Об утверждении требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении требований к местонахождению и оборудованию конторы частного судебного исполнителя
- Атауы (қаз.)
- "Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 03.11.2010
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2014 AI55602_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006629
- ЭКБ идентификаторы
- 55602
- Редакция идентификаторы
- AI55602_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:02
0 "Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы"
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар бекітілсін.
2
2. «Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/146 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6247 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін
атқарушының
2010 жылғы 3 қарашада
№ 307 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар
1
1. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына, 174-бабына сәйкес әзірленді.
2 2. Кеңсенің жабдықталуы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрінің 2006 жылғы 8 ақпанындағы № 35 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі Ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылуы қажет (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6247 тіркелген).
3
3. Кеңсе жеке тұрған үлгілік ғимараттарда немесе ғимаратқа жапсарлас бейімді үй-жайларда орналасады. Кеңсеге бөлек кіру есігі болған кезде, кеңселердің тұрғын үй ғимараттарында орналасуына рұқсат етіледі. Кеңселердің ғимараттар жертөлелерінде орналасуына жол берілмейді. Кеңсеге кірген кезде мүгедектер үшін пандустарды көздеу қажет.
4
4. Кеңсе жеке сот орындаушысының қызметі үшін анықтаған атқарушы округтың аумағында еркін қатынау үшін ашық орында орналасуы және азаматтарды қабылдау үшін жарамды болуы тиіс. Кеңседе азаматтардың күтуі және оларды қабылдау үшін отыратын орындар көзделуі тиіс. Сонымен қатар азаматтардың күту орындары жеке сот орындаушысының кабинетінен бөлек орналасады.
5 5. Бір атқарушылық округте қызметін жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының аумақтық органның рұқсатымен жалпы кеңсесі болуы мүмкін, осымен бірге әрбір жеке сот орындаушысы өз өкілеттіктерін өз атынан жүзеге асырады.
6 6. Кеңсенің үй-жай алаңы қажетті кеңсе жиһазы мен жабдығын еркін орналастыруды қамтамасыз етуі қажет және әрбір жеке сот орындаушысына 12м2 кем болмауы тиіс.
7
7. Жеке сот орындаушысының жұмыс орны негізгі үй-жайда кеңсе үстелін, компьютер не ноутбукты, принтерді қамтуы тиіс. Кеңседе көшіру аппараты және сканер болуы тиіс. Принтер, көшіру аппараты және сканер осы техника функцияларын көздейтін бір жабдыққа жинақталуы мүмкін. Құжаттарды, мөрлер мен мөртабандарды сақтау үшін үй-жайда сейф болуы тиіс.