Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов

Ереже · № 357 · қабылданған 22.02.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5543/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов Қолданыста 22.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов

Қолданыста Ереже № 357 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил передачи в собственность субъектам малого предпринимательства неиспользуемых помещений и объектов
Атауы (қаз.)
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді беру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
357
Қабылданған күні
22.02.2000
Көрсетілген редакция
22.02.2000 5543_258091.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00P0000233
ЭКБ идентификаторы
5543
Редакция идентификаторы
5543_258091
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектілерді беру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Жалғанған өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне берудің Ережесі бекітілсін.

2. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы жоғарыда көрсетілген Ереженің жұмыс істеп тұрған зандарға сәйкес тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.

4 Атырау облысы әкімінің 2000

жылғы 22 ақпан № 357
шешімімен бекітілген
Өндірістік қызмет ұйымдастыру және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардын пайдаланылмай тұрған жағдайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне берудің Ережелері

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына және 1997 жылғы 19 маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы»Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталған және өткізілген тендер бойынша жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген бітпеген құрылыс объектісін (алға қарай-бітпеген құрылыс объектісі) бір жыл мерзімге жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға (алға қарай-объект) берілген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік үлесі бар ұйымдардың пайдаланылмай тұрған жайлары мен объектілерін, кеңселік жайларын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беруді реттейді.

2. Объектіні жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімі жасалғанда белгіленген мерзімі аяқталған соң, шағын кәсіпкерлік субъектілері объектіні меншігіне тегін беру туралы өтінішті төмендегі жағдайларда беруге құқылы:

1) объектінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарын толықтай орындағанда;

2) объектіні өндірістік қызмет ұйымдастыруға және халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге (сауда-саттық пен делдалдықтан басқа) пайдаланғанда.

3. Объектіні жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімдері шарттарының шағын кәсіпкерлік субъектілерімен орындалуын бақылау үшін коммуналдық меншік басқармасы жанынан тұрақты жұмыс жасайтын Комиссия құрылады (алға қарай-Комиссия).

Комиссия коммуналдық меншік басқармасының тиісті бұйрығымен құрылады.
Комиссия төрағасы болып коммуналдық меншік басқармасының бастығы немесе оның орынбасары тағайындалады.

4. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің объектіні жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімі шартарының орындауына бақылау жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімі жасалған күннен алты ай өткен соң объектіге барып тексеру жүргізу арқылы атқарылады.

Бітпеген құрылыс объектілері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарының орындалуын тексеру комиссияның өз еркімен инвестицияның көлемі мен кезеңдеріне, келісімнің шарттарындағы объектіні іске қосу мерзіміне сәйкес жүргізіледі. Бірақ тексерулер жылына бір реттен артық жүргізілмейді, ал адам саны 10-ға дейінгі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үш жылда бір реттен артық жүргізілмейді.

5. Жасалған тексерудің нәтижесі бойынша жалдау немесе сенімгерлікпен басқарудың келісім-шарттағы орындалу барысы және өндірістік қызметтің және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылуы туралы комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылады.

Комиссия тұжырымында жүргізілген тексерудің орны мен уақыты, комиссияның құрамы, объектінің атауы, жасалған жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің реттік саны мен уақыты, өндірістік қызметтің және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылуының фактісі, жүргізілген тексерудің нәтижесі, жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін мерзімінен бұрын бұзудың (сақтаудың) тиімділігі туралы Комиссияның ұйғарымы міндетті түрде болуы қажет.
Комиссияның тұжырымымен келіспеген жағдайда әрбір комиссия мүшесі жеке ойын білдіруге құқылы және ол тұжырымда көрсетілуі тиіс.

6. Тексеруден кейінге бес күн ішінде хатталған тұжырымның бір данасы объектіні жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға алған кіші кәсіпкерлік субъектісіне қолын қойғызып немесе арнайы хатпен берілуге жатады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі комиссияның тұжырымымен келіспеген жағдайда комиссия тұжырымын белгіленген заң тәртібімен бұздыртуға құқылы.

7. Тексерудің қортындысы бойынша басқарма төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы;

2) Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің күшін жою және объектіні тендерге шығару туралы.

Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы шешім тек Комиссияның оң қортындысы болғанда және жалдауға немесе сенімгерлікпен басқаруға жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес өндірістік қызметті немесе халыққа қызмет көрсету ісінің ұйымдастырылғанында ғана қабылдануы мүмкін.

8. Объектіні жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берген келісімнің мерзімі біткен соң, жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің қалған шарттарының орындалуын және өндірістік қызметті жүргізгенін дәлелдейтін шағын кәсіпкерлік субъектісі тапсырған құжаттар негізінде басқарма шешім етеді.

1) Объектіні меншігіне беру туралы (жалдау немесе сенімгерлікпен басқару мерзімі бір жылдан асатын бітпеген құрылыс объектілері бойынша – жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімін күшінде қалдыру туралы);

2) Келісімді бұзу және объектіні тендерге шығару туралы (бітпеген құрылыс объектісі бойынша-мерзімінен бұрын бұзуға)

Объектіні меншікке беру тек жалдау немесе сенімгерлікпен басқару келісімінің шарттарын толық орындағанда қабылдануы мүмкін.

9. Объектіні шағын кәсіпкерлік субъектісіне беру мемлекеттік меншік объектілерін тегін беру туралы келісім мен объектіні тапсыру-қабылдап алу актісі негізінде жүргізіледі.

Мәміленің тіркелуі заңмен бекіткен тәртіп бойынша жүргізіледі.

10. Жалға беру немесе сенімгерлікпен басқару келісімі бұзылғанда объект қайтарып алынады және қайтадан тендерге шығарылады.

11. Егер сақталу жағдайын қамтамасыз етпеу, өз мақсатында пайдаланбау т.б. негізінде объектіге нұқсан келтірілсе шағын кәсіпкерлік субъектісі келтірілген шығынның орнын толтыруға міндетті.

12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер заң жүзінде реттеледі.