О создании акционерного общества "КазМедТех"
Қолданыста
Қаулы
·№ 1238
·
15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании акционерного общества "КазМедТех"
- Атауы (қаз.)
- "ҚазМедТех" акционерлік қоғамын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1238
- Қабылданған күні
- 23.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI55406_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1000001238
- ЭКБ идентификаторы
- 55406
- Редакция идентификаторы
- AI55406_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:53
0 "ҚазМедТех" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2 2) Қоғамның медициналық техниканы өндірушілермен және өндірушілердің ресми өкілдерімен аффилирленуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1238 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қ.» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-122 жолмен толықтырылсын:
«21-122. «ҚазМедТех» АҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-9-жолмен толықтырылсын:
«227-9. «ҚазМедТех» АҚ».