Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
ҚАЗҚала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
- Атауы (қаз.)
- Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35/3
- Қабылданған күні
- 27.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2014 · қолданыстағы 55651_213865.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LA000155
- ЭКБ идентификаторы
- 55651
- Редакция идентификаторы
- 55651_213865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:04
0 Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/3, 2010 жылғы 26 қазандағы N 8/1 ұйғарымдарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылорда қаласындағы К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан 1-ші көше "Сауранбай болыс" атауымен, ал осы көшеге (Сауранбай болыс) сол жағынан перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 1-ші тұйық "Сауранбай болыс тұйығы" атауымен аталсын.
2 2. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан 2-ші көше Ақаев Абдулла есімімен аталсын.
3 3. Қызылорда қаласындағы М. Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 5-ші көше Шамахан Құндызбаев есімімен, ал осы көшеге (Шамахан Құндызбаев) перпендикуляр, М.Көкенов көшесіне параллель орналасқан тұйық "Шамахан Құндызбаев тұйығы" болып аталсын.
4 4. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 7-ші көше Бақытбек Ермақашев есімімен аталсын.
5 5. Қызылорда қаласындағы Қ. Яссауи көшесіне перпендикуляр, Төле би көшесіне оң жағынан параллель орналасқан Қ. Яссауи тұйығы аталып кеткен 2-ші көше Жанайбек Сақтағанов есімімен аталсын.
6 6. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы (бұрынғы Чиже Сан Тин көшесі) көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 1-ші көше Уатай Байменов есімімен аталсын.
7 7. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 308 квартал" аталып кеткен көше Нұрғали Сатығұлов есімімен аталсын.
8 8. Қызылорда қаласындағы КБИ мөлтек ауданындағы П. Артемов көшесінің сол жағындағы перпендикуляр орналасқан "N 309 квартал" аталып кеткен көше Жаңалық Әбдірахманов есімімен аталсын.
9
9. Қызылорда қаласындағы Сералы Лапин көшесі мен Бауыржан Момышұлы көшесінің ортасында перпендикуляр орналасқан N 253 орта мектептің тұсындағы атауы жоқ сол жағынан 2-ші көше "Сайыпназар ахун" есімімен, ал осы көшеге (Сайыпназар ахун) перпендикуляр, Бауыржан Момышұлы көшесіне параллель орналасқан тұйық "Сайыпназар ахун тұйығы" атауымен аталсын.
10 10. Қызылорда қаласындағы Титов тұрғын ауданындағы темір жол мен Ә.Қашаубаев көшесінің ортасындағы параллель орналасқан көше "Желкілдек батыр" атауымен аталсын.
11 11. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 6-шы көше Әжіақбар Оңжігітов есімімен аталсын.
12 12. Қызылорда қаласындағы М.Көкенов көшесіне перпендикуляр орналасқан, К.Рүстембеков көшесінің оң жағындағы параллель 3-ші көше Төребек Османов есімімен аталсын.
13
13. Қалада қаласының "Рисмаш" шағын ауданындағы Қ.Маханбетов көшесі аяқталған жерден, яғни "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұсындағы темір жол мен "Ягодка" саяжайына баратын көше аралығындағы "Қызылорда жылу электр орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының алдынан өтетін, бұрын Қаратоғай көшесі аталып кеткен көше Марал Ишан есімімен аталсын.