Об утверждении Правил выдачи лицензий на осуществление деятельности, связанной с использованием космического пространства юридическими и физическими лицами
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выдачи лицензий на осуществление деятельности, связанной с использованием космического пространства юридическими и физическими лицами
- Атауы (қаз.)
- Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 431
- Қабылданған күні
- 21.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2007 AI5576_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000431_
- ЭКБ идентификаторы
- 5576
- Редакция идентификаторы
- AI5576_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:35
0 Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2007 N 1395 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 заң күші бар Жарлығына сәйкес және ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны қорғауды, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 21 наурыздағы
N 431 қаулысымен
бекітілген
Заңды және жеке тұлғаларға ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия берудің ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызмет ретінде Қазақстан Республикасында ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар берудің және оның есебін жүргізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті лицензиялаудың мақсаты:
1 1) ғарыштық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2 2) ғарыштық қызмет саласында қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.
3 3. Заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет ретінде ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруы міндетті лицензиялауға жатады.
4 4. Ғарыштық кеңістікті тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелерді бұзу арқылы пайдалануға байланысты қызметпен айналысу заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеліп соқтырады.
Лицензиялық тәртіп орнатылған қызметті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кіріс белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке алынуға жатады.
5
5. Зымырандық-ғарыштық техниканы жасауды, шығаруды, пайдалануды, жөндеуді және жетілдіруді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жердің бетіндегі инфрақұрылымдарды (полигон, командалық-өлшеу кешені, стенділік база және т.б.) пайдалануды қоса алғанда, ғарыштық кеңістікті пайдалану жөніндегі барлық қызмет ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызмет болып табылады.
6 6. Лицензиялардың түрлері.
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша ажыратылады:
1 1) Субъектілер бойынша:
ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берілетіндер;
ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметтті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетіндер.
2 2) Қызметтің көлемі бойынша:
бас-мерзімі шектелместен ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған.
3 3) Қолданылуының аумақтық аясы бойынша:
қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын;
қолданылуы Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағымен шектелетін.
7 7. Лицензиялауды жүзеге асыратын орган:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметке лицензия беру жөніндегі лицензиар болып табылады.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2004 N 1111; 29.05.2007 N 438 қаулыларымен.
2 2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
8 8. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер заңды немесе жеке тұлға (лицензиат) осы Ережеде айқындалған біліктік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
9 9. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға үміткер заңды тұлға, лицензиарға мынадай құжаттарды:
1 1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2 2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін;
3 3) лицензиялық алым төленгені туралы түбіршекті;
4 4) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысын ұсынуға міндетті.
10 10. Ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер жеке тұлға лицензиарға мынадай құжаттарды:
1 1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2 2) лицензиялық алым төленгені туралы түбіршекті;
3 3) санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының қорытындысын ұсынуға міндетті.
11 11. Заңды тұлға құрмастан ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер жеке тұлға, лицензияны, заңды тұлға үшін белгіленген тәртіппен алады.
12 12. Лицензиар заңдарда белгіленген тәртіппен лицензия алуға ұсынылған материалдарға сараптама жүргізуге ғылыми-зерттеу және оқу орындарының, консалтингтік фирмалардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқықты.
13 13. Лицензия қажетті құжаттар қоса ұсынылған өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он күннен кешіктірілмей беріледі.
14 14. Қызметтің әр түріне қызметтің басқа түрлері үшін пайдаланылмайтын жеке лицензия беріледі.
Егер олар бірыңғай технологиялық кешенді білдіретін болса, қызметтің бірнеше түрін жүргізуге бір лицензия беруге рұқсат етіледі.
15 15. Заңды және жеке тұлғалардың ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
16 16. Лицензия беруден бас тарту.
Егер:
1 1) субъектілердің осы санаты үшін ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
2 2) осы Ереженің 9 және 10-тармақтарына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса;
3 3) ғарыштық кеңістікті пайдалануға байланысты қызметпен айналысу құқығы үшін алым енгізілмесе;
4 4) өтініш беруші осы Ережемен белгіленген біліктілік талаптарына сай келмесе;
5 5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі болса, заңды және жеке тұлғаларға лицензия берілмейді.
Өтініш беруші, лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді жойған жағдайда, өтініш жалпы негіздерде қаралады.
Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге, лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.