Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня геологических, геоморфологических и гидрогеологических объектов государственного природно-заповедного фонда республиканского и международного значения, Правил их ограниченного хозяйственного использования на особо охраняемых природных территориях, а также перечня участков недр, представляющих особую экологическую, научную, культурную и иную ценность, отнесенных к категории особо охраняемых природных территорий республиканского значения

Қаулы · № 1212 · қабылданған 18.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55536/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня геологических, геоморфологических и гидрогеологических объектов государственного природно-заповедного фонда республиканского и международного значения, Правил их ограниченного хозяйственного использования на особо охраняемых природных территориях, а также перечня участков недр, представляющих особую экологическую, научную, культурную и иную ценность, отнесенных к категории особо охраняемых природных территорий республиканского значения Күшін жойған Қаулы ·№ 1212 ·18.11.2010
17.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня геологических, геоморфологических и гидрогеологических объектов государственного природно-заповедного фонда республиканского и международного значения, Правил их ограниченного хозяйственного использования на особо охраняемых природных территориях, а также перечня участков недр, представляющих особую экологическую, научную, культурную и иную ценность, отнесенных к категории особо охраняемых природных территорий республиканского значения

Күшін жойған Қаулы ·№ 1212 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня геологических, геоморфологических и гидрогеологических объектов государственного природно-заповедного фонда республиканского и международного значения, Правил их ограниченного хозяйственного использования на особо охраняемых природных территориях, а также перечня участков недр, представляющих особую экологическую, научную, культурную и иную ценность, отнесенных к категории особо охраняемых природных территорий республиканского значения
Атауы (қаз.)
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1212
Қабылданған күні
18.11.2010
Көрсетілген редакция
17.07.2018 55536_345032.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001212
ЭКБ идентификаторы
55536
Редакция идентификаторы
55536_345032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:55

0

Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда оларды шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасын, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі;

2 2) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы;

3 3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі бекітілсін.

2

2. «Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесін, оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану ережесін, сондай-ақ айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі 1. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қарашадағы
№ 1212 қаулысымен
бекітілген
Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесі 1. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық объектілері
Ақмола облысы

1 1. Аютас тауы

2 2. Бурабай тауы

3 3. Жеке Батыр тауы

4 4. Көкшетау тауы

5 5. Лысая тауы

6 6. Үлкен Бүркітті тауы

7 7. Малиновая өзеніндегі жал

8 8. Зеренді көліндегі жасыл мүйіс

9 9. Жұмбақтас тас аралы

10 10. Зеренді көлінің жанындағы қызыл күрең мүйіс

11 11. Зеренді көліндегі алыптар жағажайы

12 12. Бастион жартасы

13 13. Оқжетпес жартасы

14 14. Сұңқар ұясы жартасы

15 15. Пахомовка жартасы

16 16. Үш апалы-сіңлі жартасы

17 17. Қарамай шоқысы

18 18. Өрт байқау шоқысы

19 Ақтөбе облысы

19. Қашқын шоқысы
Ақтөбе облысы

20 20. Әулие алқабы

21 21. Тікбұтақ бұлағындағы палеоген және кейінгі бор жасындағы өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының мол орналасқан орны

22 22. Ақтасты өзеніндегі төменгі пермь жасындағы цефалопод қалдықтарының мол орналасқан орны

23 23. Ақтасты рифінің төменгі пермь жасындағы су балдырларының рифтік әктастары

24 24. Бөртебей бұлағындағы әктасты-терриген қабаты

25 25. Жаманшы шатқалындағы кратер

26 26. Қызылтөбе төбесіндегі олигоцен жасындағы өсімдіктердің таңбалары

27 27. Жалғызтау палеожанартауы

28 28. Көкжиде құмы

29 29. Оңтүстік Ақтолағай үстірті

30 30. Оңтүстік Жамантау руда кеніші

31 31. Әлімбет өзеніндегі серпентинитті меланж (девон-карбон)

32 32. Домбар қырқасындағы ерте карбонды аммоноидтардың жиналуы

33 33. Боқтықарын тұз күмбезі. Төменгі - жоғарғы Маастрихт шекарасы

34 Алматы облысы

34. Шуылдақ палеожанартау ауданы
Алматы облысы

35 Шығыс Қазақстан облысы

35. Озерная өзенінің жоғарғы сағасындағы Городецкий және Моренный белсенді тас глетчерлері
Шығыс Қазақстан облысы

