Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними"

Бұйрық · № 767 · қабылданған 28.09.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55430/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними" Күшін жойған Бұйрық ·№ 767 ·28.09.2010
18.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 767 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к эксплуатации персональных компьютеров, видеотерминалов и условиям работы с ними"
Атауы (қаз.)
"Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
767
Қабылданған күні
28.09.2010
Көрсетілген редакция
18.05.2012 AI55430_4.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006526
ЭКБ идентификаторы
55430
Редакция идентификаторы
AI55430_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:16

0 "Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 145-бабының 1), 11), 14), 16), 17), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. «Балалар мен жасөспірімдердің және коммуналдық гигиенасы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 631 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3073 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2005 жылғы 23-24 қарашадағы № 153-154 (777-778) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 767 бұйрығымен
бекiтiлген
«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесi (бұдан әрi – санитариялық ереже) дербес компьютерлердi (бұдан әрi - ДК), планшетті дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ПлДК), ноутбуктерді, бейнетерминалдарды (бұдан әрi - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс iстеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлардың әсерiне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейдi.

2 2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды.

Қызметі ДК, ПлДК, бейнетерминалдарды пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
ДК, ПлДК және бейнетерминалдар арқылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда пайдалануға енгізуге жол беріледі.

3 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1 1) қауіпсіз электромагниттік сәулелену – адамның денсаулығына зиянды әсер ететін электромагниттік сәулелену деңгейі;

2 2) бейнетерминал – бейненi көрсетуге арналған құрылғы. Клавиатура тәрiздi енгiзу (кiру блогы) құрылғысымен жабдықталған, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы;

3 3) жерге қосу нұсқасы – жермен тікелей жанасатын жерге қосылатын жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) нұсқасы бойынша орналастырылған металл өткізгіштер жиынтығы;

4 4) үй-жайдың кешенді жасанды жарығы – жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарық;

5 5) үй-жайды кешенді табиғи жарықтандыру – жоғарғы және бүйірлік табиғи жарықтандырудың үйлесуі;

6 6) жарықтандырудың өту коэффициенті – жарықтандырудың өту коэффициенті К % - газды разрядты шамдардың айнымалы токпен қуаттандыру кезінде олардың жарық ағынының уақыт ішінде өзгеруі нәтижесінде жарық тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалау критерийі;

7

7) ноутбук – кітапша түрінде жиналатын, дисплей мен клавиатураны қоса алғанда шағын бір корпуста барлық қажетті компоненттері (соның ішінде монитор) бар портативті дербес компьютер. Сымды және сымсыз желілерге қосылатын жетілдірілген құралдары, ішіне салынған мультимедиялық жабдығы (динамиктер, жиі микрофон және веб-камера) болады;

8 8) дербес компьютер – жеке тұлғаның автономды пайдалануына арналған микрокомпьютер;

9 9) периметрмен орналастыру – жиһаздарды, жабдықты қабырға бойында (периметрi бойынша) орналастыру;

10 10) жайсыздық көрсеткiшi – көру аймағында жарықтықты бiрқалыпты бөлмеу кезiнде жағымсыз әсер тудыратын жайсыз жылтырауды бағалау критерийi;

11 11) планшетті дербес компьютер – стилустың немесе саусақтардың көмегімен клавиатураны және тышқанды пайдаланбастан жұмыс істейтін, экранмен қосылған, қолмен енгізетін планшетті құрылғымен жабдықталған ноутбуктер тобы;

12 12) жұмыс беті – жұмыс жүргiзiлетiн және жарық нормаланатын немесе өлшенетiн бет;

13 13) қатармен орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бiрiнен кейiн бiрiн қатармен орналастыру;

14 14) стилус – сенсорлы экранмен жұмыс істеуге арналған пластмасса өзек;

15 15) «в» типiнiң 3-санатты дiрiл деңгейi – оқу пункттерi, есептеу орталықтары, денсаулық сақтау пункттерi, кеңсе үй-жайларының, жұмыс бөлмелерiнiң және ақыл-ой еңбегi қызметкерлерiне арналған басқа да үй-жайлардың жұмыс орындарындағы жалпы дiрiл;

16 16) орталықта орналастыру – жиһаздар мен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру;

17 17) электрондық кітап – электрондық түрде берілген мәтіндік ақпаратты көрсетуге арналған шағын планшетті компьютер.

2 2. ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-дi орналастыруға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4 4. ДК, ПлДК, ноутбуктер және БТ пайдалануға арналған үй-жайларда осы санитариялық ережеде келтірілген жарықтандырудың, микроклиматтың, желдетудің нормаланған параметрлерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.

ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-ны бiлiм беру ұйымдарының цокольды қабаттарында орналастыруға жол берiлмейдi. ДК және БТ-ның жұмыс орындарын күш беретiн кабельдер, жоғары вольтты трансформаторлар, технологиялық жабдықтар орналасқан жерге орнатуға жол берiлмейдi.

5

5. Электронды сәуле түтiгi (бұдан әрi - ЭСТ) негiзiндегi ДК және БТ пайдаланушыларының бiр жұмыс орнының ауданы, оның iшiнде халыққа қызмет көрсететiн мәдени ойын-сауық объектiлерiнде қатарда кемiнде 6 шаршы метр (бұдан әрi – м2), орталықта және периметр бойынша орналасқанда - 4 м2, БТ-ны тегiс дискреттiк экрандар (сұйық кристалл, плазмалық) базасында пайдаланғанда кез келген орналасуда 4 м2 құрайды.
ПлДК, ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнына арналған алаңға 2,5 м2 жол беріледі.
6 - 7. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8

8. ДК және БТ орналасқан үй-жайлардың ішкі көрінісін өңдеуге пайдаланылатын полимерлік материалдар санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өтеді және жабық үй-жайлардың ауасына зиянды химиялық заттар бөлмейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда үй-жайды өңдеу үшін ағаш жаңқаларынан жасалған тақтайларды, қатпарлы пластиктерді, синтетикалық кілем жапқыштарын пайдалануға жол берілмейді.

9 9. Үй-жайдағы еденнің беті антистатикалық қасиеттерге ие болуы, ойықтары мен саңылаулары жоқ болуы тиіс. ДК-мен және БТ-мен жабдықталған үй-жайларда күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі.

10 10. ДК және БТ орналастырылған үй-жайлар ДК пайдалану бойынша техникалық талаптарға сәйкес қорғаныш жерлендірумен жабдықталады, электр розеткалары жерлендіру сұлбасына қосылады.

11 - 12. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13 13. Тұрғын үй ғимараттарында орналастыру кезінде келушілерге арналған кіру есігі тұрғын пәтерлерге кіру есігінен оқшауланады.

14 14. Үй-жайларда келушілердің сыртқы киімдеріне арналған гардероб бөлмелері немесе шкафтар (ілгіштер) және санитариялық тораптар қарастырылады.

15 15. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

16

16. Компьютерлері және ойын кешендері бар бір орындық үстелдерді екі-үш қатар орналастыру кезінде үстелдердің бүйір беттерінің арасындағы әрбір қатардағы қашықтық кемінде 0,5 м, бір қатар орналастыру кезінде бір бейнемонитор мен басқа экран бетінің аралығы арасындағы қашықтық кемінде 2 м, ойын автоматтарының бүйір беттері арасындағы қашықтық кемінде 0,2 м болады.

17 17. Физикалық және химиялық факторлар деңгейі осы санитариялық ережеге 1-6-қосымшаларда ұсынылған.

18 18. Өнімдер мен зиянды және қауіпті факторлардың бақыланатын гигиеналық параметрлерінің тізбесі осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 1-кестесінде ұсынылған.

19 19. ДК шығаратын октавалық жиілік жолақтарындағы дыбыс қысымының және дыбыс деңгейінің рұқсат етілген мәндері осы санитариялық ережеге 1-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген мәннен аспайды.

20 20. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21 21. Экраннан және ЭСТ-дегi БТ корпусынан 0,05 метр (бұдан әрi - м) қашықтықтағы кез келген нүктедегi рентген сәулесiнiң экспозициялық дозасының қуаты реттейтiн құрылғылардың кез келген қалыптарында сағатына 1 микро Зиверттен аспауы тиiс.

22 22. ДК бар жұмыс орындарын орналастыру кезінде бейнемониторлары бар жұмыс үстелдері мен бір бейнемонитордың сыртқы бетінің арасындағы экранға дейінгі қашықтық кемінде 2 м, бейнемониторлардың бүйір беттерінің арасындағы қашықтық кемінде 1,2 м болуы тиіс.

23 23. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24 24. Бейнемонитордың экраны пайдаланушының көзінен 600-700 миллиметр (бұдан әрі - мм) қашықтықта, бірақ алфавиттік-сандық белгілердің және символдардың мөлшерін есепке ала отырып, 500 мм жақын емес қашықтықта болады.

