Құжат мәтініне өту

Об утверждении условий переработки товаров

Қаулы · № 1261 · қабылданған 28.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55691/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении условий переработки товаров Күшін жойған Қаулы ·№ 1261 ·28.11.2010
20.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении условий переработки товаров

Күшін жойған Қаулы ·№ 1261 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении условий переработки товаров
Атауы (қаз.)
Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1261
Қабылданған күні
28.11.2010
Көрсетілген редакция
20.04.2018 55691_316665.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001261
ЭКБ идентификаторы
55691
Редакция идентификаторы
55691_316665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:52

0 Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ.

1 1. Қоса беріліп отырған тауарларды қайта өңдеу шарттары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Тауарларды қайта өңдеу шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды қайта өңдеу шарттары
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу тауарларды қайта өңдеудің мынадай шарттарына сәйкес болуы тиіс:
Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушілері меншікті немесе өздерінің жалға алған өндірістік үй-жайларында және қуаттарында жүзеге асырады;
тауарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттардың бар болуы (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме) және оларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тауардың немесе өнімнің орналасқан орны бойынша салық органына ұсыну;
тауарды қайта өңдеу жөніндегі операциялар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің екі түрінің біреуі бойынша жүзеге асырылады:

1 1) өнімді (тауарды) алу үшін шикізатты және (немесе) материалдарды өндірісте пайдалану кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде пайдаланылған шикізаттың және (немесе) материалдың кодынан ерекшеленеді;

2

2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу немесе өңдеу кезінде алыс-беріс шикізаты қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар), қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі, тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтімдерді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-тую), алынған өнімге оны бастапқы құрамдас бөліктерінен Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде ерекшеленетін сипаттама берместен, тауарларды, құрамдауыштарды араластыру, төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және жемдеу, сондай-ақ шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіру, ағаштар мен өсімдіктерді өсіру, ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштардың кез келген түрлеріне көшіру мен көбейту, шетелдік тауарларды технологиялық үдерісте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жүзеге асырылмайды деген шартпен Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша осы алыс-беріс шикізатының коды бойынша өнімдерді қайта өңдеу сипаттамасын сақтай отырып, дербес сипатын жоғалтады.

Қолданыстағы