Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил признания фильма национальным

Бұйрық · № 109 · қабылданған 05.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55416/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил признания фильма национальным Күшін жойған Бұйрық ·№ 109 ·05.10.2010
10.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил признания фильма национальным

Күшін жойған Бұйрық ·№ 109 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил признания фильма национальным
Атауы (қаз.)
Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
05.10.2010
Көрсетілген редакция
10.04.2019 55416_399216.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006613
ЭКБ идентификаторы
55416
Редакция идентификаторы
55416_399216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:13

0 Фильмді ұлттық деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Фильмді ұлттық деп тану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрі міндетін
атқарушының 2010 жылғы
5 қазандағы № 109 бұйрығымен
бекітілген
Фильмді ұлттық деп тану қағидалары

1 1. Осы фильмді ұлттық деп тану Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 28-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін айқындайды.

2 2. Фильм мынадай негіздердің жиынтығына сәйкес келсе:

1 1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білуге қызмет ететін болса;

2 2) фильмдерді шығару, тарату және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) кезінде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде жетпіс процентін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса;

3 3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш иесі) фильмнің продюсерлері болып табылса;

4 4) фильм түсіретін топтың құрамына кіретіндердің (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) отыз пайыздан аспайтыны Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар болса;

5 5) фильм шығарудағы шетелдік инвестициялар фильмнің сметалық құнының отыз процентінен аспаса;

6 6) фильмді шығару ішінара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылса, ұлттық деп танылады.

3 3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес шетелдік кинематографиялық ұйымдармен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.

4 4. Фильмді ұлттық деп тану үшін өтініш иесі мәдениет саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) келесі құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырады:

1 1) уәкілетті органның басшысының атына фильмді ұлттық деп тануға еркін нысандағы өтініш. Өтініште міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

фильмнің атауы;
фильмді шығарған ел;
фильмді шығарушы-студия;
фильмнің шыққан жылы;
фильмнің форматы;
фильмнің хронометражы;
фильм серияларының саны;
фильмнің жанры;
фильмнің индексі;
фильмнің авторлары (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық шығарманың авторы);
фильмнің продюсерлері;
фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (олар болған жағдайда);
өтініш берушінің деректемелері (заңды мекен-жайы, заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру номері, жеке тұлға, жеке кәсіпкер үшін – жеке сәйкестендіру номері);
өтініш берген күн және өтініш берушінің қолы;

2 2) техникалық талаптарға сәйкес келетін кез келген жеткізгіштердегі фильмнің көшірмесі;

3 3) фильмді шығаруға, таратуға және көпшілікке көрсетуге (демонстрациялауға) жасалған шарттар көшірмелері;

4 4) заңды тұлғаның – продюсердің мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы куәлігінің* немесе анықтамасының және оның құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе жеке тұлға – продюсердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Ескерту: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

5 5) фильм түсіретін топтың құрамымен (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) жасасқан шарттардың көшірмелері және олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері;

6 6) фильмнің сметалық құнын және оны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттар.

5 5. Осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар, уәкілетті органға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Егер құжаттар осы Қағидаларының 4-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар қаралмастан, уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қайтарылады.

6 6. Ұсынылған құжаттарды қарастыру үшін уәкілетті орган, уәкілетті органның өкілдерінен және кинематография саласындағы мамандардан тұратын комиссия құрады. Комиссия төрағадан, комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады.

Комиссияның шешімі оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен төрағасының жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия хатшысы дауыс беру құқығына ие болмайды.
Комиссия хаттамамен рәсімделетін фильмді ұлттық деп тану немесе фильмді ұлттық деп танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7 7. Комиссияның фильмді ұлттық деп тану туралы шешімі комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті органның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен рәсімделеді.

8 8. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту үшін:

1 1) өтініш беруші осы Қағиданың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды табыс етсе;

2 2) егер фильм халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білу үшін қызмет етуге қабілетті жоғары көркемдік деңгейге сәйкес келмесе;

3 3) егер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар фильмдерді шығару, тарату және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) жөніндегі смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің жетпіс процентінен кемін жүзеге асыратын болса;

4 4) егер фильмнің продюссерлері Қазақстан Республикасының азаматы болмаса және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылмаса;

5 5) егер фильм түсіретін топтың құрамына кіретіндердің (режиссерлер, операторлар, дыбыс операторлары, киім суретшілері, монтаждаушылар, басты рөлдерді орындайтын актерлер) отыз пайыздан астамы Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса;

6 6) егер фильм шығарудағы шетелдік инвестициялар фильмнің сметалық құнының отыз процентінен асып кетсе;

7 7) егер фильмді шығару ішінара немесе толығымен республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмаса, негіз болып табылады.

9 9. Фильмді ұлттық деп танудан бас тарту жазбаша түрде бас тартудың дәйекті себебін көрсетумен осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы