Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
- Атауы (қаз.)
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- ВС-28-4
- Қабылданған күні
- 18.10.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2012 55708_199406.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10BM000121
- ЭКБ идентификаторы
- 55708
- Редакция идентификаторы
- 55708_199406
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 07:10
0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1
1) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай жеті айлық есептік көрсеткіш көлемінде және жазылу сәтіндегі жазылу бағасы көлемінде облыстық мерзімді басылымға жеңілдікпен жазылуды ресімдеу;
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы ауруға шалдығудан мүгедек деп танылып қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде және коммуналдық қызмет шығынына бір жарым айлық есептік көрсеткіштің көлемінде;
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде), 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, сонымен қатар Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 1941 жылдың 22 маусымынан алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткендерге) адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жылдығына орай үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде және жазылу сәтіндегі жазылу бағасы көлемінде аудандық мерзімді басылымға жеңілдікпен жазылуды ресімдеуге;
ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде Халықаралық қарт адамдар Күніне орай өндірістен қол үзген зейнеткерлерге бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
2 2) мүгедектерге:
емделуге бару жолының, сонымен жүріп-тұру қиындығы кезінде ілесіп жүрушілерге төлеу Ақмола облысының шеңберінде екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, Ақмола облысынан тыс жерлерге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
дәрі-дәрмекті сатып алуға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
алдын-ала емдеуге біржолғы елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
«Жақсы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімдердің негізінде «Надежда» аудандық спартакиадасына қатысушыларға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде 1,2 топ мүгедектеріне мүгедектер Күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға Халықаралық балаларды қорғау Күніне орай бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
3 3) белгілі бір жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін құжаттарды ресімдеуге он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше апатқа байланысты жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы негізінде онкологиялық аурумен ауыратындарға оталық емдеуден кейінгі кезеңге біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
үйсіздерге (белгілі тұратын жері жоқ тұлғаларға) біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
бас бостандығынан айыру орнынан босағандарға біржолғы он айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
4 4) ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға (азаматтарға) негізгі тағам өнімдерінің, қуат жеткізгіштердің қымбаттауына байланысты отбасының әр мүшесіне ай сайын жарты айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
5 5) ауыл және ауылдық округтары әкімдерімен ұсынылған тізімдердің негізінде жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен көп балалы отбасыларға негізгі тағам өнімдерінің, қуат жеткізгіштердің қымбаттауына байланысты екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
6 6) туберкулезбен ауыратындарға:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Жақсы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынымен ұсынылған тізімдердің негізінде фтизиатр-дәрігерде есепте тұрғандарға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
туберкулездік диспансерде емделуде жатқандарға біржолғы он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
7 7) колледждердегі оқудың күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық елді мекендердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге оқытуды төлеу үшін оқыту бағасының көлемінде.
1-1 1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2010 жылдың 7 сәуірдегі № ВС-25-4 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің (2010 жылғы 14 мамырдағы Жақсы ауданының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-13-109 тіркелген, 2010 жылдың 28 мамырында аудандық «Жақсы жаршысы» № 23 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі И.Қабдуғалиев
«Жақсы ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Сейдахметова
12 Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Жақсы аудандық мәслихатының
2010 жылғы 18 қазандағы
№ ВС-28-4 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі