Об утверждении Методики расчета местного содержания в кадрах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики расчета местного содержания в кадрах
- Атауы (қаз.)
- Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 320-ө
- Қабылданған күні
- 27.09.2010
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 55599_333242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006618
- ЭКБ идентификаторы
- 55599
- Редакция идентификаторы
- 55599_333242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:17
0 Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2 2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі_________ Ә. Исекешев
2010 жылғы 8 қазан
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
______________ С. Мыңбаев
2010 жылғы 6 қазан
0 Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 320-ө бұйрығымен бекітілген
Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі
1 1. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі (бұдан әрi - Әдiстеме) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
1-1 1-1. Осы Әдістеме корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
2
2. Әдiстеме жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн орындауына мониторинг жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеуге, сондай-ақ өтiнiм берушiлердiң жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды даярлауына арналған.
3 3. Кадрлардағы жергілікті қамту қызметкерлердің әр санаты бойынша бөле отырып, келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы қазақстандық қамтудың пайыздық мәнiн айқындау негiзiнде белгiленедi.
4 4. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:
1 1) бiрiншi санат – басқарушы құрам;
2 2) екiншi санат – жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар;
3 3) үшiншi санат – бiлiктi жұмысшылар.
Бiрiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың ағымдағы қызметiн басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кiретiн адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметiн басқаруды, құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын адамдар жатады.
Екiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлiмшелерiн басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы бiлiмi және жұмыс дағдысы, тәжiрибесi бар қызметкерлер жатады.
Үшінші санатқа 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 8-тармағы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.
5 5. Тиiстi санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:
VKC
h = ---- x 100 %,
Vo
мұндағы
- VKC – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
- Vo – келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған тиiстi санаттағы персоналдың жалпы саны.
Есептеу мысалы:
Екiншi санат бойынша қазақстандық кадрларды пайыздық қамтуды есептеу үшiн бастапқы деректер:
(Vo) – жер қойнауын пайдаланушының екiншi санаты бойынша келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған персоналының жалпы саны 1200 адамды құрайды;
(VKC) – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны 1000 адам құрайды.
Осы санаттағы бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы:
1000
h = ---- x 100 % = 83 %
1200
құрайды.