Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан

Бұйрық · № 470 · қабылданған 22.10.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55754/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 470 ·22.10.2010
01.08.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 470 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
470
Қабылданған күні
22.10.2010
Көрсетілген редакция
01.08.2019 55754_414831.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1000006644
ЭКБ идентификаторы
55754
Редакция идентификаторы
55754_414831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:06

0 Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 22 қазанда
N 470 бұйрығыме бекітілген
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасы

1

1. Осы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидалары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабарлаудың тәртібін (бұдан әрі – Хабарлама) регламенттейді.

2 2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама жолдайды.

3 3. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы әрбір орындаған тұрақты емес халықаралық ұшуға бөлек Хабарландыруды рәсімдейді.

4 4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға келесі есептік кезеңдегі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын Хабарламаны ілеспе хат арқылы жолдайды.

5 5. Хабарландырудың нысанындағы 6-тармақта ұшу мақсатын анықтау кезінде пайдаланушы мыналарды:

1

1) жолаушылар рейсін орындау кезінде - жолаушылар санатын (ресми делегация; туристердің ұйымдастырылған тобы; жеке мақсаттағы чартерлік рейс немесе қызметтік іссапар; мамандандырылмаған жолаушылар тобын тасымалдау), сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын);

2 2) жүк рейсін орындау кезінде - жүктің, жүк жөнелтушінің, жүк алушының сипатын, сондай-ақ әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасының бар болуын (жоқтығын);

3 3) жолаушыларсыз және жүксіз рейсті орындау кезінде - техникалық ұшуды көрсетеді.

Әуе кемесінің бортында әскери қару-жарақтың және шетел мемлекетінің әскери техникасы бар болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген күн көрсетіледі.

0 Хабарландыру

Қазақстан Республикасы әуе
кеңістігінің шегінен тыс
жерде Қазақстан Республикасы
азаматтық әуе кемесін
пайдаланушының тұрақты
емес халықаралық ұшуды орындау
жөнінде хабарлау қағидаларына
қосымша
Нысан
Хабарландыру
1. Пайдаланушының атауы _________________________________________
2. Рейс нөмірі (егер ұшу әуе кемесінің тіркелген нөмірі бойынша орындалса - әуе кемесінің тіркеу нөмірін көрсету) ____________________________________________
3. Әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі _________________________________
_________________________________________________________________
4. Көрсетілген нөмір рейсіндегі ұшудың толық авиабағытын (әуе кемесінің тіркелген нөмірі)___________________________________________________________
5. Ұшу және қону күні______________________________________________
6. Ұшу мақсаты____________________________________________________

Қолданыстағы