Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесін айқы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесін айқы
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесін айқындау
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 351
- Қабылданған күні
- 18.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2013 · қолданыстағы 55573_216152.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LF000169
- ЭКБ идентификаторы
- 55573
- Редакция идентификаторы
- 55573_216152
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:10
0 Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарының тізбесін айқындау
"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына және "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-5 шешіміне сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 2010 жылғы 18 қазандағы N 351
Жалағаш ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысы;
3 3) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: зертхана басшысының орынбасары;
4 4) дәріхана меңгерушісі;
5
5) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, ренген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;
2 2) мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;
4 4) мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.
3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;
3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореграф, хормейстр.
4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2 2) бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде: көркемдік жетекші басшысы;
3 3) мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;
4
4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатр, мұрағатшы, балетмейстр, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстр, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер.