Құжат мәтініне өту

О возмещении причиненного материального ущерба, связанного с использованием в зоне проведения антитеррористической операции транспортных средств, принадлежащих организациям или физическим лицам

Қаулы · № 1293 · қабылданған 30.11.2010
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-55772/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О возмещении причиненного материального ущерба, связанного с использованием в зоне проведения антитеррористической операции транспортных средств, принадлежащих организациям или физическим лицам Қолданыста Қаулы ·№ 1293 ·30.11.2010
19.10.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении причиненного материального ущерба, связанного с использованием в зоне проведения антитеррористической операции транспортных средств, принадлежащих организациям или физическим лицам

Қолданыста Қаулы ·№ 1293 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении причиненного материального ущерба, связанного с использованием в зоне проведения антитеррористической операции транспортных средств, принадлежащих организациям или физическим лицам
Атауы (қаз.)
Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1293
Қабылданған күні
30.11.2010
Көрсетілген редакция
19.10.2023 55772_743292.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001293
ЭКБ идентификаторы
55772
Редакция идентификаторы
55772_743292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:50

0 Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасы бекітілсін.

2

2. Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетте терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға көзделетін қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу ҚАҒИДАСЫ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1293 қаулысымен
бекітілген
Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу
ҚАҒИДАСЫ

1

1. Осы Қағида егер кешіктіру адамдардың өміріне немесе денсаулығына шынайы қауіп төндірсе, жедел медициналық көмекті қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін сондай-ақ терроризм актісін жасаған сезікті адамдарды қудалау мен ұстау үшін терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктерінің және халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) немесе жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көлік құралдарының иелері) тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу (бұдан әрі - зиянды өтеу) тәртібін анықтайды.

2

2. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар кезінде келтірілген зиянды өтеу үшін көлік құралының иесі терроризмге қарсы операция аяқталған күнінен бастап үш күн мерзімде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның аумақтық органына (тұрғылықты жері бойынша не көлік құралын пайдалану орны бойынша) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған материалдық зиянды өтеу туралы өтініш береді.

3 3. Зиянды өтеу туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:

1 1) жеке тұлғалар үшін - көлік құралы иесінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, ал ұйымдар үшін - заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2 2) терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде пайдаланылған көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3

3) республикалық немесе облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысы берген, терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында көлік құралын пайдалану фактісін дәлелдейтін (көлік құралының бүлінген-бүлінбегені, жойылған-жойылмағаны немесе жанар-жағармай материалдарын пайдалану фактісі орын алған-алмағаны көрсетілген) анықтама.

4 4. Өтінішті тіркеу көлік құралының иесіне өтінішті қабылдау туралы растама бере отырып, осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштер мен жүргізілген төлемдерді тіркеу журналына жүзеге асырылады.

5

5. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес көлік құралын қалпына келтіру жөніндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын айқындау немесе көлік құралы қалпына келтірілмейтін болса, көліктің зиян келтірілген күннің алдындағы күнгі нарықтық құнын айқындау үшін көлік құралының иесі таңдаған бағалаушыны тарту арқылы көлік құралына келтірілген залал мөлшерін айқындау рәсімін ұйымдастырады.
Бұл ретте бағалауды жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар уәкілетті органға немесе оның аумақтық органдарына жүктеледі.

6 6. Егер өтініш беруші жұмсалған жанар-жағармай материалдарының құнын өтеуді ғана сұраса, онда бағалаушыда көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін бағалау жүргізу талап етілмейді.

7

7. Көлік құралының иесі өзі зиянды өтеуге өтініш берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы көлік құралын терроризмге қарсы операция өткізілгеннен кейінгі күйде сақтайды және уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының лауазымды тұлғаларының зақым келген көлік құралын қарап-тексеру жүргізу мүмкіндігін, сондай-ақ бағалаушының көлік құралын қалпына келтіру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нарықтық құнын немесе көлік құралы қалпына келтірілмейтін болса, көлік құралының нарықтық құнын айқындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

8 8. Көлік құралын қалпына келтіру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын және қалпына келтіруге жатпайтын көлік құралының нарықтық құнын бағалауды ұйымдастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) көлік құралы иесінің бағалаушылар палаталарының интернет-ресурстарында орналастырылған бағалаушылар палаталары мүшелерінің тізілімдеріне сәйкес бағалаушыны таңдауы;

2 2) көлік құралының иесімен және бағалаушымен келісу бойынша бағалау жүргізілетін жерді айқындау;

3 3) зақым келген көлік құралына бағалау жүргізу;

4 4) көлік құралының иесін бағалау туралы есеппен таныстыру.

9 9. Көлік құралына кетірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу кезінде оны қалпына келтіру құны көлік құралының зиян келтірілгенге дейінгі есептелген амортизациясы (тозуы) шегеріле отырып, зиян келтірілген күні қолданыстағы нарықтық бағалар негізге алына отырып есептеледі.

10 10. Көлік құралы жойылған кезде келтірілген зиянның мөлшері зиян келтірілген күнгі оның нарықтық құны негізге алына отырып айқындалады.

Егер көлік құралын қалпына келтіру техникалық жағынан мүмкін болмаса немесе экономикалық жағынан негізсіз болса, ол жойылған болып есептеледі. Егер бұл ретте көлік құралын қалпына келтіруге арналған межелі шығыстар оның зиян келтірілген күнгі нарықтық құнының сексен пайызынан асып кетсе, көлік құралын қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан негізсіз болып есептеледі.

11 11. Егер уәкілетті орган немесе оның аумақтық органы осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген мерзімде бағалаушыда бағалауды ұйымдастырмаса, онда көлік құралының иесі бағалаушы көрсететін қызметтерді өзі пайдалана алады.

Көлік құралы иесінің бағалаушы көрсететін қызметке ақы төлеу жөніндегі құжаттамамен расталған шығыстары өтелетін залал сомасына қосылады.

12 12. Бағалаушы бағалау туралы есеп жасағаннан кейін уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының басшысы осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы бұйрық шығарады.

13 13. Зиянды өтеу бұйрық шығарылған күннен бастап банктік үш күн ішінде көлік құралы иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылады.

14 14. Зиян өтелгеннен кейін Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналында күні, өтелген материалдық зиянның мөлшері мен төлем құжатының нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.

15 15. Төлемді заңсыз алуға бағытталған қасақана жасалған алаяқтық іс-әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғады.

1 Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініш

Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасына
1-қосымша
________________________ бастығы
(уәкілетті органның немесе оның
аумақтық органының атауы,
________________________________
лауазымды адамның арнаулы
(әскери) атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
кімнен __________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.(бар болса),
деректемелері)
тұратын немесе орналасқан жері
________________________________
Тел.: ____________________________
Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы
өтініш
_____________________ терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағында
(уақыты, орны, оқиғаның сипаты)
________________________________________________________________
(үлгісі шыққан жылы, қозғалтқыш нөмірі, шанақ нөмірі, шасси нөмірі, мемлекеттік тіркеу
________________________________________________________________
белгісінің нөмірі, сериясы, көлік құралын тіркеу куәлігі және нөмірі)
көлік құралын пайдалануға байланысты
____________________________________________________ қоса алғанда,
(бұзылған көлік құралын қалпына келтіруге (жөндеуге) кеткен шығыстар)
келтірілген материалдық зиянды, соның ішінде _______________________
(атауы, маркасы)
литр мөлшерде жұмсалған жанар-жағармай май материалдарының құнын өтеуді сұраймын.
Материалдық зиянды мына мекенжай бойынша өтеуді сұраймын
________________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, тұрғылықты жерінің мекенжайы, орналасқан жері)
Банк атауы ______________________________________________________
Банктің БЖК, ЖСК _______________________________________________
Ағымдағы немесе жинақ шоты _____________________________________
__________________________________________________________ атына
Т.А.Ә. (бар болса), деректемелері)
Алушының ЖСН _________________________________________________
Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
5. ______________________________________________________________
______ «____» ___________ Өтініш беруші ______________________
(жылы) (күні) (айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)
________________________________________________________________
(Қию сызығы)
Азамат ___________________________________________________ өтініші
№ ____________ тіркелді Өтініш қабылданған күн __________________
Өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы мен қолы
________________________________________________________________
______ «____» ___________ Өтініш беруші ______________________
(жылы) (күні) (айы) (қолы, Т.А.Ә. (бар болса)

2 Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген төлемдерді тіркеу журналы

Терроризмге қарсы операцияларды өткізу аймағында ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірілген материалдық зиянды өтеу қағидасына
2-қосымша
Келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы өтініштерді және жүргізілген
төлемдерді тіркеу журналы
Р/с №
Өті­ніш бе­ру­ші­нің Т.А.Ә. (бар бол­са) неме­се де­ректе­ме­ле­рі
Түс­кен кү­ні, кі­ріс №
Тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы, ор­на­лас­қан же­рі
Ма­те­ри­ал­дық шы­ғын­ды өтеу се­бе­бі (жер­дің, уа­қыт­тың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы)
Кел­ті­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дық зи­ян мөл­ше­рі
Тө­лен­ген ақ­ша қа­ра­жа­ты бой­ын­ша тө­лем құ­жа­ты­ның № және уа­қы­ты (тір­ке­у­ші­нің қо­лы)
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы