кеден
органына, оның ішінде ақпараттық
технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілікті ұсыну туралы талабы
«___» ____________ 20__ ж. № ___________________
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 210-бабына сәйкес
_____________________________________________________________________
(кеден органның атауы)
Сізді
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе есептілікті ұсынған
заңды (жеке) тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін
тауарларды кедендік декларациялауды (ресімдеуді) жүзеге асырған кезде
толтырылады не жеке сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін
тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін тауарларды
кедендік декларациялауды жүзеге асырған кезде толтырылады)
_____________________________________________________________________
(тұлғаның заңды мекенжайы және орналасқан орны)
«___» __________ ____ ж. «___» __________ ____ ж. дейінгі
кезеңде ресімделген шетелдік тауар(лар) бойынша есептілікті ұсынудың
қажеттігі туралы хабардар етеді.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан
Республикасы Кодексінің 14, 210-баптарына сәйкес Сізге есепті
тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын
шетелдік тауарларды пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалардың
кеден органына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, есептілікті ұсыну қағидасына 1-қосымшада белгіленген нысан
бойынша шетелдік тауар(лар) жөнінде есептілік кезеңіндегі айдың
соңғы күнгі жағдайы бойынша өсу қорытындысымен есеп ұсыну қажет.
Кеден органының бастығы
_______________________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж. М.О.

Қолданыстағы