Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Ырғайты ауылдық округінде белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 21 мамырдағы "Ырғайты ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан құтырма ауруының туындағанына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" ұсынысына сәйкес, Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Ырғайты ауылдық округінде белгілеу туралы от 01.11.2010 г. № 71 (Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін Ырғайты ауылдық округінде белгілеу туралы)
1. Ырғайты ауылдық округ тұрғындарының меншігіндегі малдарының арасынан, сарып ауруының шығуына байланысты, карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ырғайты ауылдық округінің бас маманы Еділ Серікұлы Машановқа жүктелсін.
3. Шешім жергілікті басылымда ресми жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткен соң, қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Алакөл ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" ММ бастығы М. Сайболатов
8 қараша 2010 жыл
"ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Алакөл аудандық аумақтық
инспекциясы" ММ бастығы: А. Қабаев
8 қараша 2010 жыл
"Алакөл ауданының орталық
ауруханасы" МК бастығы: М. Әбдіғалымов
8 қараша 2010 жыл