25 25. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

26 26. Құрамына БТ және ДК кіретін технологиялық жабдықтармен жұмыс істейтін жұмыс орындарын (программамен басқарылатын станоктар, роботпен атқарылатын технологиялық кешендер, диспетчерлік басқару пульттері) ұйымдастырғанда мыналар:

1 1) қауіпсіз еңбек жағдайы;

2 2) ақпараттарды енгізіп-шығару үшін экранның оңтайлы көрсетуін қамтамасыз ететін құрылғылардың орналасу жағдайы;

3 3) қолмен басқарылатын органдардың қол жетімділік;

4 4) алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

5 5) БТ және ДК экранының көлденең және тік біліктің айналасында айналу мүмкіндігі көзделеді.

27 27. БТ және ДК орналасқан үй-жайлар алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрі-дәрмек қобдишаларымен және көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен жабдықталады.

28 28. ДК және БТ-мен үздiксiз жұмыс iстеу ұзақтығы 2 сағаттан артық емес ұсынылады.

ПлДК салмағы:

1 1) 1-4 сынып оқушылары үшін 1 кг артық емес;

2 2) 5-8 сынып оқушылары үшін 1,5 кг-ға дейін;

3 3) 9-11 сынып оқушылары үшін 1,5-тен 2,5 кг-ға дейін.

3 3. Микроклиматқа, жұмыс аймағы ауасындағы аэроиондар мен зиянды химиялық заттардың құрамына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

29

29. ДК пайдалана отырып жұмыс iстеу қосалқы, негiзгi болып табылатын (диспетчерлiк, операторлық, есептеу, басқару посттары мен кабиналар, есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен байланысты өндiрiстiк үй-жайларда жұмыс орындарындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы осы санитариялық ережеге 2-қосымшаның 1-кестесiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келеді.

30 30. Білім берудің барлық үлгідегі ұйымдарының үй-жайларында және ДК және БТ орналасқан бос уақытты өткізетін обектілерде осы санитариялық ережеге 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес микроклиматтың оңтайлы параметрлері қамтамасыз етіледі.

31 31. ДК және БТ бар үй-жайлар жылыту жүйесімен жабдықталады және жалпы алмасу желдеткіші болады.

32 32. ДК орналасқан үй-жай ауасының иондану деңгейлері осы санитариялық ережеге 3-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес келеді.

33

33. ДК пайдалана отырып жұмыс істеу қосалқы, негізгі (диспетчерлік, операторлық, есептеу, басқару посттары мен кабиналар және есептеу техникасының залдары) болып табылатын өндірістік үй-жайлардың, білім беру ұйымдарының ауасындағы зиянды химиялық заттардың болуы өндірістік үй-жайлардың ауасы үшін белгіленген қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануынан аспауы тиіс.

4 4. ДК физикалық факторларының әсері кезінде жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

34 34. ДК мен БТ-де жұмыс істеу негізгі болып табылатын өндірістік үй-жайлардағы, білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі ұйымдардағы, бос уақытты өткізетін объектілердегі тиісті үй-жайлардың жұмыс орнындағы дыбыстың деңгейі 50 децибеллден А (бұдан әрі - дБА) аспауы тиіс.

Инженерлік-техникалық жұмыстарды орындау кезінде, зертханалық, талдау және өлшеу бақылауды жүзеге асыру кезінде ДК және БТ бар үй-жайларындағы шудың деңгейі 60 дБА аспайды. Операторлардың үй-жайларында шудың деңгейі 65 дБА-ден аспауы тиіс. Есептеу машиналарының шулы агрегаттары орналасқан үй-жайлардың жұмыс орындарындағы шу деңгейін 75 дБА аспайды.

35 35. Шу деңгейін төмендету мақсатында үй-жайларды әрлеу үшін қауіпсіз дыбыс сіңіретін материалдар пайдаланылады.

36

36. Діріл деңгейі осы санитариялық ережеге 4-қосымшада көрсетілген «в» типінің 3-санаты үшін рұқсат етілген мәннен аспайды. Білім беру ұйымдарындағы, мектепке дейінгі ұйымдардағы, қоғамдық ғимараттардағы және бос уақытты өткізетін объектілердегі тиісті үй-жайлар үшін діріл деңгейі осы санитариялық ережеге 5-қосымшада көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді.

37

37. ДК және БТ-мен жұмыс орындарындағы электромагниттiк иондамайтын сәулелердiң рұқсат етiлген деңгейлерi осы санитариялық ережеге 6-қосымшада келтiрiлген. Құрал-саймандық бақылау жүргiзу әдiстемесі және ДК пайдаланушылардың жұмыс орындарындағы электромагниттiк өрiстің гигиеналық деңгейлері осы санитариялық ережеге 7-қосымшада келтiрiлген.
Шу деңгейі нормативті деңгейден асатын жабдықтар (баспа құрылғылары, серверлер және т.б.) ДК, ПлДК, ноутбуктер, БТ үй-жайларынан бөлек орналастырылады.

5 5. Жұмыс орындарындағы жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

38 38. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

39

39. БТ мен ДК пайдалануға арналған үй-жайдағы жасанды жарықтандыру жалпы біркелкі жарықтандыру жүйесімен жүзеге асырылады. Өндірістік және әкімшілік-қоғамдық үй-жайлардағы жұмыс орындарында аралас жарықтандыру жүйесі қолданылады (жалпы жарықтандыруға қосымша жұмыс орнының аймағын жарықтандыру үшін жергілікті жарықтандыру шырағдандары орнатылады).

40 40. Жұмыс үстелі бетіндегі жарықтандыру жалпы жүйеден кемінде 300 люкс (бұдан әрі - лк), аралас жарықтандыру кезінде 500 лк және ол болмаған жағдайда 400 лк болады. Жарықтандыру экранның бетінде жарқылды болдырмауы тиіс. Экран бетінің жарықтануы 200 лк аспауы тиіс.

41 - 44. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

45 45. Жасанды жарықтандыру кезінде жарық көздері ретінде люминесценттік шамдар пайдаланылады. Жергілікті жарықтандыру шырағдандарында қыздыру шамдарын, оның ішінде қуат үнемдейтін шамдарды пайдалануға жол беріледі.

46 - 47. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

48 48. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жарықтың пульсация коэффициенті 5%, әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда 10% аспайды.

49 49. ДК пайдалануға арналған үй-жайларда жарықтың нормаланған мәнiн қамтамасыз ету үшiн iстен шыққан шамдарды ауыстыру жүргізіледі, терезе жақтауларының әйнектерiн және шырағдандарды тазалау жылына кемiнде екi рет жүзеге асырылады.

Экрандағы жарқылдардың алдын алу үшін терезе ойықтары қорғаныш құрылғыларымен немесе жалюздермен жабдықталады.

6 6. Пайдаланушыларға арналған ДК, ПлДК, ноутбуктермен жұмыс iстеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

50 50. Пайдаланушыларға арналған үстелдiң жұмыс бетiнiң биiктiгi 680-800 мм шегiнде реттеледi.

51 51. Олардың негізінде конструкциялық өлшемдер есептелуі тиіс ДК арналған үстелдің жұмыс бетінің модульді өлшемдерін былай есептеген жөн: ені 800, 1000, 1200 және 1400 мм, оның биіктігі 725 мм тең реттелмеген жағдайда тереңдігі 800 және 1000 мм.

52 - 56. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7 7. Жалпы бiлiм беру ұйымдарында, орта және жоғары бiлiм беру ұйымдарында ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

57 57. Сабақ оқуға арналған үй-жайлар бiр орындық үстелдермен жабдықталады. ДК, ПлДК, ноутбуктермен және БТ-мен жұмыс iстеуге арналған бiр орындық үстелдiң құрылымында мыналар:

1 1) екi бөлек бет: бiреуi биiктiгi 520-760 мм шегінде ыңғайлы реттеушісі бар ДК орналастыруға арналған және екiншiсi - биiктiгi мен еңкею бұрышы 0-ден 15 градусқа дейiн ыңғайлы реттеушісі бар клавиатураға арналған, жұмыс қалпында бекiтiлген;

2 2) ДК, ПлДК, ноутбуктер мен БТ-ға арналған клавиатура бетiнiң енi кемiнде 750 мм (екi беттiң енi бiрдей болады) және тереңдiгi кемiнде 550 мм;

3 3) ДК, ПлДК, ноутбуктер немесе БТ-ға және клавиатураға арналған беттердiң электр қуатының сымы және жергiлiктi желiнiң кабельдерi орналасқан тiреушеге тiреуiш. Тiреушенiң негiзiн аяқ қойғышпен бiрге бiрiктiрген дұрыс;

4 4) жұмыс орнын принтермен жабдықтаған кезде беттiң енiн 1200 мм дейiн үлкейту;

5 5) биiктiгi және еңкею бұрышы бойынша реттелетiн, негiзгi үстелдің үстіңгі тақтайынан бөлек клавиатураға арналған қондырғы, тiреушенің негiзiне біріктірілген аяқ қойғыш көзделедi.