36 36. Таған кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіндегі саз балшықты жанартаулар

37 37. Үлкен Тектұрмас шатқалындағы пермь құмдарының табылуы

38 38. Ашутас тауы

39 39. Белуха тауы

40 40. Қиын Керіс тауы

41 41. Тәжтауы

42 42. Делбегетей учаскесінің алуан түрлі қымбат бағалы және жартылай қымбат бағалы тастары мол гранитті алқабы

43 Жамбыл облысы

43. Ақжайлау алқабы
Жамбыл облысы

51 51. Байжансай девон-таскемір рифі

52 Батыс Қазақстан облысы

52. Батырбай өзеніндегі сай бойындағы кембрий мен ордовик
Батыс Қазақстан облысы

53 53. Айдарлы тауы

54 54. Ақтау тауы

55 55. Алмастау тауы

56 56. Большая Ичка тауы

57 57. Сантас тауы

58 58. Сасай тауы

59 59. Шатырлы тауы

60 60. Бұлдырты өзенінің жоғарғы сағасындағы Қараағаш құмы

61 61. Утва, Бұлдырты және Қалдығайты өзендерінің бастауындағы борлы таулар

62 62. Шолақаңқаты және Есананқаты өзендерінің жоғарғы сағаларындағы бор қалдықтары

63 63. Семиглавый Мар ауылындағы борлы төбешіктер

64 64. Қалдығайты өзенінің жоғарғы сағасындағы Аққұм құмы

65 Қарағанды облысы

65. Шилі өзені мен Жақсыбай өзенінің аралығындағы Көкөзекқұмы және Қарағандықұмы құмдары
Қарағанды облысы

66 66. Ақ аю тауы

67 67. Бұғылы тауы

68 68. Жирен сақал тауы

69 69. Көктөбе тауы

70 70. Тар кезең тауы

71 71. Шаңкөз тауы

72 72. Жасанды Қалмақ дуалы кұрылысы

73 73. Алтынтөбе шатқалындағы диоптаз кен орны

74 74. Шоқпақ шатқалындағы малахит кен орны

75 Қызылорда облысы

75. Сарықұлболды шатқалындағы хризопраз кен орны
Қызылорда облысы

76 76. Қызылжар шатқалындағы жоғарғы бор өсімдіктері қалдықтарының орналасқан орны

77 77. Алтын Шоқысу шатқалындағы палеоген-неогенді өсімдіктер қалдықтарының орналасқан орны

78 Қостанай облысы

78. Құмсуат шатқалындағы жапырақтар таңбаларының және теңіз жануарлары қалдықтарының орналасқан орны
Қостанай облысы

79 79. Жаман Қайыңды шатқалындағы палеоген-неоген өсімдіктері қалдықтарының орналасқан орны

80 Маңғыстау облысы

80. Улы Жыланшық, Дулығалы, Үлкен өзендерінің жазығындағы (Түрме және Сазынбай қырқасы) омыртқалы жануарлардың қалдықтарына бай неоген қабаттарының стратотипикалық қималары
Маңғыстау облысы

81 81. Ақмыштауы

82 82. Бекі Басқұдық тауы

83 83. Босаға Көкөсем тауы

84 84. Шығыс және Батыс Қаратау таулары

85 85. Жармыш Жапырақты тауы

86 86. Қараған Босаға тауы

87 87. Қарақия тауы

88 88. Қарамая тауы

89 89. Қаратаушық тауы

90 90. Қарашек тауы

91 91. Қарынжарық тауы

92 92. Құнанбай тауы

93 93. Тұщыбек тауы

94 94. Тынымбай тауы

95 95. Өзентауы

96 Павлодар облысы

96. Шайыр Сарыкез тауы
Павлодар облысы

97 97. Сырғалы шатқалындағы родипгиттер көріністерінің тобы

98 98. Алпыс шатқалындағы бирюза кен орны

99 99. Қалмаққырған шатқалындағы тау хрусталінің кен орны

100 100. Ақшиман шатқалындағы агаттар көрінісі

101 Солтүстік Қазақстан облысы

101. Тайғын шатқалындағы бирюза көрінісі
Солтүстік Қазақстан облысы

102 102. Айыртау гранит алқабы

103 103. Имантау гранит алқабы

104 104. Александров ойпатындағы ірі теңіз моллюскаларының ядролары бар ашық балшықтар

