Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Бұйрық · № 116 · қабылданған 21.10.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55753/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета" Күшін жойған Бұйрық ·№ 116 ·21.10.2010
25.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 116 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача заключения о наличии культурной ценности у вывозимого и ввозимого предмета"
Атауы (қаз.)
"Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
116
Қабылданған күні
21.10.2010
Көрсетілген редакция
25.06.2012 AI55753_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006643
ЭКБ идентификаторы
55753
Редакция идентификаторы
AI55753_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:08

0 "Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:

1 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрі міндетін
атқарушының
2010 жылғы 21 қазандағы
№ 116 бұйрығымен бекітілген
«Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мәдени құндылық - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заты, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;

2 2) тұтынушы - жеке немесе заңды тұлға;

3 3) басқарма - облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мәдениет басқармасы;

4 4) орындаушы - міндетіне сараптама өткізу мен әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы Қорытынды беру жататын басқарманың лауазымды тұлғасы;

5 5) регламент - «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі тәртіпті реттеуші нормативтік құқықтық акт;

6

6) қорытынды - «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген, әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы сараптама нәтижелері берілген құжат;

7 7) сараптама комиссиясы - әкетілетін және әкелінетін мәдени құндылықтар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен құрылатын комиссия.

2 2. Жалпы ережелер

2

2. Осы «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысына сәйкес әзірленді.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынушы басқармалардың атаулары осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

6

6. «Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 447 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес қағаз жеткізгіште басқарманың қорытынды беруі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар

7 7. Мемлекеттік қызмет осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген басқарманың жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.

8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы және оны көрсету барысы туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген электрондық Үкімет порталында: www.e.gov.кz, басқармалардың интернет-қорларында орналастырылады.

9 9. Осы регламентте көзделген құжаттар пакетін тұтынушының толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе бас тарту үшін негіз болып табылады.

10 10. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1-кезең - басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінде (бұдан әрі - ҚҚҚ) тұтынушының қажетті құжаттары қоса берілген өтініші мен заттарын тіркеу;
2-кезең - басқарма басшысының сараптаманы өткізетін орындаушыны, орынды және уақытты белгілеуі;
3-кезең - орындаушының сараптама комиссиясына сараптама үшін құжаттар мен заттарды жіберуді жүзеге асыруы;
4-кезең - сараптама комиссиясының уақытша әкетілген мәдени құндылықтың мәдени құндылығы немесе түпнұсқалығына оның сәйкестігін айқындау мақсатында сараптаманы жүзеге асыруы;
5-кезең - орындаушының қорытындыларды басқарманың мөрімен бекіту бойынша ұйымдастыру іс-шараларын, сондай-ақ қорытындының бір данасы мен заттарды тұтынушыға беруді жүзеге асыруы.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды басқарманың жұмыс кестесінің негізінде жұмыс күні ішінде бір адам жүзеге асырады.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

12

12. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін Басқармаға құжаттар мен заттарды ұсынады, оны басқарманың ҚҚҚ қызметкері тұтынушының өтінішінде көрсетілген тізімдеме бойынша қабылдайды. Талаптарға сәйкес келетін құжаттар мен заттар бақылау белгілері көрсетіліп, тіркеу мөртабанында нөмірін, күнін және парақ санын көрсетіп, ҚҚҚ ресімделеді және тіркеледі. Тұтынушы басқарманың ҚҚҚ тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні) қойылған өтініштің көшірмесін алады.

13 13. Тұтынушы басқармаға мынадай құжаттарды:

1 1) «Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 976 қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтінішті;

2 2) жеке тұлға үшін тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесін;

заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3 3) заңды тұлғалар үшін - қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен жағдайлары туралы шартының көшірмесі;

4 4) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрамдас бөліктерінің көлемі 10x15 сантиметр фотосуреті;

5 5) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

6 6) заңды тұлға үшін - мәдени құндылықтардың уақытша әкету кезеңіне белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

7 7) мәдени құндылықтар ретінде қаралып, сараптамаға жататын заттарды ұсынады.

14 14. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

15 15. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар мен заттар басқарма басшысына жіберіледі, кейіннен олар орындаушыға жіберіледі. Оларды алғаннан кейін орындаушы құжаттар мен заттарды сараптама комиссиясына сараптамаға жіберуді жүзеге асырады.

Сараптаманы өткізу орны мен уақыты басқарма басшысымен белгіленеді.
Сараптама комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша екі данада қорытынды ресімделеді, оның әрқайсысына комиссия төрағасы қол қойып, заттармен бірге орындаушыға беріледі.
Орындаушы қорытынды мен заттарды алған соң, қорытындыны басқарманың мөрімен бекітіп, оның бір данасын затпен қоса тұтынушыға береді.
Қорытындының екінші данасы, сондай-ақ қаралған құжаттар пакеті сараптама комиссиясының мерзімсіз сақталуында қалады.
Қорытынды мен заттардың тұтынушыға берілуі берілген қорытындылар журналында тіркеледі.

16

16. Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру үдерісінің сызбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан бұдан бұрын әкетілген мәдени құндылықтарға оларды Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелген кезде қайта сараптама өткізу осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

40 Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелері

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мәдениет басқармаларының мекенжайлары мен кестелері
Р/с №
Ата­уы
Ме­кен-жайы
Те­ле­фон №
Элек­трон­ды поч­та­ның ме­кен-жайы
Жұ­мыс кесте­сі
1
2
3
4
5
6
1.
Аста­на қа­ла­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Аста­на қ., Бей­біт­ші­лік көш., 11, 751-бөл­ме
8 (7172) 55-67-69, 55-67-64
dep_culture@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
2.
Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ал­ма­ты қ., Рес­пуб­ли­ка ала­ңы, 4, 423-бөл­ме
8 (727) 272-58-83, 271-65-63, 272-02-72, 272-10-01
culture_almaty@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
3.
Ал­ма­ты об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Тал­ды­қор­ған қ., Тәу­ел­сіз­дік көш., 38, 3-бөл­ме
8(7282)
27-16-19,
27-14-49, 27-15-97, 24-77-22
kulture-tald@​mail.​online.кz
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сек­бі
4.
Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Көк­ше­тау қ., Сәт­па­ев көш., 1, 102-бөл­ме
8 (7162)
25-76-60, 25-81-73, 25-81-60, 25-81-72
Kultura-kokshetau@​yandex.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
5.
Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ақ­тө­бе қ., Әбіл­хай­ыр хан даңғ., 40, 658-бөл­ме
8 (7132)
59-52-05, 56-03-12, 59-51-52, 56-47-58
Kultura-kokshetau@​yandex.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
6.
Аты­рау об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Аты­рау қ., Азаттық даңғ., 9, 3-бөл­ме
8 (7122)
35-41-89, 35-42-84, 27-11-57, 32-41-37
ouk_atyrau@​rambler.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.30-ден 18.30-ға дей­ін, үзі­ліс са­ғат 12.30-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
7.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Өс­ке­мен қ., Го­лов­ков көш., 29, 302-бөл­ме
8 (7232) 26-28-30, 26-37-12, 26-30-63, 24-92-03
culturevko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
8.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Орал қ., До­стық-Друж­ба даң­ғы­лы, 166/1, 7-бөл­ме
8 (7112)
51-55-54, 50-09-46, 51-25-35, 50-45-89, 51-07-37
kultzko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, үзі­ліс са­ғат 12.30-ден 14.30-ға дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
9.
Жам­был об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Та­раз қ., Сү­лей­ме­нов көш., 17«а», 4-бөл­ме
8 (7262) 43-06-63, 45-79-51, 45-15-49, 43-09-54, 45-13-99
tarazkultura@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 19.00-ға дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
10.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қа­ра­ған­ды қ., Бұxар жы­рау даң­ғы­лы, 32
8 (7212)
41-14-81, 41-14-84, 41-14-68, 42-30-08
kultura@​yandex.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ға дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қы­зы­лор­да қ., Абай даң­ғы­лы, 27, 39-бөл­ме
8 (7242)
23-93-54, 30-32-73, 30-37-75
oblcultkzl@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
12.
Қо­ста­най об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Қо­ста­най қ., Әл-Фа­ра­би көш., 60
8 (7142)
57-51-90, 57-53-53, 57-53-20, 57-53-21
kultura@​kos​tana​y.​kz
kultura_kostanay@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі жэне жек­сен­бі
13.
Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Ак­тау қ., 23-ша­ғын ауда­ны, 1
8 (7292)
42-66-10, 42-77-62, 42-77-58, 42-77-54
mook_od@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, үзі­ліс са­ғат 12.30-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
14.
Пав­ло­дар об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Пав­ло­дар қ., Ака­де­мик Мар­ғұ­лан көш., 115, 2-бөл­ме
8 (7182)
32-03-29, 32-22-37, 32-37-77
Dep_culture@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.30-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі
15.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Пет­ро­павл қ., Кә­рім Сутю­шев көш., 7
8 (7152)
46-43-92 49-26-79 49-27-55
kultsko@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі жұне жек­сен­бі
16.
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның мә­де­ни­ет бас­қар­ма­сы
Шым­кент қ., Тәу­ке хан даңғ., 2-а 2-бөл­ме
8 (7252) 53-93-49, 53-91-81, 53-94-62, 55-10-88
оkо_mаdeniet@​mail.​ru
Жұ­мыс күн­де­рі: са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін, үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін. Де­ма­лыс күн­де­рі: сен­бі және жек­сен­бі

41 Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

«Әкетілетін және әкелінетін
заттың мәдени құндылығының болуы
туралы қорытынды беру» мемлекеттік
қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша
Әкетілетін және әкелінетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

Қолданыстағы