Қолданыстағы ред. 28.10.2010

Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы от 28.10.2010 г. № 37-283-IV (Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы)

0

Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Шардара ауданының Шардара қаласындағы атауы жоқ шағын аудандарға Өтеғұл, Мелдеби, Ақбала, Абай атауымен және Мешіт шағын ауданы Қанай Датқа атымен аталсын.

2

2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.