Об изменениях в административно-территориальном устройстве Сарыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Сарыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Сарыколь ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 19.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2014 55551_141518.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10N0003738
- ЭКБ идентификаторы
- 55551
- Редакция идентификаторы
- 55551_141518
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:09
0 Сарыколь ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6) тармақшасына, 8 және 11-баптарына сәйкес және Сарыкөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тұрғындар саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Ақсу ауылы;
Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Есіл ауылы;
Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Новодудаковка ауылы.
2 2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Ақсу ауылы Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Большие Дубравы ауылының құрамына;
Есіл ауылы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылының құрамына;
Новодудаковка ауылы Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Тагильское ауылының құрамына.