Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета в таможенных органах обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, определения суммы обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, а также применения генерального обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов

Қаулы · № 1230 · қабылданған 23.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55616/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета в таможенных органах обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, определения суммы обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, а также применения генерального обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов Күшін жойған Қаулы ·№ 1230 ·23.11.2010
28.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета в таможенных органах обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, определения суммы обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, а также применения генерального обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов

Күшін жойған Қаулы ·№ 1230 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета в таможенных органах обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, определения суммы обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов, а также применения генерального обеспечения уплаты таможенных пошлин, налогов
Атауы (қаз.)
Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1230
Қабылданған күні
23.11.2010
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI55616_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001230
ЭКБ идентификаторы
55616
Редакция идентификаторы
AI55616_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:53

0 Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 143, 150, 151-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы;

2 2) Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы

­Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен
бекітілген
Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) лауазымды адам - кеден органы бірінші басшысының не оны алмастырушы тұлғаның бұйрығына сәйкес Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы жүргізу үшін жауапкершілік жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша), кеденнің, кеден бекеттерінің, кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамы;

2 2) қаржы жылы - оның ішінде бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.

Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

2 2. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі

3 3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:

1 1) ақшамен;

2 2) банк кепілдігімен;

3 3) кепілгерлікпен;

4 4) мүлік кепілімен;

5 5) сақтандыру шартымен.

4

4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу кеден органында төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы өтінішін осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын (бұдан әрі - Карточка) ресімдеу жолымен тіркеу күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

5

5. Карточка кеден органдарының кедендік баждардың, салықтардың теленуін қамтамасыз етуін есепке алу мақсатында ресімделеді және кеден органдары үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдауды, оның ішінде тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде растайтын құжат болып табылады.

6 6. Карточка екі данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді.

Карточканның бірінші данасы кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) болып табылатын, оны тіркеген кеден органының құрылымдық бөлімшесінде қалады.
Екінші данасы кедендік операция жасалатын кеден органының құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

7 7. Карточканың тіркеу нөмірі мынадай құрылымнан тұрады:

ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ООООО — Карточканы тіркеген кеден органының коды;
КК - тіркелген күні;
АА - тіркелген айы;
ЖЖ - тіркелген жылдың соңғы екі саны;
ННННН - Карточканның реттік немірі.
Осы Қағида күшіне енген күнінен бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады.

8

8. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қабылдануын растайтын құжат кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қабылдаған кеден органы тіркеген және берген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты (бұдан әрі - Сертификат) болып табылады.
Сертификаттың нысаны және оны толтыру тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.

9

9. Төлеуші олар бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияны аяқтаған кезде осы кедендік операция жүргізілген құрылымдық бөлімшенің лауазымды адамы бұл туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік кірістер бөліміне (бөлімшесіне) ақпараты жолдайды.

10

10. Кедендік операция бойынша міндеттер орындалғаннан кейін төлеуші кедендік рәсімді жасау кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы Карточканы ресімдеген кеден органына жазбаша нысанда жүгінеді.

11 11. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі.

12 12. Кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін кеден органының құрылымдық бөлімшесі ұсынған құжаттарды кедендік рәсімдерді жүргізу кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуын тексеруді жүзеге асырады.

13 13. Кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкалары тізілімінде ресімделген Карточкаларды осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепке алуды жүргізеді.

14

14. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы негізінде осы Қағиданың 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша міндеттерді орындау мерзімінің өткен соң кеден органының қаржысын уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын және арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомаларын есепке алу бойынша тізілімдерді (бұдан әрі - Тізілім) қалыптастыру жүргізіледі.

15 Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібі

15. Тізілім Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көзделген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолданудың әрбір шарттары бойынша бөлек қалыптастырылады.
Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшаны есепке алу тәртібі

16

16. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген ақшамен төлеуші қабылдаған міндеттемелердің орындалуын есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін кеден органдары осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкалар (бұдан әрі - Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка) жүргізеді.

17

17. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка төлеушілердің орындалмаған міндеттемелері бойынша бюджетке ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын уақтылы есептеуге, ақшаны уақытша орналастыру шотына, төлеушілердің орындалмаған міндеттемелер бойынша банк шоттарына енгізілген ақшаны қайтаруға, қамтамасыз ету сомасын кедендік баждар, салықтар бойынша алдағы міндеттемелер есебіне аударуға, уақытша арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждарды бюджетке аударуға немесе қайтаруға арналған.

18 18. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка:

1 1) қабылданған міндеттеменің негізінде кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген соманы есепке алу үшін әр төлеуші үшін жеке;

2 2) кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген уақытша арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын есепке алу бойынша әр төлеуші үшін жеке ашылады.

19 19. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізілген кедендік баждар мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомасын есепке алу кеден органдарында қағаз тасымалдағыштарында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі.

20 20. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка әрбір төлеуші бойынша осы Қағиданың 3-тарауында көзделген тәртіппен жасалады.

21 21. Кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшамен енгізілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы көрсетілетін төлем құжаттарының тізілімін кеден органы жүргізеді.

22 22. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашу үшін төлемді қамтамасыз ету ретінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына арнайы, демпингке қарсы және өтем баждарын енгізу негіздеме болып табылады.

23 23. Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка әр жылға ашылады: заңды тұлғалардың қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы ашқан кезде міндетті түрде мынадай деректемелер көрсетіледі:

1 1) заңды тұлғаның толық атауы;

2 2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

3 3) заңды мекенжайы;

4 4) кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуіш коды, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіш коды.

24 24. Жеке тұлғаның (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларында:

1 1) тегі, аты және әкесінің аты;

2 2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

25 25. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалардың қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларында:

1 1) тегі, аты және әкесінің аты;

2 Банк кепілдігін есепке алу тәртібі

2) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке куәліктің/паспортының нөмірі мен берілген күні) көрсетіледі.
Банк кепілдігін есепке алу тәртібі

26 26. Банк кепілдігін кеден органына төлеуші ұсынады.

27 27. Кеден органы банк кепілдіктерін есепке алуды банк кепілдігін тізілімінде жүргізеді.

28 28. Төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты күдік туындаған кезде кеден органдары мұндай кепілдік берген банктен жазбаша нысанда растау сұратады.

29 29. Төлеуші кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемені орындағанға дейін банк кепілдігін кері қайтаруға болмайды.

30 30. Төлеуші банк кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы кепіл мерзімі өтіп кеткенге дейін кепілгер банкке төлеушінің міндеттемесін берілген банк кепілдігі мөлшерінде орындау туралы талап қояды.

31 Кепілгерлік шартын есепке алу тәртібі

31. Төлеуші олардың орындалуы үшін банк кепілдігі берілген міндеттемелерді орындаған жағдайда банк кепілдігін бақылаудан алынады, ал кепілгер банкке кеден органы кепіл қолданысының тоқтатылуы туралы хабарлайды.
Кепілгерлік шартын есепке алу тәртібі

32 32. Кеден органы кепілгерлік шарттарының тізілімінде кепілгерлік шарттарын есепке алуды жүргізеді.

33 33. Кодекстің 147-бабына сәйкес кепілдік беруші өсімпұлдарды төлеуді қоса алғанда, кеден органының алдында төлеушімен бірдей  көлемде жауапкершілікте болады.

34 Мүлік кепілін есепке алу тәртібі

34. Төлеуші олардың орындалуы үшін кепілгерлік шарты жасалған міндеттемелерді орындаған жағдайда кепілгерлік шарты бақылаудан алынады, ал кеден органы кепілдік берушіге кепілгерлік шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Мүлік кепілін есепке алу тәртібі

35 35. Кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілін Қазақстан Республикасының азаматтық және кеден заңнамаларына сәйкес ресімделген мүлік кепілінің шарты негізінде қабылдайды.

36 36. Мүлік кепілі түрінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету осы төлеушімен кепіл шартын жасасқан кеден органы алдында төлеушіде туындаған міндеттемелерге ғана таратылады.

37 37. Кеден органы мүлік кепілі шарттарының тізілімінде мүлік кепілі шарттарын есепке алуды жүргізеді.

38 38. Кеден органы алдында міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде, егер бұл міндеттемелер орындалмаса, кеден органы кепілді, егер кепіл шартында өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен кепілдік затынан өндіріп алады.

39 Сақтандыру шартын есепке алу тәртібі

39. Төлеуші олардың орындалуы үшін мүлік кепілінің шарты жасалған міндеттемелерді орындаған жағдайда мүлік кепілінің шарты бақылаудан алынады, ал кеден органы кепілдік берушіге мүлік кепілі шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Сақтандыру шартын есепке алу тәртібі

40

40. Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын беруді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясының негізінде Қазақстан Республикасы азаматтық және кеден заңнамаларының нормаларына сәйкес және көрсетілген операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

41 41. Кеден органына сақтандыру шартын төлеуші ұсынады.

42 42. Кеден органы сақтандыру шарттарының тізілімінде сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.

43 43. Кеден органдары төлеуші ұсынған сақтандыру шартының түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты күмән туындаған кезде осындай сақтандыруды жүзеге асырған сақтандыру ұйымынан жазбаша нысанда растама сұратады.

44 44. Төлеуші сақтандыру шартымен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде кеден органы кепілдік мерзімі өткенге дейін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі сомасының мөлшерінде төлеушінің міндеттемелерін орындау туралы сақтандыру ұйымына талап қояды.

45 45. Сақтандыру жағдайы басталған кезде төлеуші мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы бюджетке міндетті түрде аударуға жатады.

46 46. Төлеуші олардың орындалуы үшін сақтандыру шарты ұсынылған міндеттемелерді орындаған жағдайда сақтандыру шарты бақылаудан алынады ал кеден органы сақтандыру ұйымына сақтандыру шартының қолданысы тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

3 3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібі

47

47. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе Кодекстің 151-бабының 3-тармағымен және 3-тарауымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмай, тауарлары ішкі тұтыну немесе экспорттау үшін кедендік әкету рәсімдеріне орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың сомасына негізделе отырып айқындалады.

48

48. Егер кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын белгілеген кезде тауарлардың сипаты, олардың атаулары, саны, шыққан елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтер кеден органына ұсынылмағандықтан, төлеуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасын айқындау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомасы кедендік баждар, салықтар ставкаларының, тауарлар құны және (немесе) мынадай әдістермен кеден органында қолда бар мәліметтер негізінде айқындалуы мүмкін табиғи түрдегі (саны, салмағы, көлемі немесе өзге сипаттамалары) физикалық сипаттамаларына сүйене отырып айқындалады:
кедендік сараптама жүргізу;
анықтамалық ақпаратты (журналдар, буклеттер, каталогтар, анықтамалар және басқалар) пайдалану;
техникалық құжаттаманы және (немесе) сәйкестендіру құжаттарын пайдалану;
ресми интернет-ресурстарды пайдалану.

0.1 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы 20___ жылғы «___»____________ №_____________

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
1-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы 20___ жылғы «___»____________ №_____________

1 1.___________________________________________________________________

(тұлғаның аты жөні және заңды мекенжайы (жеке тұлғаның тегі,
аты және әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірімен
құжаттың берілген күні,
______________________________________________________________берілді
сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайы)

2 2.___________________________________________________________________

(салық төлеушінің тіркеу нөмірі)

3 3.___________________________________________________________________

операция түрі

4 4.___________________________________________________________________

(кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
тәсілі мен сомасының мөлшері)

5 5. __________________________________________________________________

(кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуге
кепілдік беруші болып
_____________________________________________________________________
табылатын тұлға туралы ақпарат (банк, кепілгер, кепіл беруші,
сақтандыру ұйымы)

6 6. __________________________________________________________________

(кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
қолданылу мерзімі)

7 7. __________________________________________________________________

(кедендік операция жасалатын кеден органы)

8 8. __________________________________________________________________

(осы қамтамасыз ету кедендік баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етудің бас қамтамасыз етуі болып табыла ма)

9 9.___________________________________________________________________

(бас қамтамасыз етуді қолдану кезінде БҚР нөмірі)

10 10. _________________________________________________________________

(қамтамасыз ету карточкасын берген кеден органының лауазымды
адамының аты-жөні)
_____________________________________
(қолы және жеке нөмірлі мөрі)

