Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О проведении областного месячника по пожарной безопасности

Өзге акт · № 27 · қабылданған 25.02.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5544/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О проведении областного месячника по пожарной безопасности Күшін жойған 25.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О проведении областного месячника по пожарной безопасности

Күшін жойған Өзге акт № 27 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении областного месячника по пожарной безопасности
Атауы (қаз.)
Облыста өрт қаупінен сақтану айлығын өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
25.02.2000
Көрсетілген редакция
25.02.2000 5544_245284.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00Z0000220
ЭКБ идентификаторы
5544
Редакция идентификаторы
5544_245284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:38
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыста өрт қаупінен сақтану айлығын өткізу туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен.
1999 жылғы тұрғын үйлерді өрт қаупінен сақтаудағы айлық кезінде көрсеткендей, тұрғындардың жауапершілігі арта түскенін көрсетеді, нәтижесінде өрт 1998 жылмен салыстырғанда 19 процентке төмендеген, адам өлімі де азайғаны байқалады.
Бірақ жақсы жақтарымен қатар, өрт саны жоғары дәрежеде болып отыр. Тұрғын үйлерді өрт қаупінен сақтау ережелерге сай болмай отыр. Қыс мезгілінде өрт шығу түрлі себептерден көбеюде, пештердің ақауы, электр сымдарынан от жағумен дұрыс айналыспаудың кесірінен болып келеді. Ауылдық жерлерде шаруашылық сарайлары мен қысқы шөптерді өртеу өсіп отыр. Биыл 2000 жылдың басынан бері 4 адам өртте өліп, бірнеше тұрғын үйлер жанып кеткен.
Өрт қаупінің өсуіне байланысты тұрғын үйлердегі өртті болдырмудың алдын алу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Тұрғын үйлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып ақпанның 25-нен наурыздың 25-і аралығында облыстақ айлық өткізілсін.

2. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік өрт сөндіру қызметі (Маштақов) өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтай отырып, қатал бақылауға алып отырсын. Барлық тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлерді және адамның көп жүретін объектілеріне назар аударатын болсын.

3. Облыстық білім беру басқармасы (Қатаев) және облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) оқу орындары мен емдеу – алдыналу мекемелерінде өрт қаупінен сақтау туралы және өрт бола қалған кезде адамдарды көшіруді ұйымдастыруды жүргізу шаралары туралы семинарлар өткізу. Емдеу – алдыналу, оқу орындары мекемелерін үгіт-насихат жұмыстарының құрал жабдықтарымен толықтырып отыру.

4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов) біле тұрып үй өртеу, сауда орындарын, қысқы сақтаудағы шөп және тағы басқалай тұрғындар заттарын өртеу жұмыстарының алдын алу жұмысын үнемі жүргізіп шараларын алып отыру керек.

5. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі (Маштақов) барлық кәсіпорындар басшыларымен еңбек ұжымдарының қатысымен өрт қауіпсіздігін ұйымдастырудың шараларын жүргізу, инженер-техникалық қызметерлер өрт бола қалған кезде қалай әрекеттеп жасаудың барлық мүмкіндіктерін алып отыру тиіс.

6. Облыстық телерадиокомпаниясы (Өтемісов) облыстық, қалалық және аудандық газеттер редакциясы мемлекеттік өрт сөндіру қызметімен бірлесе отырып рейдтер жүргізу, облыстағы тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы жағдайларын бақылап қарау айлық кезінде тыңғылықты жүргізілуі керек.

7. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) мемлекеттік өртке қарсы қызметке резерв қорынан төтенше жағдайларға 100 мың теңге бөлсін, ол айлық кезінде тұрғын үйлерді өрттен сақтау үгіт және насихат жұмыстарына пайдаланылсын.

8. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ф.Маючийге тапсырылсын.