105 105. Имантау көліндегі Казачий аралы

106 106. Петропавл Батыс ашық жері. Миоцен жасындағы балықтар мен сүт қоректілер фаунасының қалдықтары

107 107. Петропавл Солтүстік ашық жері. Төменгі ширек жастағы омыртқасыздар фаунасының қалдықтары

108 108. Көне гранит алқабы

109 109. Қазан жартасты шөгінділері

110 110. Қостау шоқысы

111 111. Шолғыншы шоқысы

112 112. Сүйір шоқы

113 Оңтүстік Қазақстан облысы

113. Расколотая шоқысы
Оңтүстік Қазақстан облысы

114 114. Жаңықорған өзені бойындағы жоғарғы девон-төменгі карбон

115 115. Қатынқамал өзені бойындағы жоғарғы девон

116 116. Түлкібас станциясы маңындағы рифтік құрылыстары бар жоғарғы девон

117 117. Келіншектау тауы

118 118. Мыңжылқы тауы

119 119. Қаратау юра бассейні

120 120. Байсай өзені бассейніндегі карбон

121 121. Жертапсай өзені бойындағы карбон

122 122. Ұя өзені бойындағы карбон

123 123. Арпаөзен өзені бойындағы трилобиттер қалдықтары мол кембрий мен ордовик

124 124. Әулие кен орны

125 125. Ақсу өзенінің сол жағалауындағы, Жабағылы тауындағы төменгі және орта ордовик

126 126. Орта карбон - Қаржантау тауындағы төменгі пермь

2 2. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының геоморфологиялық объектілері

Ақтөбе облысы

127 127. Айдарлы аша өзенінің жазығы

128 128. Жақсы Қарғалы өзенінің сол жағалауындағы карсттық ландшафт

129 Алматы облысы

129. Сүтқоректілердің сүйек қалдықтары сақталған Шалқарнұра
жартастары
Алматы облысы

130 130. Жарсай өзенінің жоғарғы сағасы

131 131. Түрген өзенінің оң сағасындағы Ерлер мен Әйелдер көз жасы сарқырамасы

132 132. Есік жазығының жоғарғы сағасындағы алып тас глетчері

133 133. Рельефі экзотикалық нысандағы Асы өзенінің каньоны

134 134. Шарын каньоны

135 135. Жер астынан шыққан Жусалыкөл көлі

136 136. Жер астынан шыққан Есік көлі (Жасылкөл)

137 Шығыс Қазақстан облысы

137. Түрген өзенінің оң жағалауындағы эрозиялық су шайған және бүлінген ғажап пішіндегі бояуы алуан түрлі жартастар
Шығыс Қазақстан облысы

138 138. Арасан өзеніндегі Арасан сарқырамасы

139 139. Көккөл өзеніндегі Көккөл сарқырамасы

140 140. Язовая өзеніндегі Язовой сарқырамасы

141 141. Гранит қалдықтарының «Желілік бағандар» геосәулет кешені

142 142. Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар каскады

143 Батыс Қазақстан облысы

143. Рахманов көліндегі Рахманов сарқырамасы
Батыс Қазақстан облысы

144 144. Қараағаш құмындағы Сарқырама өзеніндегі Сарқырама су құламасы

145 145. Жалпы Сырт үстіртіндегі борлы қалдықтар

146 146. Алебастр жары

147 147. Ақбалшық жары

148 148. Жамбыл жары

149 149. Долинный жары

150 150. Қызылмектеп жары

151 151. Полоусов жары

152 152. Сауркин жары

153 Қарағанды облысы

153. Упорный жары
Қарағанды облысы

154 154. Үш-үңгір кешені

155 Қостанай облысы

155. Үлкен палата тас үңгірі
Қостанай облысы

156 Маңғыстау облысы

156. Терсек үстіртінің жартасы және терсек шоғырының қималары бар Қызбелтау тауы
Маңғыстау облысы

