Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданы Құлсары қаласының жаңа көшесіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, 2010 жылғы 4 мамырдағы аудандық ономастикалық комиссияның № 4 «Көше атауы туралы» шешіміне сәйкес Жылыой аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы Құлсары қаласы бойынша атаусыз жаңа көшеге Оспанов Құлқайырдың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 162 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 20-11 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімнің;
Тармақша 2
2) Жылыой аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 201 және Жылыой аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қазандағы № 22-4 «Жылыой ауданы Құлсары қаласының бір көшесіне атау беру туралы» біріккен қаулы мен шешімін жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.