Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов

Өзге акт · № 4 · қабылданған 17.01.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5540/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов Күшін жойған 17.01.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов

Күшін жойған Өзге акт № 4 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении подготовительных мероприятий по учету плательщиков местных налогов
Атауы (қаз.)
Жергілікті салық төлемшілерін есепке алу бойынша дайындық шараларын жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
17.01.2000
Көрсетілген редакция
17.01.2000 5540_270833.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000395_
ЭКБ идентификаторы
5540
Редакция идентификаторы
5540_270833
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жергілікті салық төлемшілерін есепке алу бойынша дайындық шараларын жүргізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 12.12.2001 № 347 өкімімен.

1

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Жарлығына сәйкес жергілікті салық төлемшілерінің есебін сапалы жүргізу, 2000 жылы бюджетке салықты мерзімінде және толық түсіру мақсатында жергілікті салық төлемшелерінің есебін жүргізу жөніндегі дайындық шараларының жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 Облыс әкімінің 2000 жылғы

17 қаңтардағы
№ 4 өкімімен бекітілді
Жергілікті салық төлемшілерн есепке алу бойынша 2000 жылға дайындық шараларын жүргізу жоспары
Рет­тік са­ны
Ша­ра­лар аты
Орын­да­лу
мер­зі­мі
Ат­қа­ру­шы­лар
1
Мүлік, жер, көлік салыктарын есептеу және олардың есебін жүргізу, бқл жұмыстың әдіс тәсілдерін үйрену, заң актілерін зерделеуге салық комитеттері қызметкерлерін даярлау жөніндегі семинарлар кеңестер арнаулы сабақтар өткізу
01.02.2000
Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері
2
Облыс салық комитеттерін нұсқаулық құжаттар қатаң есептегі бланкалар басқа да қажетті материалдармен қамтамсыз ету
01.03.2000
Облыс бойынща салық комитеті
3
Кәсіпорындар басшылары тұрғындарға салық есебін жүргізу: мүлік, жер, көлік салықтарының төлену реті және мерзімдері туралы, салық жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік жөніндегі Ережені жеткізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу
тұрақты
Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері
4
Жеке автокөліктері бар тұлғаларды (бұқаралық акпарат құралдары арқылы) салық мөлшері, төлеу тәртібі жайлы хабардар ету, сондай-ақ салық төлемдерін қабылдаушы қаржы несие мекемелеріне салықтың мөлшерін есептеу және төлеу мерзімдерін кесте түрінде жеткізу
01.02.2000
Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері
5
Салық инспекторларының жұмыс атқаратын салық учаскелерінде аталған салық түрлерін есептеу жөніндегі жұмыстарына бақылау тексерістер жүргізу
01.04.2000
Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері
6
Салық салу бойынша облыстың 2-3 аудандық, қалалык салық комитеттеріндегі дайындық шараларынын өткізілу барысын тексеру
01.04.2000
Облыс бойынша салық комитеті
7
Жергілікті салықтарды есептеу жөнінде дайындық шараларының орындалу барысы туралы материалдарды облыстық салық комитеті басшылығының қарауына ұсыну
15.05.2000
Облыс бойынша салық комитеті
8
Салықты есептеу және жинау бойынша жасалған жұмыстар қорытындысын облыс салық комитетінің басшылығында қарау
26.06.2000- 26.10.2000
Облыс бойынша салық комитеті
9
Салық комитеттері, Ішкі істер басқармасының жол полицисы, "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталық" мемлекеттік кәсіпорыны және жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеті, Тұрғын үй құрылысы, сәүлет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы және мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетімен бірлескен кеңес енгізу
01.03.2000
Облыс бойынша салық комитеті, қала, аудандар бойынша салық комитеттері ,жол полициясы, ''Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталық'' мемлекеттк кәсіпорыны жер қатынастары және
жерге орналастыру жөніндегі комитеті, Тұрғын үй құрылысы, сәүлет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы және мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті
10
Салық комитеттерін мынадай мәліметтер беріп тұруға міндеттеу
1) жол полициясы органдары жеке пайдалануға құқылы автокөліктері бар, сенім қағазбен басқа біреулерге пайдалануға берілгендердің, сонымен бірге шаруашылық мекемелері мен басқару орындарының мемлекеттік есептегі көліктері туралы, олардың пайдалану уақыты мен техникалық байкаудан өту мерзімдері жөнінде мәліметтерді
01.04.2000
Жол полициясы органдары
2) әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері мен әскери комиссариаттар салық жеңілдіктерін беру үшін қажеті
мәліметтерді
01.04.2000
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы және әскери комиссариаттар
3) тұрғын уй құрылысы, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармалардың, жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелері, үй салу, жеке шаруашылықты жүргізу, бау-бақша салу, тағы да басқа мақсаттарға бөлінген және қайта тіркелінген жер учаскелері туралы мәліметтерді
01.04.2000
Тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтарда кұрылыс салу басқармасы
жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитеті
4) "Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталык" мемлекеттік кәсіпорыны жеке тұлғалардың үйлерінің бағасы туралы мәліметтерді
01.04.2000
"Қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталык" мемлекеттік кәсіпорыны
5) бау-бақша серіктестіктері мен гараж кооперативтері бөлінген жер учаскелері бар мүшелерінің тізімін нақтылы жер көлемінің мөлшерін жер учаскесінің нөмірін, тұрақты мекен жайы көрсетілген мәліметтерді
01.04.2000
Бау-бақша серіктестіктері мен гараж кооперативтері
6) жеке меншік пәтер иелері кооперативтері – өз қарамағындағы учаскелеріндегі мешігінде пәтерлері бар тұрғын үй иелері және кәсіпкерлік қызметке пайдаланылатын объектілер мәліметтерді
01.04.2000
Жеке меншік пәтер иелері
кооперативтері
7) қалалық, аудандық, селолық округтердің мөлшеріне жаңадан берілген жер учаскелері жайлы мәліметтерді
01.04.2000
Қалалық, аудандық,
селолық округтер
8) жекешелендірілген объектілер және меншік иесінің өзгергені жөнінде мәліметтерді
тұрақты
Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру аумақтық комитеті, коммуналды меншіктің басқармасы