157 157. Карстық Булы Ойық үңгірі

158 158. Карстық Қараған Босаға үңгірі

159 Павлодар облысы

159. Карстық Өтебай үңгірі
Павлодар облысы

160 160. Драверт үңгірі

161 161. Құмыра үңгірі

162 162. Әулие үңгірі

163 163. Қоңырәулие үңгірі

164 164. Айманбұлақ аңғары

165 165. Тас ғажаптары аңғары

166 166. Рахай аңғары

167 Солтүстік Қазақстан облысы

167. Үшсала аңғары
Солтүстік Қазақстан облысы

168 168. Лобаново көліндегі үңгірі бар сарқырама

169 169. Шалқар көлінің жағалау дауалдары мен жарқабақтарының кешені

170 Оңтүстік Қазақстан облысы

170. Имантау көлінің жағалау дауалдарының кешені
Оңтүстік Қазақстан облысы

171 171. Кіші Қайыңды аңғарындағы сарқырама

172 172. Аққұз өзенінің каньоны

173 173. Ақсу өзенінің каньоны

174 174. Баялдыр өзенінің жазығындағы Ақтас үңгірі

175 175. Кеңөзен аңғарындағы Балағайын үңгірі

176 176. Бестоғай үңгірі

177 177. Кеңестөбе үңгірі

178 178. Қазанбұлақ бұлағы бар үңгір

179 179. Шарқойлы үңгірі

180 180. Ұлушыр шахта-үңгірі

181 181. Хантағы өзенінің жайылмасы

182 182. Дарбаза қақпа жартасы

3 3. Республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорық қорының гидрогеологиялық объектілері

Ақтөбе облысы

183 Алматы облысы

183. Көкжиде жерасты сулары
Алматы облысы

184 184. Алма-Арасан шатқалындағы тектоникалық қиынды бойындағы радон минералды суларының табиғи шығымы

185 185. Кіші Алматы өзенінің сол жақ сағасындағы Күйгентас өзенінің атырабындағы минералды күкірт қышқылы көзі

186 Шығыс Қазақстан облысы

186. Көкжайлау шатқалындағы Тікбұтақ өзенінің Терісбұтақ бұлағының көзін эрозиялық сипатта басып алуы
Шығыс Қазақстан облысы

187 187. Жеменей минералды су көздері

188 188. Рахманов радон бұлақтары

189 Батыс Қазақстан облысы

189. Арасан-Талды жылы және минералды су көздері
Батыс Қазақстан облысы

190 190. Әлжансор көлінің саз балшығы

191 Қарағанды облысы

191. Қабылтөбе ауылындағы минералды су көзі
Қарағанды облысы

192 192. Қарасор көлдерінің тобы

193 Маңғыстау облысы

193. Сфагнов батпағының учаскесі
Маңғыстау облысы

194 194. Ақмыш бұлақтарының тобы

195 195. Кендірлі бұлағы

196 196. Тамшылы бұлағы

197 197. Түйесу бұлағы

198 198. Өнере бүлағы

199 Павлодар облысы

199. Сауысқан ұңғымасы
Павлодар облысы

200 200. Әулиебұлақ бұлағы

201 Оңтүстік Қазақстан облысы

201. Тілеубұлақ бұлағы
Оңтүстік Қазақстан облысы

202 202. Көксай көлдері

205 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қарашадағы
№ 1212 қаулысымен
бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» (бұдан әрі - Заң) 2006 жылғы 7 шілдедегі және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңдарына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі - ЕҚТА) республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін (бұдан әрі - объектілер) шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану тәртібін айқындайды.

2

2. Объектілерді шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалану объектілерді сақтау мен қалпына келтіруді ескере отырып, сондай-ақ оларға зиянды әсерді жойып, ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік және рекреациялық мақсаттарда және шектеулі шаруашылықтағы қызмет үшін жүзеге асырылады. Заңға сәйкес мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік табиғи резерваттардың қорық режимі аймақтарында объектілерді шектеулі шаруашылықта пайдалануға тыйым салынған.

