Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдары арасында қарасан індетіне қатысты карантин режимин енгізу және шектеу қою туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдары арасында қарасан індетіне қатысты карантин режимин енгізу және шектеу қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдары арасында қарасан індетіне қатысты карантин режимин енгізу және шектеу қою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 526
- Қабылданған күні
- 27.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2010 · қолданыстағы AI55530_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10VR000105
- ЭКБ идентификаторы
- 55530
- Редакция идентификаторы
- AI55530_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:05
0 Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдары арасында қарасан індетіне қатысты карантин режимин енгізу және шектеу қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдар арасында қарасан індетінің шығуына байланысты, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақшоқы ауылдық округінде қарасан індетінің шығуына байланысты карантин режимін және шектеу шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін және шектеу қойылсын.
2
2. ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (Б. Сатай - келісімі бойынша) карантин іс-шараларының ұйымдастырылуына және атқарылуы барысына қадағалауды жүргізуі ұсынылсын.
3 3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш. Айтқазин - келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4 4. Ақшоқы ауылдық округінің әкімі (Р. Саржанов) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.
5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық
Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
Мемлекеттік Инспекция Комитетінің
Үржар аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы Б. Сатай
Үржар ауданының ішкі
істер бөлімі бастығы
полиция подполковнигі
Ш. Айтқазин