Қолданыстағы ред. 25.11.2010

Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы от 12.10.2010 г. № 307 (Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы)

0

Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, 2010 жылғы 4 мамырдағы аудандық ономастикалық комиссияның № 4 «Көше атауы туралы» шешіміне сәйкес Жылыой аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Жылыой ауданы Құлсары қаласы бойынша атаусыз жаңа көшеге Оспанов Құлқайырдың есімі берілсін.

2

2. Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.

3

3. Мыналардың:

1

1) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 162 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 20-11 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімнің;

2

2) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 201 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қазандағы № 22-4 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімін жойылды деп танылсын.

4

4. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.