3 3. Объектілерді шектеулі шаруашылық мақсатта пайдалануды жеке және заңды тұлғалар олар орналасқан республикалық немесе халықаралық маңызы бар ЕҚТА-тың ЕҚТА саласындағы уәкілетті орган бекітетін паспортына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

табиғат қорғау мекемелері - мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2 2. ЕҚТА-дагы объектілерді шектеулі шаруашылықта пайдалану тәртібі

5 5. Объектілерді шектеулі шаруашылық пайдалану Қазақстан Республикасының ЕҚТА саласындағы заңнамасында белгілеген тәртіппен жазбаша өтініштер негізінде ЕҚТА паспортында көзделген қызмет түрлеріне табиғат қорғау мекемелері орналасқан аумақтағы осы мекемелер беретін рұқсаттар бойынша жүргізіледі.

6 6. Объектілерді пайдалануды реттеу мақсатында рекреациялық жүктелім мен жанама орман пайдаланудың жол берілетін нормаларын ескере отырып, табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігі рұқсаттар беру журналын жүргізеді.

Журнал нөмірленеді, жіппен тігіледі және оған табиғат қорғау мекемесінің мөрі басылады.

7 7. Объектілерді пайдаланғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем жасанды.

8 8. Шектеулі шаруашылықта пайдалану кезінде:

1 1) елді мекендерді, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мелиорация, энергетика, көлік және байланыс, әскери және қорғаныс объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мақсаттарымен және жұмыс істеуімен байланысты емес өзге де объектілерді және құрылыстарды орналастыруға және салуға;

2 2) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, сондай-ақ радиоактивті материалдарды қоймада сақтауға және көмуге;

3 3) су айдындарын сарқынды сулар құю үшін пайдалануға;

4 4) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды, қоршаған ортаға зиянды физикалық әсерлерді қолдануға;

5 5) пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге, пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға;

6 6) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, шайыр, екінші дәрежелі орман материалдары мен ағаш сөлдерін дайындауға;

7 7) қорғалатын ландшафттардың табиғи көрінісін өзгертуге немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкін жұмыстарға;

8 8) үйлер мен құрылыстар, жалпы қолданыстағы жолдар, құбырлар, электр тарату желілерін және өзге де коммуникациялар салуға;

9 9) мемлекеттік геологиялық зерттеуге және ғылыми ізденістермен байланысты емес әртүрлі ізденіс жұмыстарына;

10 10) ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, гидроэнергетика, су көлігінің суға қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жерүсті және жерасты суларын пайдалануға;

11 11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз табиғи ортадан жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын, сланецтер, минералдар алып, коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге;

12 12) құрылыстарға, ағаштар, тастар және жартастарға жазулар жазуға және суреттер салуға;

13 13) топырақ қабатын тұрмыстық қоқыспен және қалдықпен ластауға жол берілмейді.

9

9. Объектілерді жеке және заңды тұлғалар шектеулі шаруашылықта пайдалану кезінде объектілерге және оларға жақын табиғи кешендерге зиянды әсер ететін тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың қызметі Заңға сәйкес тоқтатыла тұрады немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тоқтатылады.

230 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қарашадағы
№ 1212 қаулысымен
бекітілген
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін жер қойнауы учаскелерінің тізбесі
Ақмола облысы «Бурабай» мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі

1 1. Аютас тауы

2 2. Бурабай тауы

3 3. Жеке Батыр тауы

4 4. Көкшетау тауы

5 5. Лысая тауы

6 6. Үлкен Бүркітті тауы

7 7. Жұмбақтас тас аралы

8 8. Бастион жартасы

9 9. Оқжетпес жартасы

10 10. Сұңқар ұясы жартасы

11 11. Пахомовка жартасы

12 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

12. Үш апалы-сіңлі жартасы
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

13 13. Лобаново көліндегі үңгірлі сарқырама

14 14. Малиновая өзеніндегі жал

15 15. Зеренді көліндегі көк мүйіс

16 16. Зеренді көлінің жанындағы қызыл күрең мүйіс

17 17. Зеренді көліндегі алыптар жағажайы

18 18. Қарамай шоқысы

19 19. Өрт байқау шоқысы

20 Алматы облысы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

20. Қашқын шоқысы
Алматы облысы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

21 21. Озерная өзенінің жоғарғы жағындағы Городецкий және Моренный белсенді тас глетчерлері

22 22. Жарсай өзенінің жоғарғы сағасы

23 23. Түрген өзенінің оң сағасындағы Ерлер мен Әйелдер көз жасы сарқырамасы

24 24. Есік жазығының жоғарғы сағасындағы алып тас глетчері

25 25. Алма-Арасан шатқалында тектоникалық қиынды бойынша радон минералды суларының табиғи шығымы

