Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
ҚАЗАуданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37-281-IV
- Қабылданған күні
- 28.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2012 · қолданыстағы AI55698_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10UO000105
- ЭКБ идентификаторы
- 55698
- Редакция идентификаторы
- AI55698_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:04
0 Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-тармағы 15-тармақшасына, Шардара ауданы әкімдігінің "Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 шілдедегі № 473 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Шардара ауданы көлеміндегі елді мекендердің түзету коэффициенттері және аймақтардың шекаралары төмендегідей аймақтарға бөлінеді:
1 1) Шардара қаласы бойынша:
1-ші аймаққа - орталық базар аумағы. Төле би көшесінің сол жаққа бұрылысындағы аялдамаға, Н.Төреқұлов көшесінің орталық базарға кіре берісіндегі қақпаға дейінгі, саз мектебі мен шекаралас аумақтары қоса енгізіле отырып, түзету коэффициенті – 1,0 болып;
2-ші аймаққа - кіші автобекет аумағы. Төле би көшесінің Шардара су бөгетіне дейінгі, көшенің екі жақ беті, осы аумақ кіші автобекет аумағына барып тірелгенге дейінгі, аймақтың түзету коэффициенті – 0,75 болып;
3-ші аймаққа - қала аумағындағы қалған аймақтар енгізіліп, түзету коэффициенті – 0,5 болып бекітілсін.
2 2. Аудан көлеміндегі ауылдық округтері елді-мекендерінің түзету коэффициенті – 0,6 болып бекітілсін.
3
3. «Шардара ауданының елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 5-26-ІІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1265 тіркелген, 2004 жылғы 2 шілдеде аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.