Қолданыстағы ред. 03.04.2012 (Редакция 55365_215972.kaz)

Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы от 11.10.2010 г. № 677 (Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы)

0

Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 және 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/1 ұйғарымдары негізінде ШЕШЕМІН:

1

1. Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесіне дейінгі Абай тұйығы – еңбек ардагері, "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған Қалмұрат Ешмаханов есімімен;
Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесінен кейінгі Абай көшесі мен Абай тұйығы деп аталып келген тұйық көше – еңбек ардагері, "Құрмет белгісі" ордені, "Еңбектегі ерлігі үшін", В.И.Лениннің 100 жылдығы юбилейлік медальдарына ие болған Мәді Әбдірамановтың есімімен;
Тасбөгет кентіндегі Юрий Гагарин көшесі – еңбек ардагері, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі, Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегері Сартай Мыхановтың есімімен қайта аталсын.

2

2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімінің орынбасары Ж.Байхадамовқа тапсырылсын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.