0.2 Кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз ету карточкасының тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
2-қосымша
Кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз ету карточкасының тізілімі
Р/с №
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету кар­точ­ка­сы­ның тір­кеу нө­мі­рі
Кар­точ­ка­ға өті­ніш бе­ру­ші­нің аты-жө­ні
Кар­точ­ка­ға өті­ніш бе­ру­ші­нің то­лық заң­ды ме­кен­жайы
Кар­точ­ка­ны ұсын­ған са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың қам­та­ма­сыз ету­дің тә­сі­лі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы­ның мөл­ше­рі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету ке­пі­лі (банк, ке­пі­л­гер ке­піл бе­ру­ші, сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы)
Мін­дет­те­ме­нің қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Бас қам­та­ма­сыз ету­ші
Кар­точ­ка­ны бер­ген ке­ден ор­ган­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның аты-жө­ні
7
8
9
10
11

0.3 Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы төлеу құжаттарының тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
3-қосымша
Кеден органының ақшасын уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы төлеу құжаттарының тізілімі
Р/с №
Ке­ден ор­га­ны­ның ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі
Тө­ле­у­ші­нің ата­уы, тұр­ғы­лық­ты же­рі және оның де­ректе­ме­ле­рі
Мін­дет­те­ме­ні қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­тың, тү­бір­тек­тің, тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі және кү­ні
Қам­та­ма­сыз ету мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Мін­дет­те­ме орын­дал­ма­ған жағ­дай­да тө­ле­ну­ге жа­та­тын сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Ке­ден ор­га­ны­ның ақ­ша­сын уа­қыт­ша ор­на­ла­сты­ру шо­ты­на ен­гі­зі­л­ген мін­дет­те­ме­нің орын­да­лу мер­зі­мі
Іс жү­зін­де ат­қа­ру мер­зі­мі
Ке­ден ор­га­ны­ның ақ­ша­сын уа­қыт­ша ор­на­ла­сты­ру шо­ты­на ен­гі­зі­л­ген қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша со­ма­ны өн­ді­ріп алу кү­ні
Бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Ес­керт­пе
7
8
9
10
11
12

0.4 Банк кепілдігін беру тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
4-қосымша
Банк кепілдігін беру тізілімі
Р/с №
Ке­піл бо­лып та­бы­ла­тын банк­тің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі
Ке­піл­дік шар­ты жа­сал­ған тұл­ға­ның ата­уы ор­на­лас­қан же­рі
Қам­та­ма­сыз ету ен­гі­зі­л­ген тө­ле­у­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі және оның де­ректе­ме­ле­рі
Ке­піл­дік со­ма­сы
Ке­піл­дік­тің нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ке­піл­дік­тің қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Ке­піл­дік бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің орын­да­лу мер­зі­мі
Іс жү­зін­де орын­да­лу мер­зі­мі
Бюд­жет­ке ке­піл­дік бой­ын­ша со­ма­ны өн­ді­ріп алу кү­ні
Бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған ке­піл­дік со­ма­сы
Ес­керт­пе
7
8
9
10
11
12

0.5 Кепілгерлік шарттарының тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
5-қосымша
Кепілгерлік шарттарының тізілімі
Р/с №
Ке­піл­дік бе­ру­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі және оның банк­тік де­ректе­ме­ле­рі
Ке­пі­л­гер­лік бе­ру шар­ты жа­сал­ған тұл­ға­ның ата­уы, тұр­ғы­лық­ты же­рі, және оның де­ректе­ме­ле­рі
Қам­та­ма­сыз ету ен­гі­зі­л­ген тө­ле­у­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі және оның де­ректе­ме­ле­рі
Ке­пі­л­гер­лік бе­ру шар­ты бой­ын­ша ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету тә­сіл­де­рі
Мін­дет­те­ме­ні қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
Ке­пі­л­гер­лік шар­ттың нө­мі­рі мен жа­сал­ған кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ке­пі­л­гер­лік шар­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Мін­дет­те­ме орын­дал­ма­ған жағ­дай­да тө­ле­не­тін сақ­тан­ды­ру төлем­нің со­ма­сы
Ке­пі­л­гер­лік шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің орын­да­лу мер­зі­мі
Іс жү­зін­де орын­да­лу мер­зі­мі
Ке­пі­л­гер­лік шар­ты бой­ын­ша со­ма­ны өн­ді­ріп алу кү­ні
Бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Ес­керт­пе
8
9
10
11
12
13
14

