Құжат мәтініне өту

Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы

Ереже · № 239 · қабылданған 12.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55657/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы Күшін жойған Ереже ·№ 239 ·12.10.2010
15.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Ереже ·№ 239 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
12.10.2010
Көрсетілген редакция
15.06.2012 · қолданыстағы 55657_171358.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10TC000148
ЭКБ идентификаторы
55657
Редакция идентификаторы
55657_171358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:11

0 Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына,311-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 5-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сай және аудандық әкімдіктің 2010 жылғы 6 қазандағы № 338 "Ауданда үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және иттер мен мысықтарды серуендету жөніндегі ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3 Аудандық мәслихаттың

2010 жылғы 13 қазандағы № 239
шешімімен бекітілді
Махамбет ауданында үй жануарларын ұстау және
иттер мен мысықтарды серуендету ережесі

1 1. Жалпы ережесі

1

1. Ереже Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдары талаптарына сәйкес аудан, село көшелеріндегі санитарлық тазалықты үнемі қалыпты жағдайда ұстау мақсатында қабылданды.
Осы ереже Махамбет ауданында және селолық, округтердегі барлық үй жануарлары иелеріне, ведомствалық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты.

3 3. Үй жануарлары сатып алынғаннан кейін 2 апта ішінде тіркелуі, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеліп, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егуден өткізіліп, алдын алу шаралары мен диагностикалық зерттеу жүргізілуі қажет.

4 4. Тіркеу куәлігі болмаса үй жануарлары көрмеге және асыл тұқымдық байқауларға қатыстырылмайды.

5 5. Үй жануарларын шеттен әкелуге және әкетуге белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлігі рәсімделген жағдайда рұқсат етіледі.

6 6. Үй жануарлары жұқпалы ауруға ұшыраса немесе оны ұстау жағдайы айналадағы адамдарға қауіпті болса, мемлекеттік ветеринариялық қызметтің шешімімен үй жануары иесінен алынып, оқшау ұсталынады.

7 7. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер – мысықтар және басқа да үй жануарлары дүкендердің, емханалардың, өзге де мекемелердің жанына қоғамдық орындарда уақытша байлап қалдырылғандардан басқасы, иесіз деп саналып, арнайы қызметпен ұстауға және жойылуға жатады.

8 8. Жергілікті әкімдік ауыл шаруашылығы малдарының жайылымдығын айқындайды, бақташы ұйымдастырады, елді мекеннен айдап шығарылатын жолдарда және рұқсат етілмеген жерлерде жүрген иесіз малдарды оқ аулайтын орындарды белгілейді.

9 9. Үй жануарларының иелеріне:

1 1) үй жануарларын олардың биологиялық ерекшеліктеріне орай қайырымдылықпен ұстауға, қараусыз қалдырмауға, ауырған жағдайда уақытылы ветеринарлық көмек шақыртуға;

2 2) мемлекеттік ветеринарлық мекеме қызметкерлерінің талабы бойынша үй жануарларын байқау, диагностикалық зерттеу және емдеу-профилактикалық шаралар жүргізу үшін тиісті орынға апаруға;

3 3) үй жануарларынан айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануға, аулада иттерді байлап ұстауға және арнайы бөлінген жерге орналастыруға, ескертпе белгілерін орнатуға, серуендету кезінде қарғы бау тағып, тұмсық қабын кигізіп жетелеп жүруге;

4 4) үй жануарларын бағып ұстауға мүмкіндігі болмаса, оны басқа адамға беруге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыруға;

5 5) сатып алғаны немесе ұрланғаны, жоғалғаны жөнінде тұрған жердегі әкімшілікке, оның ветеринарлық қызмет орындарына хабарлауға;

6 6) адамдарды, малдарды қауып алған жағдайда, иттің иелері бұл жөнінде таяудағы медициналық және ветеринарлық мекемеге хабарлап, иттерді мемлекеттік ветеринарлық қызметке қаратуға, карантин қою үшін апару керек екендігі назарға ұсынылады.

10 10. Өлген үй жануарлырының мүрдесін шығару, көму және жою үшін иелері түрлі қатты қалдықтарды таситын автокөлікпен иесінің есебінен арнайы бөлінген орынға апарып көмуге тиіс. Өлексені кез келген жерге тастай салуға немесе өз бетімен көмуге болмайды.

11 11. Үй алдында иті бар екені туралы ескерту жазуы болу керек.

12 12. Кез келген үй жануары иесінің меншігі болып табылады және басқа меншіктер сияқты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қорғалады.

2 2. Ит пен мысықты ұстау

13 13. Азаматтар ит пен мысықты асырап ұстауда:

1 1) үй жануарларын тұрғын үйлерде, оның ішінде туыстық байланыстағы емес жанұялар бірге пәтерлерде тұрған жағдайда, олардың келісімімен, көршілерінде ұстауға болатындығы жөнінде медициналық растамасы болуы;

2 2) жолаушылар көлігінде иттер мен мысықтар жолаушылардың мазасын аламайтын жағдайда байлаулы, тұмсық қап кигізіліп, жетектеуішпен тасымалдануы;

3 3) жетектегішсіз және тұмсық қапсыз итті қоғамдық орындарға серуенге шығармауы;

4 4) үй жануарларын мас күйіндегі адамдарға және 16 жасқа дейінгі балаларға серуендетуге бермеуі;

5 5) ит пен мысықтарды көпшілік жүретін және пайдаланылатын жерлерде яғни, пәтерлердің кіре берістерінде, басқыш алаңында, балалардың ойын және спорт алаңдарында, газондарда, жағажайларда серуендетпеуі және жаяу жүргіншілер жолдарын ластамауы;

6 6) көшелер мен саябақтарды жануарлардың қи қалдықтарымен ластамау шарасын алу қажет.

3 3. Үй жануарлары мен құстарды ұстау

14 14. Азаматтар үй жануарлары мен құстарды асырап, ұстауда:

1 1) үй жануарлары мен құстарды жеке меншікті арнайы жабдықталған жабық орынжайда, аумағы қоршалған ауданның санитарлық аймағына жатпайтын жерлерде, объектілерден тиісті нормативтік қашықтықта арнайы жабдықталған орындарда ұстауы;

2 2) үй жануарлары мен құстарды жеке меншікті үй жайлардан тыс жерде (қосалқы шаруашылық, тағы басқа), сондай-ақ экзотикалық үй жануарлары мен құстарды тек жергілікті, ауданның мемлекеттік ветеринарлық қызметінің рұқсатымен ұстауы;

3 3) үй жануарлары мен құстарға қатысты зоотехникалық және ветеринарлық санитарлық талаптарды орындауы;

4 4) үй жануарларын көпшілік пайдаланатын орындарда, малды айдап шығаратын жолдар мен алаңдардан басқа жерлерге жібермеуі;

5 5) аудан және село маңындағы ашық аумақтарды мал қиымен, түрлі қалдықтармен ластамауы ұсынылады.

15

15. Егерде үй жануарлары иелері тарапынан осы ереженің 13 және 14 тармақтарында көрсетілген талаптар бұзылған, сонымен қатар, ауданның қоғамдық демалыс орындары мен ашық алаңдарында иесіз жайылып жүрген үй жануарлары анықталған жағдайда аудандық әкімдіктің уәкілетті органы (аудандық әкімдікпен айқындалатын) оларды белгіленген уақытша ұстау орнында ұстайды.

16 16. Осы ережені бұзғаны үшін азаматтарға (үй жануарларының иелеріне) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және басқа да заң актілеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық қарастырылғаны ескертіледі.

Қолданыстағы