Қолданыстағы ред. 27.10.2010

Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы от 27.10.2010 г. № 35/4 (Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы)

0

Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қосымшада тіркелген сызбаларға сәйкес:
Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) – 340,0 гектарға;
Белкөл кентінің шекарасы (шегі) – 312,0 гектарға;
Маханбетов ауылының шекарасы (шегі) – 365,0 гектарға;
Досан ауылының шекарасы (шегі) – 350,0 гектарға өзгертілсін.

2

2. Бірлескен "Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/8 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 187 қаулысы жойылды деп танылсын.

3

3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.