Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил определения фактического местоположения береговой линии
- Атауы (қаз.)
- Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1172
- Қабылданған күні
- 08.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2015 AI55380_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001172
- ЭКБ идентификаторы
- 55380
- Редакция идентификаторы
- AI55380_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:59
0 Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы бекітілсін.
2 2. «Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы № 233 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 131-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1172 қаулысымен
бекітілген
Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы
1 1. Осы Жағалау жиегінің нақты орналасқан жерін айқындау қағидасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы су объектілерінің жағалау жиегін айқындау тәртібін анықтайды.
2 2. Жағалау жиегі - судың барынша толу (толық су) нәтижесінде пайда болатын су объектісінің жағалау жиегі.
3 3. Жағалау жиегінің нақты орналасқан жері құрғақ жер бетінің су объектілерінің (теңіздер, көлдер, өзендер, тоғандар және су қоймалары) бетімен қиылысқан оның белгілі бір деңгейіне (кемеріне) қарай белгіленетін шартты жиегі болып табылады.
4 4. Теңіздің жағалау жиегінің нақты орналасқан жері судың барынша көтерілген уақытында ең жоғарғы деңгейіне жеткен кезіндегі су кемерінің жиегі, ал көтерілу-түсу құбылыстары болмаған кезде - соқпа толқын жиегі болып табылады.
5 5. Өзендердің және оларға теңестірілген арналардың, көлдердің, тоғандардың жағалау жиегі су неғұрлым жоғары болатын маусымдағы су кемері болып табылады.
Жаз айларында суалып қалатын өзендердің жағалау жиегі негізгі арнаның айқын көрінген жиегі болып табылады.
6
6. Су қоймаларының жағалау жиегі су қоймасын пайдалануға қажетті су деңгейіне сәйкес келетін сүйеу көкжиегінің жиегі болып табылады. Егер су қоймасы сүйеу көкжиегінің деңгейіне дейін толмаған болса, онда оның жағалау жиегі су қоймасының суға толған сәтіндегі су деңгейінің жай-күйі бойынша көрсетіледі және картографиялық материалдарда тұрақсыз және айқындалмаған жағалау жиегінің шартты белгісімен бейнеленеді.