58 58. ДК бар жұмыс орнының негізгі өлшемдері, үстелдің жиегінің биіктігі және аяққа арналған кеңістіктің биіктігі оқушылардың аяқ киіммен отырғандағы бойына, осы санитариялық ережеге 8-қосымшаның 1, 2-кестелеріне сәйкес келеді.

59 59. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

60 60. Мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде БТ, ДК, ПлДК-мен және ноутбуктермен тікелей болатын сабақтардың үзіліссіз ұзақтығын оқу сағаты ішінде мынадан асырмау ұсынылады:

Ата­уы
Са­бақ­тар­дың ұз­ақ­тығы
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар және 1 сы­нып­тар
15 ми­нут­тан ар­тық емес
2-3 сы­нып­тар
20 ми­нут­тан ар­тық емес
4-5 сы­нып­тар
25 ми­нут­тан ар­тық емес
6-8 сы­нып­тар
30 ми­нут­тан ар­тық емес
9-11 сы­нып­тар
35 ми­нут­тан ар­тық емес

61 61. 10-11 сынып оқушыларына арналған жұпталған сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 10 минут болуы, сол уақыт ішінде оқушыларды міндетті түрде бөлмеден шығару, үй-жай толық желдетілуі тиіс.

62

62. Өндірістік практика кезінде ДК, БТ немесе ДК-мен тікелей жасалатын жұмыстың уақыты 16 және одан жоғары жастағы оқушылар үшін 3 сағаттан, жасы 16-дан кіші оқушылар үшін міндетті түрде жұмыс режимі сақтала отырып 2 сағаттан аспайды. Жұмыс кезінде мынадай профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар және 45 минут сайын үзіліс кезінде дене шынықтыру жаттығулары.
63 - 69. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8 8. Мектепке дейiнгi ұйымдарда БТ, ПлДК, ноутбуктер мен ДК-де оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

70 70. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

71 71. Мектепке дейiнгi ұйымдарда компьютерлiк ойын сабақтары аптасына 2 реттен жиi жүргiзiлмейдi.

72 72. БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК-мен сабақтарды ұйқыға арналып бөлінген уақыт, күндiзгi серуен және басқа да сауықтыру іс-шаралары есебінен жүргізуге жол берiлмейдi.

73 73. БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК пайдаланатын мектеп жасына дейiнгi балалардың сабақтарын әдiскер өткізеді немесе оның қатысуымен жүргiзiледi.

74 74. Жасына қарамастан екi және одан да көп балаларға БТ, ПлДК, ноутбуктер және ДК-ді бір мезгілде пайдалануға жол берiлмейдi.

75 75. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.04.25 № 217 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

76 76. Сабаққа арналған орындықтардың өлшемдері осы санитариялық ережеге 8-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген. Орындықтарды табуреткаларға немесе скамейкаларға айырбастауға жол берілмейді.

1 Өнімдердің және зиянды және қауіпті факторлардың бақыланатын гигиеналық параметрлерінің тізбесі