0.6 Мүлік кепілі шартының тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
6-қосымша
Мүлік кепілі шартының тізілімі
Р/с №
Ке­піл бе­ру­ші­нің аты-жө­ні, оның ме­кен-жайы, СТН
Қам­та­ма­сыз ету ен­гі­зі­л­ген тө­ле­у­ші­нің аты-жө­ні (же­ке тұл­ға­ның Т.А.Ә.)
Мін­дет­те­ме­ні қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
Ке­піл ту­ра­лы шар­ттың жа­сал­ған кү­ні
Ке­піл тү­рі
Ке­піл затта­ры­ның ата­уы және са­ны
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ке­піл за­ты­ның на­рық­тық құ­ны
Шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің орын­да­лу мер­зі­мі
Іс-жү­зін­де орын­да­лу мер­зі­мі
Ке­піл за­тын са­ту кү­ні
Ке­піл за­тын са­ту ке­зе­ңін­де алын­ған со­ма
Ес­керт­пе
8
9
10
11
12
13

0.7 Сақтандыру шарттарының тізілімі

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
7-қосымша
Сақтандыру шарттарының тізілімі
Р/с №
Сақ­тан­ды­ру­шы­ның ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі және оның банк­тік де­ректе­ме­ле­рі
Сақ­тан­ды­ру шар­ты жа­сал­ған тұл­ға­ның ата­уы, тұр­ғы­лық­ты же­рі және оның де­ректе­ме­ле­рі
Қам­та­ма­сыз ету ен­гі­зі­л­ген тө­ле­у­ші­нің ата­уы, ор­на­лас­қан же­рі және оның де­ректе­ме­ле­рі
Мін­дет­те­ме­ні қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
Сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның нө­мі­рі және жа­сал­ған кү­ні
Сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның қол­да­ны­лу мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Мін­дет­те­ме орын­дал­ма­ған жағ­дай­да тө­ле­не­тін сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің орын­да­лу мер­зі­мі
Іс жү­зін­де орын­дау мер­зі­мі
Сақ­тан­ды­ру шар­ты бой­ын­ша со­ма­ны өн­ді­ріп алу кү­ні
Бюд­жет­ке ауда­ры­л­ған сақ­тан­ды­ру тө­ле­мі­нің со­ма­сы
Ес­керт­пе
8
9
10
11
12
13

0.8 Қамтамасыз ету сомасын есепке алу жөніндегі жеке карточка

Кеден органдарында кедендік
баждардың, салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді есепке алу,
кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету сомасын
айқындау қағидасына
8-қосымша
Қамтамасыз ету сомасын есепке алу жөніндегі жеке карточка
Төлеушінің атауы _________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі____________
Қазақстан Республикасының резидент емесі паспортының нөмірі мен берілген күні_____________________________
Мекенжай _________________________________
Телофон __________________________________
Р/с №
Құ­жат­тың нө­мі­рі мен кү­ні (ДПО, КТС және т.б.)
Тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету шар­тта­ры (дем­пинг­ке қар­сы және өтем баж­да­рын қор­ғау 143-б. 1-т)
Опе­ра­ция ал­дын­да­ғы саль­до
Кі­ріс
Мін­дет­тер­ді орын­дау мер­зі­мі (кү­ні)
Құ­жат­тың кү­ні
Құ­жат­тың нө­мі­рі
Тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиы­ны:
кестенің жалғасы
Шы­ғыс
Тө­лем құ­жат­та­ры
Тө­ле­у­ші­ге қай­та­ры­л­ған со­ма
Бас­қа мін­дет­те­ме есе­бі­нен
Бюд­жет­ке ауда­рыл­ды
Кү­ні
Нө­мі­рі
КБК
Өзге­лер
9
10
11
12
13
14
кестенің жалғасы
Шы­ғыс
Опе­ра­ция со­ңын­да­ғы саль­до
Бюд­жет­ке ауда­рыл­ды
Тө­ле­у­ші­нің орын­дал­ма­ған мін­дет­те­ме­ле­рі бой­ын­ша
Ал­да­ғы тө­лем есе­бі­нен
Бе­ре­шек есе­бі­нен
Тө­ле­уді қам­та­ма­сыз ету әре­кет­те­рі­нен аса­тын мер­зім бой­ын­ша
15
16
17
18
19

2 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 23 қарашадағы
№ 1230 қаулысымен
бекітілген
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бас қамтамасыз ету) қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Бас қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағында бір тұлға:

бір кеден органында бірнеше кедендік операциялар жасағанда (қарапайым бас қамтамасыз ету);
бірнеше кеден органдарында бірнеше кедендік операциялар (күрделі бас қамтамасыз ету) жасағанда кеден органдары қабылдайды.