26 26. Кіші Алматы өзенінің сол жақ сағасындағы Күйгентас өзенінің атырабындағы минералды күкірт қышқылы көзі

27 27. Жер астынан шыққан Жусалыкөл көлі

28 28. Жер астынан шыққан Есік көлі (Жасылкөл)

29 29. Түрген өзенінің оң жағалауындағы эрозиялы су шайған және бүлінген ғажап пішіндегі бояуы алуан түрлі жартастар

30 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

30. Көкжайлау тау алқабындағы Тікбұтақ өзенінің Терісбұтақ бұлағының көзін эрозиялық сипатта басып алуы
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

31 Шығыс Қазақстан облысы Қатон Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

31. Шарын каньоны
Шығыс Қазақстан облысы Қатон Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

32 32. Арасан өзеніндегі Арасан сарқырамасы

33 33. Көккөл өзеніндегі Көккөл сарқырамасы

34 34. Язовая өзеніндегі Яз сарқырамасы

35 35. Белуха тауы

36 36. Тәж тауы

37 37. Қара Берел өзеніндегі сарқырамалар каскады

38 38. Рахманов радон бұлақтары

39 39. Рахманов көліндегі Рахманов сарқырамасы

40 Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

40. Көккөл руднигі
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

41 Батыс Қазақстан облысы Кирсанов мемлекеттік табиғи қаумалы

41. Гранит қалдықтарының «Желілік бағандар» геосәулет кешені
Батыс Қазақстан облысы Кирсанов мемлекеттік табиғи қаумалы

42 42. Алебастр жары

43 43. Ақбалшық жары

44 44. Жамбыл жары

45 45. Долинный жары

46 46. Қызылмектеп жары

47 47. Полоусов жары

48 48. Сауркин жары

49 Қарағанды облысы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

49. Упорный жары
Қарағанды облысы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

50 50. Жирен сақал тауы

51 51. Үш үңгір кешені

52 52. Жасанды қалмақ дуалы құрылысы

53 53. Үлкен палата тас үңгірі

54 54. Бассейн көлі

55 55. Шайтанкөл көлі

56 Маңғыстау облысы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

56. Сфагнов батпақ учаскесі
Маңғыстау облысы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

57 57. Босаға Көкөсем тауы

58 58. Қараған Босаға тауы

59 59. Қарамая тауы

60 60. Қарынжарық тауы

61 61. Көкөсем тауы

62 62. Кендірлі бұлағы

63 Павлодар облысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

63. Өнере бұлағы
Павлодар облысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

64 64. Драверта үңгірі

65 65. Құмыра үңгірі

66 66. Әулие үңгірі

67 67. Қоңырәулие үңгірі

68 68. Әулиебұлақ бүлағы

69 69. Тілеубұлақ бүлағы

70 70. Айманбұлақ аңғары

71 71. Тас ғажайыптар аңғары

72 72. Рахай аңғары

73 Солтүстік Қазақстан облысы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

73. Үшсала аңғары
Солтүстік Қазақстан облысы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

74 74. Айыртау гранит алқабы

75 75. Имантау гранит алқабы

76 76. Имантау көліндегі Казачий аралы

77 77. Көне гранит алқабы

78 78. Қазан жартасты шөгінділері

79 79. Қостау шоқысы

80 80. Шолғыншы шоқысы

81 81. Сүйір шоқы

82 Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

82. Расколотая шоқысы
Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

83 83. Кіші Қайыңды шатқалындағы сарқырама

84 84. Ақсу өзенінің каньоны

85 85. Көксай қақпасы

86 86. Әулие кен орны

87 Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

87. Дарбаза қақпа жартасы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

88 88. Келіншектау тауы

89 89. Мыңжылқы тауы

90 90. Аққұз өзенінің каньоны

91 91. Баялдыр өзенінің сағасындағы Ақтас үңгірі

92 92. Кеңөзен аңғарындағы Балақайың үңгірі

93 93. Бестоғай үңгірі

94 94. Қазанбұлақ бұлағы бар үңгір

95 95. Шарқойлы үңгірі

96 96. Хантағы өзенінің жайылмасы

Қолданыстағы