"Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-182
- Қабылданған күні
- 19.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2012 · қолданыстағы AI55502_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10DC000083
- ЭКБ идентификаторы
- 55502
- Редакция идентификаторы
- AI55502_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:09
0 "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесі
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық мәслихатының
IV шақырылымындағы кезекті
ХXV сессиясының төрағасы А. Жетпісов
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Калиновский
Текелі қалалық мәслихатының
2010 жылғы 19 қазандағы
"Текелі қаласының құрметті
азаматы" атағын беру ережесін
бекіту туралы" N 23-182
шешімімен бекітілген
"Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережесі (әрі қарай – ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын берудің тәртібін реттейді.
2
2. "Текелі қаласының құрметті азаматы" атағын (әрі қарай – атақ) беру қаланы дамытудағы азаматтардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруда ынталандырудың, құрметті азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттіліктерін, дарындылығы мен бастамашылдығын танудың маңызды бір моральді түрі болып саналады. Сондай-ақ атақ берудегі мақсат еңбек сіңірген азаматтардың есімдерін Текелі қаласының тарихында сақтау болып табылады.
2 2. Атақ беру жөніндегі талаптар
3 3. Атақ келесі талаптардың біріне сәйкес келетін тұлғаларға беріледі:
1 1) қаланың экономикасын, ғылымын және мәдениетін, өнерін, білімін, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларын дамытуға қосқан елеулі үлесі;
2 2) қоғамдық қызметтегі, демократиялық, жариялылық және әлеуметтік прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосқан еңбегі;
3 3) спортта, әскери қызметте жеткен жетістігі;
4 4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Текелі қаласын елімізде және шет елдердегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы;
5 5) ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, қалада тұрып жатқан халықтардың арасында ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі;
4 4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге және қаланың мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде беріледі.
3 3. Атақ берудің тәртібі
5
5. Атақ беру туралы өтінімді жергілікті атқарушы орган, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де топтар бастамашылық етуі мүмкін. Өтінімге ұсынылған кандидаттың негізгі биографиялық деректері, оның жетістіктерінің және қалаға сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіліп, растайтын құжаттары қоса беріледі.