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
1-қосымша
Өнімдердің және зиянды және қауіпті факторлардың бақыланатын гигиеналық параметрлерінің тізбесі
1-кесте
Өнім түр­ле­рі
Өнім­дер­дің жал­пы клас­си­фи­ка­ци­я­сы
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті фак­тор­лар­дың ги­ги­е­на­лық па­ра­метр­ле­рі
Элек­трон­ды есеп­теу ма­ши­на­ла­ры:
сан­дық, дер­бес сан­дық,
Прин­тер­лер, ска­нер­лер, мо­дем­дер, тоқ кө­зі­нің құ­ры­лым­да­ры, тоқ­та­у­сыз дең­гейі тоқ кө­зін бе­ре­тін бл­ок­тар және бас­қа да
Құ­ры­лым­дар
Ақ­па­рат­ты бей­не­леп бе­ре­тін қон­дыр­ғы зи­ян­ды заттар­дың дең­гейі, (бейне тер­ми­нал­дар) ДК-ны пай­да­ла­на­тын ой­ын ав­то­мат­та­ры
401300
401350
401370
403000
403200
968575
ЭМӨ, шу­дың, қа­нық­па­ның, ауа­да­ғы зи­ян­ды заттар­дың, БДТ көз­ге кө­рі­не­тін көр­сет­кіш­те­рі­нің дең­гейі, рент­ген сәу­ле­сі ЭМӨ, шу­дың, қа­нық­па­ның, ауа­да­ғы зи­ян­ды заттар­дың
ЭМӨ, шу­дың, қа­нық­па­ның, ауа­да­ғы рент­ген сәу­ле­сі
ЭМӨ, шу­дың, қа­нық­па­ның, ауа­да­ғы зи­ян­ды заттар­дың, БДТ көз­ге кө­рі­не­тін көр­сет­кіш­те­рі­нің дең­гейі, рент­ген сәу­ле­сі
Ескертпе: Жеңіл рентген сәулесіне бақылау жасау бейнетерминалдары үшін электронды сәуле түтігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
ДК арқылы жасалынатын октава жолағындағы дыбыс қысымының және дыбыс деңгейлерінің рұқсат етілген мәні
2-кесте
Ок­та­ва­лық жо­лақ­тар­да­ғы ор­та­гео­мет­ри­я­лық жи­і­лік­те­гі ды­быс қы­сы­мы­ның дең­гейі, дБ (Герц) (бұ­дан әрі - Гц)
дБА-мен өл­шен­ген,  ды­быс дең­гейі
31,5 63 125 250 500 1000 2000 4000 8000
Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц Гц
86 71 61 54 49 45 42 40 38
дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ дБ
50
Ескертпе: Дыбыс деңгейін және дыбыс қысымын өлшеу жұмыс орнында жүргізіледі. Ақпаратты бейнелеп беретін құрылғылардың көзбен көрінетін рұқсат етілген параметрлері

2 Өндірістік үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
2-қосымша
Өндірістік үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары
1-кесте
Жыл ке­зеңi
Жұ­мыс са­на­ты
Ауа тем­пе­ра­ту­ра­сы ар­тық емес
Ауа­ның са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лы­ғы, %
Ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы, се­кун­ды­на метр (бұ­дан әрі – м/с)
Сал­қын
Жы­лы
1а жеңiл
1б жеңiл
1а жеңiл
1б жеңiл
22-24
23-21
23-25
22-24
40-60
40-60
40-60
40-60
0,1
0,1
0,1
0,2
Ескертпе:

1 1. 1а санатына отырып істелетін және физикалық күш талап етілетін, энергия шығыны сағатына 120 килокалорий (бұдан әрі - ккал/сағ) құрайтын жұмыстар жатады.

2 ДК қолдану арқылы білім беру және бос уақытты өткізуге арналған объекілер ұйымдарының үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы нормалары

2. 1б санатына тұрып, отырып істелетін немесе жүрумен байланысты және физикалық күш жұмсалатын, энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ. құрайтын жұмыстар жатады.
ДК қолдану арқылы білім беру және бос уақытты өткізуге арналған объекілер ұйымдарының үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы нормалары
2-кесте
Тем­пе­ра­ту­ра, 0С
Са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, % ас­пай­тын
Ауа­ның қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы, м/с
19
20
21
62
58
55
<0,1
<0,1
<0,1

3 БТ және ДК-мен жұмыс істеу кезінде үй-жайлардағы ауаның иондалу деңгейі

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
3-қосымша
БТ және ДК-мен жұмыс істеу кезінде үй-жайлардағы ауаның иондалу деңгейі
Дең­гей­ле­рі
1 тек­ше м ауа­да­ғы ион­дар­дың са­ны
n+
n-
Ең аз қа­жет­ті
Оң­тай­лы
Ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген
400
1500-3000
50000
600
3000-5000
50000

4 «в» типінің 3-санаттағы діріл деңгейлерінің нормалары

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
4-қосымша
«в» типінің 3-санаттағы діріл деңгейлерінің нормалары

5 Балалар, жалпы білім беру ұйымдарында, қоғамдық ғимараттарда және бос уақытты өткізу объектілерде ДК, БТ-ы бар үй-жайлар үшін дірілдің рұқсат етілген деңгейі

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
5-қосымша
Балалар, жалпы білім беру ұйымдарында, қоғамдық ғимараттарда және бос уақытты өткізу объектілерде ДК, БТ-ы бар үй-жайлар үшін дірілдің рұқсат етілген деңгейі
Ок­та­ва­лық жо­лақ­тың ор­та­гео­мет­ри­я­лық жи­і­лі­гі, Гц
Рұқ­сат еті­л­ген мәні
Ді­ріл­дің же­дел­де­ті­луі
Ді­ріл жыл­дам­дат­қыш
мс-2*10-2
дБ
мс-1*10-5
ДБ
Z, X, Y ось­те­рі
2           0,56         75          45          79
4           0,56         75          22          73
8           0,56         75          11          67
16          1,1          81          11          67
31,5        2,2          87          11          67
63          4,5          93          11          67
Тү­зе­ті­л­ген
мән­де­рі және
олар­дың         1,0          80          20          72
дең­гей­ле­рі

