Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшада тіркелген сызбаларға сәйкес: Тасбөгет кентінің шекарасы (шегі) – 340,0 гектарға; Белкөл кентінің шекарасы (шегі) – 312,0 гектарға; Маханбетов ауылының шекарасы (шегі) – 365,0 гектарға; Досан ауылының шекарасы (шегі) – 350,0 гектарға өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Бірлескен "Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Маханбетов, Досан ауылдарының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 34/8 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 187 қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.