Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 509
- Қабылданған күні
- 01.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2011 · қолданыстағы AI55560_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UI000136
- ЭКБ идентификаторы
- 55560
- Редакция идентификаторы
- AI55560_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:03
0 Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, 2011 жылдың қаңтар-наурызында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Б.Ошақбаев-келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу ұсынылсын.
2 2. Азаматтарды аудандық шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымшылдықпен және сапалы өткізу мақсатында мына төмендегі құрамда шақыру комиссиясы құрылсын:
Ошақбаев Бақытжан
Қаратайұлы
-аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Рахматулла Файзулла Рахматуллаұлы
-аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері
Бөлегенов Нұрлан
Құрманұлы
-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы
-аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);
Түкібай Сабира Майлыбайқызы
-аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
3
3. Ауылдық округтердiң әкiмдерiне және ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген мерзiмде тиiстi жергiлiктi әскери басқару органдарына шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын әскер жасына дейiнгiлердiң тiзiмiн тапсыру ұсынылсын.