3 3. Кедендік операциялар жасалатын не басталатын кеден органына бас қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау (бұдан әрі - БҚР) болып табылады.

2 2. Кедендік операцияларды жасаған кезде бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі

4 4. Кеден органдары төлеушінің жазбаша өтініші бойынша бас қамтамасыз етуді осы өтініште айқындалған мерзімге қабылдайды.

5 5. Өтініш кеден органында тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей белгіленген нысан бойынша әр кедендік операцияға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы (бұдан әрі - Карточка) ресімделеді.

6 6. Карточка бірнеше данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді.

Карточканың бірінші данасы осы Карточканы ресімдеген кеден органының кедендік кірістер бөлімінде (бөлімшесінде) қалады;
басқа даналары Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының құрылымдық бөлімшелеріне және (немесе) кедендік операциялар жасалатын кеден органдарына беріледі (жолданады).

7 7. Ресімделген Карточкалардың негізінде кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы БҚР ресімдеуді жүргізеді.

Бұл ретте көрсетілген лауазымды адам БҚР-ды есепке алуды, БҚР-да көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін енгізілген қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін бақылауды жүргізеді.

8 8. БҚР-ды тіркеу нөмірінің мынадай құрылымы бар:

ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда:
ООООО - БҚР-ды тіркеген кеден органының коды;
КК - тіркелген күні;
АА - тіркелген айы;
ЖЖ - тіркелген жылдың соңғы сандары;
ННННН - БҚР-дың реттік нөмірі.
БҚР-дың реттік сандарының нөмірленуі бір санынан басталады. Әрбір келесі жылғы 1 қаңтардан бастап БҚР-дың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады.

9 9. БҚР екі данада ресімделеді және мынадай түрде бөлінеді:

БҚР-дың бірінші данасы кедендік кірістер бөлімінде (бөлімшесінде) қалады;
БҚР-дың екінші данасы төлеушіге беріледі.

10 10. Кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамдары осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімінде (бұдан әрі - БҚР тізілімі) ресімделген БҚР-ды есепке алуды жүргізеді.

11

11. Төлеуші кедендік операциялар жасау кезінде кеден органының және (немесе) осы кедендік операциялар жүзеге асырылатын кеден органдарының құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары төлеуші ұсынған БҚР-да көрсетілген ақпаратты кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) ұсынған Карточкамен салыстыруды жүргізеді.

12 12. Төлеуші кедендік операция жасау кезінде міндеттемелерді орындамаған кезде БҚР-ды ресімдеген кеден органы мынадай іс-қимылдың біреуін немесе бірнешеуін орындайды:

ақшаны уақытша орналастыру шотынан бюджетке төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын аударады;
кепілгер банкке төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемесін орындауы туралы талап қояды;
егер кепіл шартында өреше көзделмесе, сот тәртібімен кепіл затынан өндіріп алуды қолданады;
кепілдік берушіге кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу туралы талап жолдайды;
сақтандыру ұйымына төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша міндеттемесін орындау туралы талап қояды.

13 13. Карточкада көрсетілген мерзім өткенге дейін кедендік операциялардың бірін жасамаған кезде төлеуші кеден органының және (немесе) кедендік операция жасалуы тиіс кеден органының құрылымдық бөлімшесіне тиісті растама беру туралы өтінішпен жүгінеді.

Төлеуші аталған растаманы алғаннан кейін оны БҚР-ды ресімдеген кедендік кірістер бөліміне (бөлімшесіне) кедендік баждардың, салықтардың сомасын қайтару үшін ұсынады.

14 14. БҚР-да көрсетілген барлық операциялар бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін Карточканы және БҚР-ды ресімдеген кедендік кірістер бөлімінің (бөлімшесінің) лауазымды адамы БҚР тізілімінде тиісті жазбаларды қою жолымен БҚР-ды бақылаудан алады.

