Қолданыстағы ред. 28.10.2010 (Редакция 55374_180888.kaz)

Аягөз қаласындағы Вернадский көшесінің атауын өзгерту туралы от 28.10.2010 г. № 01-02/28-11 (Аягөз қаласындағы Вернадский көшесінің атауын өзгерту туралы)

0

Аягөз қаласындағы Вернадский көшесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағын, 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының Вернадский көшесінің атауы Оразхан Құлсейтов атындағы көшесі болып өзгертілсін.

2

2. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.