Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы шағын аудандарға ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданының Шардара қаласындағы атауы жоқ шағын аудандарға Өтеғұл, Мелдеби, Ақбала, Абай атауымен және Мешіт шағын ауданы Қанай Датқа атымен аталсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.