6 Иондамайтын электромагниттi сәулелену деңгейлерінің рұқсат етiлген мәндерi

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
6-қосымша
Иондамайтын электромагниттi сәулелену деңгейлерінің рұқсат етiлген мәндерi
Па­ра­метр­лер ата­уы
ДК, БТ бө­лік­те­рі
Ба­қы­лау қа­шық­тығы, см
Рұқ­сат еті­л­ген мәні
Кә­сі­би пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ар­нал­ған элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стің кер­не­улі­гі
Мо­ни­тор
Кла­ви­а­ту­ра
Бас дең­гей­ін­де 1,0
20 метр­ге ки­ло­вольт (бұ­дан әрі - кВ/м)
Ба­ла­лар­дың мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­дың, оқу орын­да­ры­ның және ком­пью­тер клуб­та­ры­ның жұ­мыс орын­да­рын­да­ғы элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стің кер­не­улі­гі
Мо­ни­тор
Кла­ви­а­ту­ра
Бас дең­гей­ін­де 1,0
20 кВ/м
15 кВ/м
15 кВ/м
БТ, ДК ай­на­ла­сын­да­ғы электр
өрі­сі­нің кер­не­улі­гі:
5-2000 Гц жи­і­лік диа­па­зо­нын­да:
Мо­ни­тор
Дең­гей­де
25 метр­ге Вольт (бұ­дан әрі - В/м)
2,5 В/м
2-400 кГц жи­і­лік диа­па­зо­нын­да:
Мо­ни­тор
Бас дең­гей­ін­де
2,5 кВ/м
ДК, БТ ай­на­ла­сын­да­ғы маг­нит­тік ағын тығ­ы­зды­ғы:
5-2000 Гц жи­і­лік диа­па­зо­нын­да:
Мо­ни­тор
Дис­плей мен 10 см қа­шық­тық­та ор­на­ты­л­ған жер­ге қо­сыл­ма­ған пла­сти­на ара­сын­да
250 нан­но Тес­ла (бұ­дан әрі - нТл)
2-400 кГц жи­і­лік диа­па­зо­нын­да:
Мо­ни­тор
25 нТл
Мо­ни­тор­дың үстің­гі элек­тро­ста­ти­ка­лық әле­уе­ті, ар­тық емес (сер­ти­фи­кат­тал­ған сы­на­у­лар ке­зін­де)
Мо­ни­тор
1,0
500 Вольт
Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лік­тің электр өрі­сі­нің кер­не­улі­гі (50 Гц)
Қу­ат бл­ок­та­ры
1,0
0,5 кВм
0,5 кВм

7 Жұмыс орындарындағы электромагниттік өрістердің деңгейін құрал-саймандық бақылау және гигиеналық бағалау әдісі

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
7-қосымша
Жұмыс орындарындағы электромагниттік өрістердің деңгейін құрал-саймандық бақылау және гигиеналық бағалау әдісі

1 1. ДК пайдаланушылардың жұмыс орындарындағы электромагниттік жағдайға құрал-саймандық бақылау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1 1) ДК пайдалануға қосқанда және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырғанда және қайта ұйымдастырғанда;

2 2) электромагниттік жағдайды қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін;

3 3) еңбек жағдайлар бойынша жұмыс орындарын аттестаттағанда;

4 4) ұйымдардың өтінімдері бойынша.

2 2. Құрал-саймандық зерттеулерді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары (немесе) аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтарымен) жүзеге асырады.

3

3. Электромагниттік өрістердің деңгейін құрал-саймандық бақылау өлшеулердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген және тексеруден өтуі туралы қолданыстағы куәлігі бар өлшеудің рұқсат етілген негізгі салыстырмалы қателігі плюс-минус 20% болатын аспаптармен жүзеге асырылады.

4 4. Изотропты антенналық-түрлендіргіші бар өлшеуіштер қолданылады.

5 5. ДК пайдаланушыларының үй-жайдағы жұмыс орындарын орналастыру жоспары (нобайы) жасалады.

6 6. Жұмыс орнының жабдықтары туралы мәлімет ДК құрылғысының, өндіруші фирманың атауы, модельдері мен зауыттық (сериялық) нөмірлері, ДК берілген экран алдындағы сүзгілер (олар бар болғанда) зертханалық зерттеулер хаттамасына жазылады.

7 7. ДК экранында осы жұмысқа тиісті кескін (мәтін, сызбалар) көрсетіледі.

8 8. Өлшеу жүргізген кезде барлық есептеу техникасы, ДК және осы үй-жайда орналасқан жұмыста қолданатын басқа да электрлі жабдық қосылады.

9 9. Электростатикалық өрістің параметрлерін өлшеу ДК қосылғаннан кейін 20 минуттен соң ғана жүргізіледі.

10 10. ДК-мен жабдықталған жұмыс орнының айнымалы электр және магнит, статикалық электр өрістерінің деңгейін өлшеу жұмыс орнында клавиатураны қосқанда 0,5м, 1,0 м және 1,5 м биіктікте үш деңгейде жүргізіледі.

11 11. Жиілігі 50 Гц электр өрісінің фондық деңгейі және магниттік өріс кернеуінің фондық деңгейлері мынадай мәндерге сәйкес келеді: 0.5 кВ/м және 0.16 Ампер (0.2 мкТл).

8 ДК-мен жұмыс істеу үшін бір орынға арналған үстелдің биіктігі

«Дербес компьютерлерді,
бейнетерминалдарды пайдалануға
және олармен жұмыс істеу жағдайларына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесіне
8-қосымша
ДК-мен жұмыс істеу үшін бір орынға арналған үстелдің биіктігі
1-кесте
Оқу­шы­лар мен сту­дент­тер­дің аяқ-ки­ім ки­ген кез­де­гі би­ік­ті­гі, см
Еден­нен би­ік­ті­гі, см
Үстел­дің бе­ті
Аяқ­қа ар­нал­ған ке­ңі­стік
116-130
520
400
131-145
580
520
146-160
640
580
161-175
700
640
175-тен би­ік
760
700
Ескертпе:
Аяққа арналған кеңістіктің ені мен тереңдігі үстелдің құралымы арқылы анықталады.
Оқушылар және студенттерге арналған орындықтардың негізгі өлшемдері
2-кесте
Орын­дық­тың па­ра­метр­ле­рі
оқу­шы­лар мен сту­дент­тер­дің аяқ-ки­ім ки­ген кез­де­гі би­ік­ті­гі, см
116-130
131-145
146-160
161-175
175, одан да би­ік
Орын­дық оты­руы­ның еден­нен би­ік­ті­гі, см
300
340
380
420
460
Оты­ру кө­ле­мі, см-ден кем бол­май­тын
270
290
320
340
360
Оты­ру те­рең­ді­гі,см
290
330
360
380
400
Орын­дық ар­қа­сы­ның тө­мен­гі жа­ғы­ның би­ік­ті­гі, см
130
150
160
170
190
Орын­дық ар­қа­сы­ның жо­ғар­ғы жа­ғы­ның би­ік­ті­гі, см
280
310
330
360
400
Орын­дық ар­қа­сы­ның иілу би­ік­ті­гі, см
170
190
200
210
220
Оты­ру­дың иіл­ген кез­де­гі ра­ди­у­сы, см
20-50
Оты­ру­дың ең­кею бұ­ры­шы, гра­дуспен
0-4
Орын­дық ар­қа­сы­ның ең­кею бұ­ры­шы, гра­дуспен
95-108
Жос­пар бой­ын­ша орын­дық
ар­қа­сы­ның ра­ди­у­сы, см
300
Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ДК-мен өткізілетін сабаққа арналған орындықтың өлшемдері
3-кесте
Орын­дық­тың па­ра­метр­ле­рі
Өл­ше­мі, ке­мін­де, мм
Оты­ру­дың еден­нен би­ік­ті­гі
260
Оты­ру­дың кө­ле­мі
250
Оты­ру те­рең­ді­гі
260
Оты­ру­дың ар­қа­сы­ның тө­мен­гі жа­ғы­ның би­ік­ті­гі
120
Оты­ру­дың ар­қа­сы­ның жо­ғар­ғы жа­ғы­ның би­ік­ті­гі
250
Орын­дық ар­қа­сы­ның иілу би­ік­ті­гі
160
Оты­ру­дың ал­дың­ғы жа­ғы­ның ең­кею ра­ди­у­сы
20-50

Қолданыстағы