Құжат мәтініне өту

О Северо-Казахстанском областном центре обучения государственному языку

Өзге акт · № 216 · қабылданған 22.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-5547/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О Северо-Казахстанском областном центре обучения государственному языку Күшін жойған Өзге акт ·№ 216 ·22.11.1999
20.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Северо-Казахстанском областном центре обучения государственному языку

Күшін жойған Өзге акт ·№ 216 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Северо-Казахстанском областном центре обучения государственному языку
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216
Қабылданған күні
22.11.1999
Көрсетілген редакция
20.12.2017 5547_276128.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99S000101_
ЭКБ идентификаторы
5547
Редакция идентификаторы
5547_276128
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:49

0 Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.12.2017 № 41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тілдерді қолдану мен дамытудың облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге жағдай жасау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:

1 1. «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталыгы» (әрі қарай - Орталық) - оперативтік басқару құқы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылсын.

2 2. Орталықтың Жарғысы косымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Бағдарламаның администраторы болып облыс әкімі аппараты белгіленсін.

4 4. Облыстық қаржы департаменті (Сутулов Ф.Ф.) Орталықтың материалдық базасын қалыптастыруга 200.000 (екі жүз мың) теңге каржы бөлсін.

5 5. Уәкілетті орган болып облыстык мемлекеттік белгіленсін.

6 6. Облыстык мемлекеттік Л.М.Омароваға:

- Орталықты мемлекеттік тіркеуден откізу, материалдық жабдықтау және орналастыру мәселелерін шешу, директорды тағайындау;
- Жарғыға және өз күшіндегі заңдарға сәйкес Орталықтың кызметіне басшылық етуді жүзеге асыру;
- Орталықтың мемлекеттік басқару органдарына, барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындарға, азаматтарға шарт негізінде мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік, консультативтік, педагогикалық көмек корсетуіне ықпал ету жүктелсін.

7 7. Облыс әкімінің 1999 ж. 20 қыркүйіектегі № 179 «Мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» шешімі өз кушін жойды деп есептелсін.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ.Әкімхановқа жүктелсін.

9 Облыс әкімінін

1999 ж. 22 қараша № 216
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілге оқыту Орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының ЖАРҒЫСЫ

1 1. Жалпы қағидалар

1.1

1.1. Мемлекеттік тілді оқыту орталығы облыс әкімінің шешімімен құрылған мемлекеттік басқару органдарына, мекемелерге, ведомстволар мен барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындарға, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді жаңа әдіс пен жаңа оқыту технологиясы негізінде оқыту және мемлекеттік тілді дамыту ісінде ықпал ететін мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып саналады;

1.2 1.2. Орталық Қазақстан Республикасынын қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңнын 4 бабын толық жүзеге асыру мақсатында құрылады және заңды тұлға құқығына ие бола алады, өзінің жеке банктік есеп шоты, мөрі, мөртабандары, кәсіпорын бланкісі болады.

1.3 1.3. Орталық осы Жарғымен анықталган мақсаттар мен міндеттерге сай кәсіпкерлікпен айналыса алады.

1.4 1.4. Мемлекеттік тілді оқыту оргалығының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 27;

1.5 1.5. Құрылтайшысы болып облыс әкімі саналады. Уәкілетті орган - облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитеті.

1.6 1.6. Уәкілетті органнын құзырына;

- Орталық қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;
- Орталық қызметіне үнемі бақылауды жүзеге асыру;
- Орталықтың оқу-әдістемелік базасын, оқытушылар құрамын қалыптастыруда, оқулықтар таңдап алуда, ұйымдар, мекемелер, ведомстволар және кәсіпорындармен шарт жасасуда ықпал ету;
- Уәкілетті орган жетекшісінің бұйрығымен Орталық директорын кызметке тағайындау және кызметтен босату;
- Осы Жарғыға толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ұсыну жатады.

2 2. Орталықтын негізгі мақсаттары мен міндеттері

2.1 2.1. Орталықтын негізгі максаттары мен міндеттері болып:

- «Қазақстан Республикасындагы Тіл туралы» Заңды, Тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру;
- халықтың әр жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді оқытуға кажетті материалды-техникалық жагдайды жасау оқулықтар, әдістемелік оқу құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік тілдің коғамдағы кызметінің кеңеюі мен дамуы сұрақтарына байланысты мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас жасау;
- «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес ресми тіркеу құжаттарын, іс қағаздарын аударуда, деректемелерді, көрнекі ақпараттарды ресімдеуде мемлекеттік органдарға, ведомстволарға және ұйымдарға, кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға нақтылы көмек көрсету;
- аудармашыларға, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мамандарға, қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне нақтылы көмек көрсету (әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды әзірлеу және тарату, мемлекеттік тілді енгізу комитетінің откізетін семинар-практикумдарына, кеңестеріне т.б. қатысу).

3 3. Орталықтың құқығы мен міндеттері

3.1 3.1. Орталық өзінің міндеттері мен қызметін жүзеге асыру барысында томендегідей жұмыс атқаруга:

- оқытушылардың мүмкіндіктерін, ұжымдардың тілектерін ескере отырып, оқытуды Орталықта немесе тыңдаушылардың жұмыс орнында өткізуді жоспарлауға;
- өзінің қызметі жайлы ақпарды еркін таратуға;
- мемлекеттік тілді оқытудың оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және көмекші материалдарын құрастыруға, басып шығаруга;
- Орталықтың негізгі қызметі мен міндеттері шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
- қолданылып жүрген заңдарга қайшы келмейтін басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.

3.2 3.2. Орталық:

- осы Жаргының шартын сақтауға;
- озінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
- облыстық білім департаментінен білім беру қызметіне кажетті лицензия алуға;
- оку бағдарламасына міндетті түрде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу элементтерін енгізуге;
- Құрылтайшыдан және осы Жарғыда қарастырылган кәсіпкерлік қызметтен түскен қаражат мөлшерін ескере отырып, мемлекеттік тілді оқытуга кажетті оқу-әдістемелік құралдарын, материалдық базасын калыптастыруға міндетті.

4 4. Орталықтың басқару органдары

4.1 4.1. Орталықтың күнделікті жұмысына облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінін торағасы тағайындаған Директор басшылық етеді. Орталықтың Директоры осы Ережеде айқындалған өкілдіктер шеңберінде Кәсіпорын әкімшілігі міндетін атқарады.

4.2 4.2. Орталықтың оқу процесін ұймдастыру үшін 7 адамнан тұратын директордың жанындағы консультативтіқ орган ретінде кұрылган Педагогикалық кеңес басқарады. Оның құрамын мемлекеттік тілді енгізу комитетінің торағасы Директормен келісе отырып, бекітеді. Педагогикалык кеңестін құзырына:

- оқу, оку-әдістемелік құралдарды іріктеу, оқу процесінде қолданылатын оқулықтар мен оқу - әдістемелік және көрнекі құралдарды саралау;
- қазақ тілі үйірмелерінің жетекшілеріне жан-жақты әдістемелік көмек көрсету;
- қазақ тілінің әртүрлі топтарға арналған өзіндік оқулықтары мен оқу әдістемелік құралдарын құрастыру жатады.

5 5. Қаржыландыру және қаражатты пайдалану

5.1 5.1. Орталық қолма-қол ақша және өзара ақшасыз есеп айырысу жүйесі негізінде жұмыс істейді.

5.2 5.2. Орталық бюджеттен және осы Жарғыда қарастырылған кәсіпкерлік қызметтен түскен қаражат есебінен қаржыландырылады.

5.3 5.3. Орталықтың есеп шотына түскен қаражат пен пайда:

- облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінің төрағасы және Орталық Директоры қосымша бекіткен «Еңбек ақысын толеу туралы Ережеге» сәйкес оқытушылар мен Орталықтын штаттағы қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге;
- жалдық ақыны төлеуге;
- коммуналдық ақы төлеуге;
- Орталықтың оқу-әдістемелік, материалдық базасын жасауға (оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, аудио- видеотехника, аудио-видеокассеталар т.б.);
- мемлекеттік тілді оқытуда оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және көмекші құралдарын көбейтуге және басын шығаруға жұмсалады.

5.4 5.4. Орталықтың мүлкі Қүрылтайшы берген және осы Ережеде қарастырылған кәсіпкерлік кызметтен келіп түскен қаражатқа алынған мүліктен тұрады. Орталық мүлікті тиімді пайдалану мен сақталуына жауапты және мүлікті басқа мақсатқа пайдалануға немесе өз еркімен бөлуге құқылы емес.

6 6. Қаржы-шаруашылық қызметін бақылау

6.1 6.1. Орталықтың бекітілген тәртіпке сәйкес жеке бухгалтерлік есеп, жедел және статистикалық есеп жұргізеді, барлық қызмет түрлері бойынша сәйкес.

Органдарға есеп береді және олардың алдында жауапты.

6.2 6.2. Мемлекеттік тілді оқыту Орталыгының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді ревизиялық комиссия жүзеге асырады. Оның құрамын Орталық Директорымен келісе отырып облыстық мемлекеттік тілді енгізу комитетінің төрағасы бекітеді.

7 7. Орталықтың қызметін тоқтату және қайта ұйымдастыру тәртібі

7.1 7.1. Орталықтың қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуы Құрылтайшының шешімімен немесе Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес сот қаулысымен болуы мүмкін.

8 8. Қорытынды ереже

8.1 8.1. Осы Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге тек қана Құрылтайшы құқылы.

8.2 8.2. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар зан тәртібімен белгіленген ретте тіркеуден өтеді.

Қолданыстағы