15

15. Егер БҚР берілген мерзім өтіп кетсе, кеден органдары мұндай БҚР-ды қамтамасыз етуді растау құжаты ретінде қабылдамайды. Кедендік кірістер бөлімі (бөлімшесі) осындай БҚР-ды кедендік операцияны жүзеге асыру үшін Карточканы пайдаланбау фактісін тексергеннен кейін ғана БКР тізіліміне белгі қою жолымен өтейді.

16

16. Кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша орындалмаған міндеттемелер кезінде алдыңғы кедендік операциялар бойынша міндеттемелер (талаптар, шарттар, тыйым салулар) орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кедендік операциялар жасауға арналған БҚР көрсетілген міндеттемелер тиісінше орындалғанға дейін ресімделмейді.

3 3. Бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау кезінде бас қамтамасыз етуді қолданудың тәртібі

17 17. Осы Қағиданың 4 - 15-тармақтарының талаптары бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау кезінде бас қамтамасыз етуді қолдануға да таралады.

18 18. Төлеуші күрделі бас қамтамасыз ету бойынша кедендік операциялар жасау кезінде міндеттемелерді орындамаған жағдайда БҚР-ды ресімдеген кеден органы мына іс-қимылдардың біреуін немесе бірнешеуін орындайды:

кедендік операция жасалған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органына төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасын бюджетке ақшаны уақытша орналастыру шотынан аударады;
кедендік операция жасалған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органы көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша төлеушінің міндеттемесін орындау туралы банк кепілін берген банкке талап қояды;
сот тәртібімен кейіннен сатылған кепілдік затынан түскен қаражатты кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып кепіл затын өндіріп алады;
кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып, кепіл берушіге кедендік баждардың, салықтардың тиісті сомаларын төлеу туралы талап жолдайды;
кедендік операцияны жасаған кезде міндеттеме орындалмаған кеден органының қызметі аймағында орналасқан бенефициар салық органын көрсете отырып, сақтандыру ұйымына төлеушінің кедендік баждардың, салықтардың сомасын төлеу бойынша міндеттемелерін орындау туралы талап қояды.

2.1 Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету _____________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы мен толық заңды мекенжайы (не тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні) және тіркеу нөмірі)

Кедендік баждардың, салықтардың
төленуін бас қамтамасыз етуді
қолдану қағидасына
1-қосымша
Нысан
Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету _____________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы мен толық заңды мекенжайы (не тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні) және тіркеу нөмірі)
Р/с №
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша жүр­гі­зі­л­ген ке­ден­дік опе­ра­ци­я­ның тү­рі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету кар­точ­ка­сы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету тә­сі­лі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы
Ке­ден­дік опе­ра­ция ба­стал­ған күн
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ке­ден­дік опе­ра­ци­я­ны аяқ­тау жос­пар­лан­ған күн
Ке­ден­дік опе­ра­ция нақ­ты аяқ­тал­ған кү­ні
Ке­ден­дік рә­сім­нің аяқ­та­луын тір­кей­тін ке­ден ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның Т.А.Ә. және же­ке нө­мір­лі мө­рі
Ке­ден­дік рә­сім­нің жа­сай­тын ке­ден ор­га­ны неме­се ке­ден ор­га­ны­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі
Ес­керт­пе
7
8
9
10
11

2.2 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімі

Кедендік баждардың, салықтардың
төленуін бас қамтамасыз етуді
қолдану қағидасына
2-қосымша
Нысан
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімі
Р/с №
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін бас қам­та­ма­сыз ету­ді рас­та­удың тір­кеу нө­мі­рі
Тө­ле­у­ші­нің то­лық заң­ды ме­кен­жайы мен ата­уы
Са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету тә­сі­лі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету со­ма­сы­ның мөл­ше­рі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету ке­піл­ді­гі (банк, ке­пі­л­гер, ке­піл бе­ру­ші, сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы)
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін бас қам­та­ма­сыз ету­ді рас­та­удың қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету кар­точ­ка­ла­ры­ның нө­мі­рі
Ке­ден­дік баж­дар­дың, са­лық­тар­дың тө­ле­ну­ін қам­та­ма­сыз ету­ді рас­та­уды ре­сім­де­ген ке­ден ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның Т.А.Ә.
7
8
9
10

Қолданыстағы