Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 01-02/28-9
- Қабылданған күні
- 26.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2012 · қолданыстағы AI55461_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VF000123
- ЭКБ идентификаторы
- 55461
- Редакция идентификаторы
- AI55461_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:05
0 Бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Аягөз ауданындағы базарларда сауда жасайтын және ара-тұра сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Аягөз аудандық мәслихатының 2010 жылдың 28 шілдедегі № 01-02/27-16 Аудандағы базарларда сауда жасайтын жеке және заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құнын бекіту туралы шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Аягөз ауданындағы базарларда сауда жасайтын және ара-тұра сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны
Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 01-02/28-9 шешімімен
бекітілген
Аягөз ауданындағы базарларда сауда жасайтын және ара-тұра
сипаттағы қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды
тұлғалардан алынатын бір жолғы талондардың құны
Рет
саны
Қызмет түрлері
Бір жолғы
талон құны
(теңге)
1
Тамақ өнімдерін сату үшін
240
2
Өндірістік тауарлар сату үшін
220
3
Ет, құс, балық өнімдерін сату үшін (арнаулы ет павильоны ішінде)
480
4
Ұсақ-түйек сату үшін үшін (бұның ішінде әк сату, мал жемі, ескі құрал-жабдықтар)
110
5
Жеміс-жидек, көкөніс-бақша өнімдері
180
6
Нан, сүт өнімдерін сату
60
7
Ат арбамен жүк тасу
120
8
Қол арбамен жүк тасу
40
9
Газет, журнал сату үшін (тұрақты стационарлы орын болмаған жағдайда)
50
10
Жалға берілген контейнер үшін
60
11
Бақылау өлшегіш қызметі үшін
125
12
Шемішке сататындардан
85
13
Базарларда тірідей мал сату, оның ішінде:
Ірі малдар
Ұсақ малдар
480
120
14
Табын бақташылары үшін:
100 бас ірі малға
100 бас ұсақ малға
180
90
15
Сыпыртқы сатуға
100
16
Бал сатуға
200
17
Жеке тракторлармен жалға жер өңдеуге
(6 жүздікке)
125
18
Механикалық көлік алып келіп сатушыларға (бір көлікке):
Жақын шет елдерден
Алыс шет елдерден
3600
6000