Құжат мәтініне өту

Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Өзге акт · № 37-281-IV · қабылданған 28.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55698/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 37-281-IV ·28.10.2010
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37-281-IV · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37-281-IV
Қабылданған күні
28.10.2010
Көрсетілген редакция
24.02.2012 · қолданыстағы AI55698_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10UO000105
ЭКБ идентификаторы
55698
Редакция идентификаторы
AI55698_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:04

0 Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1-тармағы 15-тармақшасына, Шардара ауданы әкімдігінің "Ауданның елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" 2010 жылғы 26 шілдедегі № 473 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Шардара ауданы көлеміндегі елді мекендердің түзету коэффициенттері және аймақтардың шекаралары төмендегідей аймақтарға бөлінеді:

1 1) Шардара қаласы бойынша:

1-ші аймаққа - орталық базар аумағы. Төле би көшесінің сол жаққа бұрылысындағы аялдамаға, Н.Төреқұлов көшесінің орталық базарға кіре берісіндегі қақпаға дейінгі, саз мектебі мен шекаралас аумақтары қоса енгізіле отырып, түзету коэффициенті – 1,0 болып;
2-ші аймаққа - кіші автобекет аумағы. Төле би көшесінің Шардара су бөгетіне дейінгі, көшенің екі жақ беті, осы аумақ кіші автобекет аумағына барып тірелгенге дейінгі, аймақтың түзету коэффициенті – 0,75 болып;
3-ші аймаққа - қала аумағындағы қалған аймақтар енгізіліп, түзету коэффициенті – 0,5 болып бекітілсін.

2 2. Аудан көлеміндегі ауылдық округтері елді-мекендерінің түзету коэффициенті – 0,6 болып бекітілсін.

3

3. «Шардара ауданының елді мекендеріндегі аймақтардың шекаралары мен түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 5-26-ІІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1265 тіркелген, 2004 жылғы 2 шілдеде аудандық «Өскен өңір» газетінде жарияланған) күші жойылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы