Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөлек селолық округінің Бөлек ауылындағы көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 3 келісімі мен аумақ халқының пікірін ескере отырып Бөлек селолық округ әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек селолық округіндегі  Бөлек ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Тармақша 1
1) "Молодежная" көшесінің атауы "Жастар" деп өзгертілсін;
Тармақша 2
2) "Садовая" көшесінің атауы "Абай" деп өзгертілсін;
Тармақша 3
3) "Мира" көшесінің атауы "Бейбітшілік" деп өзгертілсін;
Тармақша 4
4) "Ленин" көшесінің атауы "Д.А. Қонаев" деп өзгертілсін;
Тармақша 5
5) "Коммунистическая" көшесінің атауы "Астана" деп өзгертілсін;
Тармақша 6
6) "Юбилейная" көшесінің атауы "Достық" деп өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.