Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 06.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2012 · қолданыстағы AI55504_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10MF000126
- ЭКБ идентификаторы
- 55504
- Редакция идентификаторы
- AI55504_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:13
0 Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің ең жоғары мөлшерін бекіту туралы
Қазақтан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсанындағы № 1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 20 қараша № 535 «Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырысты орналастырудың Әдістемелік кепілдемені бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағадарламасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданның бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 2010 жылғы 1 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата - аналар төлемінің ең жоғары мөлшері 2010 жылғы 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғаповаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбесін күн өткен соң қолданысқа енеді.
Келісілді:
О.Б.Жарылғапова
Т.Алтынғалиев
«Түпқараған аудандық білім беру бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.Ибраева
06 қазан 2010 жыл
5 Аудан әкімдігінің
06 қазан 2010 ж
№ 240 қаулысына
1 - қосымша
1. Ауданның бір балаға есептелінген мемлекеттік білім беру тапсырмасының көлемі
- балабақшада – 129903 тенге
- мектеп жанындағы шағын орталықта - 106556 тенге
- барлық шағын орталықтарда – 110653 тенге
6 Аудан әкімдігінің
06 қазан 2010 ж
№ 240 қаулысына
2 - қосымша
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы және мектепке дейінгі шағын орталықтардағы мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша қызметтерді алатын балалар үшін ата - аналар төлемінің ең жоғары мөлшері 10000 тенге.